СоөЖ тақырыбы: монеталық қазыналар тарихи дерек ретінде Тапсырмалар


жылы: 2003 жылғы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік банкноттар. 2006 жылы



бет5/6
Дата06.01.2022
өлшемі0,89 Mb.
#12838
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
9-апта СРСП нов ҚТП Амалбаева.Ж ист21

2003 жылы:

  • 2003 жылғы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік банкноттар.

2006 жылы:

  • 200, 500, 1000, 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттар (мүлде жаңа дизайн).

Эмиссиялық банктің басты міндеті айналысқа қажетті ақша мөлшерін шығару және артық мөлшерін айналыстан алу. Әрине, ақшаны айналысқа қажетті мөлшерден артық шығару оның құнсыздануына жол береді. 1993 жылы 15 қарашада айналымға 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100 номиналдағы теңгелік банкноталар; 1, 3, 5, 10, 20 теңгелік монеталар және 1, 2, 5, 10, 20, 50 тиындық монеталар жіберілді.

1993 жылы алғашқы тиындар қағазбен басылып шыққан болатын. Аз уақыттан кейін осы қағаз тиындар айналымнан алынып тасталынып, олардың орнына монета нысанындағы тиындар айналымға жіберілді.

ҚҰБ кейінірек айналымға мынадай ақша белгілерін шығарды:



  • 1994 жылғы банкноттар, номиналы 200, ол 1993 жылғы үлгі бойынша және номиналы 500 теңге, ол 1994 жылғы үлгі бойынша;

  • 1995 жылғы банкноттар, номиналы 1000, ол 1994 жылғы үлгі бойынша;

  • 1996 жылғы банкноттар, номиналы 2000 теңге, ол 1996 жылғы үлгі бойынша;

  • 1997 жылғы монеталар, номиналы 1, 5, 10, 20, 50 теңге;

  • 1999 жылғы банкноттар, номиналы 5000 теңге, ол 1998 жылғы үлгі бойынша;

  • 2003 жылғы банкноттар, номиналы 200 және 500теңге, ол 1999 жылғы үлгі бойынша (өзгертілген дизайн);

  • 2001 жылғы банкноттар, номиналы 1000 және 2000 теңге, олар 2000 жылғы бойынша (өзгертілген дизайн);

  • номиналы 100 теңге банкнот 2001 жылғы үлгі бойынша;

  • мерейтойлық номиналы 5000 теңге банкнот, ол 2001 жылғы үлгі бойынша, бұл ақша түрі мемлекетіміздің 10 жылдықтәуелсіздігіне байланысты;

  • 5000 теңгелік банкнот 2001 жылғы үлгі бойынша;

  • 2002 жылы номиналы 100 теңгелік монета 2001 жылғы үлгі бойынша;

  • номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар, олар 1999 жылғы үлгі бойынша;

  • 2003 жылғы номиналы 10000 теңгелік банкнот, ол 2003 жылғы үлгі бойынша.

Қазақстан Ұлттық Банкі 2006 жылы айналымға жаңа дизайнды банкноттар дайындап шығарды, бұл банкноттар 200 теңгеден 10000 теңгеге дейін.

Қазақстанның 2006 жылы 15 желтоқсан айына дейін ақша айналысында: 10000, 5000, 2000, 1000, 500, 200, 100, 50, 20, 10, 5, 3 және 1 теңгелік банктік билеттер, 20, 10, 5, 3 және 1 теңгелік металл монеталармен бірге 500 теңгелік алтыннан мерейтойға арнап, дайындалған монеталар, алғашқыда көлемі 64x100 мм. су тамғылы қағазға басылған 50, 20, 10, 5, 2 және 1 тиындар кейіннен олардың орнына осы номиналдарда металл тиындар шығарылды.

Бірақ, бүгінгі күні 1 теңгеге дейінгі тиын монеталар айналыстан алынған, сондай-ақ 100 теңгеге дейінгі номиналдағы банкноталар (қағаз түріндегі) айналыста жүрмейді, олардың орнында металдан жасалған монеталар қолданыста жүр. Әрине, ірі номиналда банкноталардың айналыста болуы, еліміздегі орташа жалақы мөлшерінің жоғарылауымен байланысты.

2006 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноталардың келбетіне өзгерістер енгізіп шығарды. Мұндағы шаралар банкнотадағы адам бейнесінің болмауын және олардың қорғаныс қабілетінің жоғары болуын көздейді.

Ескі үлгідегі және 2006 жылғы үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңі 1 жыл. Ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңінде занды төлем құралы болып табылады, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемнің барлықтүрлері бойынша, сондай-ақ ешбір шектеулерсіз банктік шоттарға есептеуге және аударым жасауға міндетті түрде қабылданады. Ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңі аяқталғаннан кейін ескі үлгідегі ақша белгілері Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемнің барлык түрлері бойынша занды төлем құралы болуын токтатады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы занды және жеке тұлғалардан ескі үлгідегі ақша белгілерін қабылдау мен айырбастаудың көрсетілген онжылдық мерзімін үзартуға құқылы.

Бүгінгі күні ұлттық валютамыз Орта Азиядағы тұрақты валюталардың біріне айналуда. Айналымға енгізген бастапқы кездері ұлттық валютаға деген сенімділіктің төмендігі және елдегі экономикалық дағдарыстардың болуы, оның құндылығына теріс әсер етті. Соның салдарынан теңгеміз АҚШ долларына қатысты құлдырады десе болады. Айталық, теңге енгізілгенде 1 АҚШ долларының бағасы 4,75 тиынға тең болса, 2000 жылы ол 155 теңгеге дейін құнсызданды. Бір жағынан мұндай құбылыс объективті, себебі, кез келген жаңа валютаның тарихы тереңде жатқан немесе экономикасы дамыған мемлекеттің ақша бірлігімен бәсекеге түсе алмасы анық. Екінші жағынан, ол кезендер ұлттық экономикамыздың жаңадан қалыптасу кезендерін сипаттайды. 2001 жылдан бастап осы күнге дейін теңгеміз АҚШ долларына қатысты тұрақтанып, 2001 жылы оның АҚШ долларына қатысты бағамы 155,6 теңгеден 2005—2006 жылдардың ортасына дейін 117,4 теңгеге дейін төмендесе, 2009 жылдың сәуірде ұлттық валютаның девальвацияланып, 150,8 теңгеге дейін қайта көтерілді.



Теңгенің АҚШ долларына қатысты құнсыздануын біріншіден айналыстағы ақша массасының өсуімен, екіншіден мұнай өнімдеріне деген бағаның өсуінің нәтижесінде пайда болған инфляция дейгейінің 8,5 пайызға жоғарылауымен байланыстыруға болады. Мұндағы ақша массасы екі жолмен өсіп отыр, біріншісі, мұнай өнімдерін сыртқа сатудан түскен валюталық түсімдердің өсуінен, ал екіншісі, отандық банктеріміздің соңғы жылдары шетелдік қаржы нарықтарынан арзан займдар тарту көлемінің артуынан болып отыр








  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет