-
дұрыстығын;
-
шығармашылықтығын;
-
көркемдігін анықтау керек.
Бастауыш сынып оқушылары
ана тілі сабағында да шығарма
жазуға әр сабақ
сайын дайындықта болады:
-
Мәтіннен ,әңгімеден көркем сөзді таба білу;
-
Шығармадан оқушылар түсінбеген сөзді табу,мағынасын ашу;
-
Берілген бейне бойынша көркем сөздерді пайдалана отырып сипаттау;
-
Түсінік айту барысында таныс көркем сөздерді пайдалану;
Оқушылар осы дағдыларды меңгеру үшін
қарапайымнан күрделіге қарай жүйесі
бойынша белгілі бір жүйеде жұмыстар орындалу керек;
-
сөйлем құрастыру;
-
сурет бойынша орны ауысқан сөйлемдерді қалпына келтіру;
Сюжетті суреттер бойынша мәтін құрастыру;
Оқыған мәтінді әңгімелеу.
Бұл жұмыстарды күнделікті орындай отырып оқушылар өз ойларын белгілі бір
тәртіппен әңгімелей білуге үйретеді.
Шығарма жазуға қойылатын негізгі талаптар:
1. Тақырыпты толық аша білу;
2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көпсөзділікке жол бермеу;
3. Шығармада сөз болған жайды оқушының басқаларға түсінікті болатындай орамды
тілмен, аз сөзге көп мағына сыйғыза баяндауы;
4. Шығарманың бөлімдерінің негізгі ой арқылы шебер байланысуы;
5. Шығармада жазушының өмірбаянына, жазылу тарихына, тарихи оқиғаларға,
кейіпкерлерге қатысты қателіктер жіберілмеуі керек;
6. Оқушының шығармада сын мақалалардан, әдебиеттану еңбектерінен шағын
үзінділерді қисынымен қолдануы, оның терең білімін танытады;
7. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасай білу.
Достарыңызбен бөлісу: