Сонымен,Ақбілек өзінің ауыр тағдырына мойын сұнбай, қиындықпен арпалысып өз тағдырын өз қолымен жақсы жаққа өзгертті



Дата04.10.2024
өлшемі14,1 Kb.
#146771
Байланысты:
Мақала


Мақала
Ақбілек-Жүсіпбек Аймауытовтың қаламынан туған өзгеше дара туынды. Роман ең алғаш рет “Әйел теңдігі” журналында 1927 жылы жарыққа шықты. Жалпы,қазақ әдебиетінде әйел теңсіздігі белең алып тұрған тақырып және мәселе. Дәл осы тақырыпта Ж.Аймауытовтың ауқымды романымен бөліскім келеді.
”Мамырбайдың-Ақбілегі,Ақбілегі-жас түлегі” деген сөз тіркесінен өз бастауын алатын шығарма оқырманды өз оқиғасына баурап алатына сөзсіз сенімдімін. Оқиға желісі ХХ ғасырдың бас кезеңіндегі дүрбелең саясатты,әлеуметтік оқиғаларды,әйел теңсіздігін және қазақтың қанында көреалмаушылықтың сіңіп қалғанын көркем жеткізеді.
Жалпы,бұл шығармада бар назарды аударатын зат ол әйел абыройын қорғау. Ақбілектің абыройы тек қана отбасының алдында емес,бүкіл туыс-туғаны мен ел-жұртының алдында төгілуі. Оның әкесіне көрінуге дәті бармауы. Бұл қазақ қызының ибалы,инабатты тәрбиесі дер едім. Ақбілек Қарамұрттан көрген барлық зорлық-зомбылығынан кейін кірерге тесік таппай неде болса өз аулына қайта оралады. Оның өзі туған ауылына қайтуы да жанталас арпалыспен өтеді. Елге оралған соң Ақбілекке көп көмегімен,қолдауын көрсетті. Ақбілектің жеңгесі-Ұрқия,ағасы Әміренің келіншегі. Алайда,Ақбілектің жеңешесі бала көтере алмай қайғырып жүр еді. Сол уақытта Ақбілек өзінің Қарамұрттан жүкті болып қалғанын біледі. Оның өмірінің одан бетер тас-талқаны шыққандай болады.
Содан Ақбілек өзі сүйіп атастырылып қосылмақ болған ғашығы Бекболатпен кездеседі. Бірақ,Бекболат сүйгенінің жүкті екенін біліп оның бетін қайтарады. Қаншама сынақтардан өтсе де,Ақбілек мойымай сәбиін дүниеге әкеледі. Өзі қаламаған сәби болғаннан кейін балаға деген аналық сезім болмайды,сөйтіп сәбиді жеңгесі Ұрқия бауырына басып алады.
Арада көптеген жылдар өтіп,Ақбілек қалаға ағасы мен жеңгесінің үйіне сауатын ашуға келеді. Ол өзіне қажетті білім нәрімен сусындап қаладан ауылға қайта оралады. Қалада білім алып жүргенде Балташ есімде жігітпен тағдырын тоғыстырады.
Сонымен,Ақбілек өзінің ауыр тағдырына мойын сұнбай, қиындықпен арпалысып өз тағдырын өз қолымен жақсы жаққа өзгертті.
Мен қазақ қыздарының жігерлігіне,олардың ерлерде жоқ қайсарлығына тәнтімін. Мен үшін Ақбілек шығармасы жүректе сызып орын алатындай шығарма болды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет