Солтүстік және Орталық Африка, Шығыс және Оңтүстік Африка. Африканың аймақтары


Тақырыбы: Оңтүстік Америка материгінің топырағы өсімдігі жануарлар дүниесі және халқы



бет8/13
Дата07.09.2022
өлшемі265 Kb.
#38623
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
материктер мен мұхиттар

Тақырыбы: Оңтүстік Америка материгінің топырағы өсімдігі жануарлар дүниесі және халқы.
1. Өсімдігі және топырағының таралу ерекшеліктері
2 . Жануарлар дүниесінің таралу ерешеліктері.
Оңтүстік Америкаға топырақ-өсімдік жамылғысының зоналық типтерінің барынша әр т.рлі және флорасымен фаунасыныі ондаған мың түрлерінен тұратын ерекше бай болуы тән. Бұл Оңтүстік Америка материгінің солтүстік жарты шардың субэкваторлық беудеуінен оңтүстік жарты шаррдың қоңыржай белдеуі аралығындағы орнына байланысты болып отыр. Оңтүстік Американыі 40о.е. дейінгі көп жерлері Орталық Америкамен және Мексикамен бірге Неотропикалық флоралық патшалық құрайды. Материктің Оңтүстік бөлігі Антарктикалық патшалық шегіне кіреді.
Оңтүстік Америка платформасын Африкамен байланыстырып жатқан құрлық алабында екі материкке ортақ саванна мен тропиктік орман флорасының қалыптасу орталығы жайласқан болуы керек. Олардың құрамындаңы өсімдіктердің кейбір ортақ түрлері мен туыстарының болуы осы жағдайға байланысты. Бірақ, мезозойдың аяғында Африка мен Оңтүстік Американың бөлінуі, материктердің әрқайсысында жеке флора мен фаунаның пайда болуына әкеледі, яғни Палеотпропиктік және неотпропиктік патшалықтардың оқшаулануына әкеліп соқты. Неотропиктер флорасы өте бай және онық эндемизм дәрежесі жоғары., бұл оның мезозойдан бастап үздіксіз дамуына байланысты болып отыр.
Оңтүстік Американың шығыс бөлігінің флорасыны Андының флорасынан анғұрлым ежелгі. Андының флорасы өзінің тау жүйесінің пайда болуына орай, ішінара шығыстың ежелгі тпропиктік флорасының элементтерінен, ал көбіне оңтүстіктен, Антарктика аймағынан және солтүстіктен, Солтүстік Америка аймағынан Кордильерә жағынан келіп кіргке элементтерден қалыптастырады.
Антарктикалық патшалық алабында 40с.е. –тен оңтүстәкке қарай түрге кедей бірақ өте ерекше эндемиктік флора бар. Ол ежелгі Антактида материгінде мұз басқанға дейін пайда болған. Климаттың салқындауына байланысты бұл флора солтүстікке қарай ауысқан.
Оңтүстік Америка матригінің флорасы адамзатқа батыс жарты шарда ғана емес, сонымен бірге одан сырт жерлерде өсетін көптеген аса құнды өсімдіктер береді.
Картопты өсірудің ежелгі орталықтары Перу Андысы мен Боливия Андысында 20с.е., сонымен бірге Чилиде 40с.е. соның ішінде Чилоэ аралында да бар. Анды-томаттың асбұршақтың отаны. Қазіргі кезде мәдени жүгерірінің отаны анықталмаған және жабайы ата тегі белгісіз, бірақ оның Неотппропикалық патшалықтан шыққаны сөзсіз. Оңтүстік Америка сонымен бірге ең құнды акучукиылардың –гевеяның, шоколад пен хина ағашының, маниоктың және көптеген тпропиктік өсімдіктердің отаны болып табылады. Оңтүстік Американың әлі де адам біршама аз өзгерткен аса бай қсімдігі бар орасан зор табиңат байлыұтарының – тамақтық жемдік,техникалық, дәрі –дәрмектік өсімдіктердің сарқөылмас көзі.
Оңтүстік Америкада топырақ пен өсімдік жамылғысының Африкамен бірдей дерлік типтері кездеседі, бәрақ кейбір ерешеліктері кездеседі. Егер Африканың негізгі өсімдік типі саванна болса, Оңтүстік Американың өсімдік жамылғысына түрге байлылығы жөнінен де Жер бетінде теңдесі жоқ ылғалды тпропиктік ормандар тән.
Оңтүстік Американың А.Гумбольдт гилеялар деп атаған, ал Бразилияда сельвас деп аталатын күлгін тертқан латерит топырағында өсетін ылғалды тропиктік ормандары Амазонка ойпатының едәуір бөлігін, Ориноко ойпатының іргелес аудандарын және Бразилия мен Гвиана таулы өыраттарының беткейлерін алып жатыр. Гилеялар жер шарының түр құрамы жөнінен өсімдік жамылңысының жиілігі жөнінен өте бай болып келеді.
Климат өзгерген сайын, яғни құрғақ маусымның келуіне сай тпропиктік ормандар саванналармен құрғақ тпропиктік ормандарға ауысады. Бразилия таулы қыратында саванналармен ылғалды тропиктік ормандардың аралығында пальмадан ғана өсетін ормандар өңірі жатыр. Қызыл латерит топырақта өсетін Брзилияға тән саванналар кампос деген атпен белгілі. Олар шөптесінді, бұршақты және күрделі гүлді туыстарының биік астық тұқымдастарынан тұрады. Ағаш өсімдігі мүлде жоқ.
. Бразилия таулы қыратының құрғақ солтүстік шығысында едәуір жерді каатинга деп аталатын қуаңшылыққа төзімді ағаштар мен бұталардан тұратын сирек ормандар алып жатады. Каатинганың ең тамаша ағашы - өсімдік балауызын беретін балауыз пальмасы-карнауба. Балауызды ағаштан қырып немеме жапырақтарды қайнатып алады. Балауыз шам жасауға немесе еденді жылтыратуға пайдаланады. Каатинганың астында қошқыл қызыл топырақ түзіледі.
Гран-Чако жазығында, әсіресе қуаң аудандарда, қошқыл қоңыр топырақта тікенекті бқта тоғайлары мен сирек ормандар бар. Олардың құрамында әртұрлі тұқымдастарға жататын ақаштардан тұрады. Олардан негізінен тері илеуге қажетті заттар алады. Ормандардың төменгі қабаттарын көбіне ит тұмсығы өтпейтін қалың тоғай құрайтын тікенекті бұталар алып жатыр.
СЖШ-дың саванналары оңтұстік саванналарынан сырт көрінісімен флорасының түр құрамы жөнінен өзгешелік жасайды. Астық тұқымдастар мен қос жарнақтылар арасында пальмалар сорайып шығып түрады.
Үнемі жаңбырсыз болатын Тынық мұхит жағалауының 5 пен 27о.е. аралығында және Атакама ойысында Оңтүстік Америкаға тән сипатты шөл топырағы мени өсімдігі кездеседі. Ешқандай қнім бермейтін тастақты құм массивтері алып жатыр.
Субтпропиктік өсімдіктер Оңтүстік Америкада аз тараған, Бразилия тау қыратының бүкіл жыл бойы жауын-шашын жауатын қиыр оңтүстік шығысын субтропиктік ормандар алып жатыр. Мұнда әртүрлі бұталар, соның ішінде паргвай шайы өседі.
Оңтүстік Америкадағы субтпропиктік ормандардың екінші түрі субтропиктік дала немесе пампа, ол Ла – Плата ойпатының шығыстағы ең ылғалды бөліктерінде 30о.е. тараған. Пампа – жанар таулық жыныстардан құнарлы қызғылт қара топырақта өсетін астық тұқымдас шөп өсімдігі болып табылады. Пампа Бразилия тауқыратының ормандарымен орманды далаға ұқсас қтпелі өсімдік типімен байланысады. Онда шөп қсімдігі барынша күшті оталған., қазңргң кезде түгелдейге дерлік бидай және басқа мәдени өсімдіктердің егістерімен орын ауыстырып отырады. Пампадан батысқа қарай жауын-шашымнның азаюына байланысты орай сұрқошқыл қоңыр топырақта екуіп қалған көлдердің орнында соры бар сұр топырақта құрғақ субтропиктік далалар мен шөлейт өсімдігі көрінеді.
Қиыр оңтүстік шығысқа қарай қоңыржай белдеудің құрғақ далалары мен шөлейттерінің қсімлдігі кездеседі. Сұр қоңыр топырақ басым, тұзды топырақ кең тараған. Өсімдік жамылғысында ьиік астық тұқымдастар және кқбінесе төсеніш формасындағы әр түрлі ксерофиттік бұталар аласа кактустар көбірек өседі.
Оңтүстікке қарай климат салқындаған сайын ормандағы ағаш түрі азая береді. Қылқан жапырақтылар басым болады. Дегенмен мәңгі жасыл шамшаттар мен магнолиялар сақталып қалады. Бұл жердің топырағы – күлгін. 
2. Өсімдік жамылғысы сияқты жануарлар дүниесі де өте бай болып келеді. Материктің фаунасы бор дәуірінің аяғынан бастап,оқшау климаттың аз өзгерісі жағдайында ұалыптасқан. Фаунаның ескілігі және оның құрамындағы эндемик формалардың көп болуы осыған байланысты. Оңтүстік Америка жануарлар дүниесінің көптеген ежелгі өкілдері немесе оларға жақын түрлер басқа материктерде де кездеседі, бұл материк арасында ежелден құрлық байланысы болғандығын көрсетеді. Оған Оңтүстік Америка мен Австралияда сақталып қалған қалталылар мысал бола алады. Оңтүстік Америка фаунасының ерекшелігі – оның құрамында мүктілердің бір отрядқа біріктірілетін үш эндемиктік тұқымдастарынығ болуы.
Эндемик түрлер, туыстар және тіпті тұқымдастар Оңтүстік Америка жыртқыштарының, тұяқтыларының және кемірушілердің арасында көп сездеседі. Оңтүстік Америка жануарлардың Неотпропиктік аймағында жатады және оның екі – Бразилия мен Чили – Патогония кіші аймақтары болады.
Ылғалды тпропиктік ормандар фаунасы барынша ерекше бай. Онда жануарлар қалың шілікте жасырынып жүреді немесе уақытының көпшілігін биік ағаштарда өткізеді.
Оңтүстік Американың тпропиктік ормандарында америкалық барлық маймылдар түрлері өмір сүреді. Олардың екі түрі ерекше дамыған: ойнақшыл тәріздес және цебидтерге бөлінеді. Ойнақшылдардың денесі шағын, олардың расындағы ең кішкенелерінің ұзындығы 15-16см-ге жетеді. Цебидтердің көпшілігінің құйрығы мықты келеді. Онымен ағаш бұтақтарына жабысады.
Тропиктік ормандарда мүктілер отрядынан жалқау маймылдар меекндейді. Олар аз қозғалады уақытының көп мөлшерін ағашта ілініп өткізеді. Жалқау маймылдар ағашта еркін өрмелейді, ал жерге сирек түседі
Ағашта тіршілік етуге кейбір құмырсқа жегіштер де бейімделген. Мысалыға, тамандуа ағашқа еркін өрмелейді. Тропиктік ормандардың жырқыштарына мысық тұқымдастардан оцелоттар, ягуарлар. Ит тұқымдастардан Бразилия, Гвиана; Суринама және Гайана тпропиктәк ормандарында тіршілік ететін, аз зерттелген, орман немесе бұта иті мекендейді.
Оңтүстік Американың азын аулақ тұяқтыларынан ормандарда бірнеше туыстар кездеседі. Олардың ішінен тапир,кішкене шошқа – пекари және Оңтүстік Америкалық жіңішке мүйізді бұғылар.бар.
Кемірушілерден Амазонка ойпатының және Оңтүстік Американың басқа ормандарына тән – ағашқа жақсы өрмелейтін тұтқыр құйрықты ағаш жайрасы – коэнду. Бразилия өсетін агути тропиктік дақылдарға зиян келтіреді. Материктің барлық жерінде дерлік, кемірушілердің ең ірісі кішкене су шошқасы – Капибарда тараған, оның денесінің ұзындығы 120см-ге жетеді.
Оңтүстік Америка және орталық Америкада қалталы егеу құйрық немесе опоссумның бірнеше түрі мекендейді.
Амазонка ормандарында жарқанатылар толып жүреді. Ормандар бауырымен жорғалаушыларға және қосмекенділерге өте бай. Бауырымен жорғалаушылардың ең ірісі су аждаһасы – анаконда, және құрлық аждаһасы - боа-констриктор ерекше көзге түседі. Улы жыландар кесірткелер өте көп, крокодилдер, көлбақа кездеседі.
Ормандарда әр түрлі құстар, ашық түсті тотылар мекен етеді. Тотылардың ішінде ең ірісі – ара өте көп кездеседі. Одан басқа торғай тәріздес тотылар қауырсынды ашық тотылар кең тараған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет