Соөж оразбай Назгүл ҚТӘ-43 Тақырыбы: Оқыту тәжірибесіне бағдарлама идеялар енгізу (сабақты жоспарлау). Тапсырмалар



бет2/2
Дата27.11.2023
өлшемі20,28 Kb.
#129942
түріСабақ
1   2
Ұзақ мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспарлау мемлекеттік және білім беру саласындағы орталық атқарушы ұйымының талаптарына, ЖОО-ның сыртқы ортасын сараптауға, сапаны басқарудың жалпы бұқаралық ұстанымдарына негізделіп, стратегиялық жоспарлау ерекшеліктері мен университет көрінісін, миссиясын, даму стратегиясын және университеттің даму жоспарын, сапа саласындағы саясатты ескереді.
Ұзақ мерзімді жоспар білім беру деңгейі бойынша барлық сыныптардағы пән тарауларын белгілеп, олардың жалпы ережелерін анықтайды. Ұзақ мерзімді жоспар оқу бағдарламасының элементі ретінде оқу жылына арналған тақырыптар мен бөлімдерді анықтайды. Ұзақ мерзімді жоспар белгілі бір бөлімнің бөлімшенің тақырыптың аясына қажетті оқу мақсатын оқиды.
Ұзақ мерзімді жоспар:

  • Белгілі бір уақыттағы, айталық, бір жыл ішіндегі білім беру бағдарламасының мазмұны мен ауқымы туралы жалпы түсінік береді;

  • Мектептің мақсатын, саясатын және материалдық базасын көрсетеді;

  • Бірнеше жылға арналған кезең ішіндегі жалпы, келісілген бағытты бейнелейді;

  • Білім беру бағдарламасының «жол картасы» болып табылады;

  • Бейімдеуге келеді және жағдайға қажеттілікке қарай дамиды;

  • Білім беру бағдарламасының салалары арасындағы байланысты анықтайды;

  • Кезеңдер мен жылдар арасындағы алға ілгерілеуді көрсетеді;

  • Кері байланыс арқылы бағамдайды;

  • Орта мерзімді жоспарға негіз болады.



1-2-3-СӨЖ Оразбай Назгүл ҚТӘ-43
Жаңаша оқыту керек пе?
Қай заманда болсын, балаға білім беру ісі елеулі орын алып, онымен шұғылданатын мамандарды ізденіске итермелеп отырған. Еліміз тәуелсіздігін алып, ұлттық дамудың сара жолына түсу, білім беру ісін жолға қоюды талап етіп, әлеуметтік маңызды жұмыстарды орындауға ықпал етті.
Негізінен жаңаша білім жүйесі құзіреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы-оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу. Жаңа білім беру бағдарламасы сыни тұрғыдан ойлауға, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) үйретеді.
Жаңаша оқыту оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен» орналастырылған және бір-бірімен тығыз байланысты. Яғни, жыл бойына бірнеше рет қайталанып отырады және сынып өскен сайын тілдік мақсатта күрделене түседі.
Қазіргі таңда барлық елде жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс-тәсілдермен оқытып, ой-өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастады.
Қорыта айтқанда, жаңа бағдарламаның мәні, баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана білуі керек. Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет