Сопровождению инклюзивного образования методические рекомендации



Pdf көрінісі
бет14/58
Дата06.01.2022
өлшемі1,27 Mb.
#13079
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   58
мүмкіндігі  шектеулі  баланы  әлеуметтік  қолдаудың  демократиялық  желісі 
тікелей  байланыста  тұрады.  С.  Дж.  Сэлент  осы  көрсеткіштің  маңызды  мәнін 
инклюзивтік  сыныптағы  демократиялау  үдерісін  коммуникативтік,  тәртіптік, 
перцептивтік,  жеке  тұлғалық  түрдегі  өнімді  негіздердің  бірігуі  ретінде 
қарастырады.  Инклюзивтік  сыныптағы  балалаларды  әлеуметтік  қолдауды 
демократиялау  ұйымдық,  аксиологиялық,  стратегиялық  сондай-ақ  тактикалық 
мәндегі интербелсенді интервенцияның жиынтығын қолдануға негізделеді [49].  
Баланың  білім  алудағы  ерекше  қажеттіліктері  инклюзивтік  білім  беру 
ортасындағы түйіспелік негізде өз ізін қалдырады, осыған байланысты желілік 
қолдауды  демократиялау  технологиясы  жалпыланған  түрде  бір  қатар  келесі 
элементтерді қамтуға міндетті:  

инклюзивтік кеңістікте бірлік сезімін құру;  

барлық  субъектілердің  баланың  білім  алудағы  жеке  ерекшеліктерін 
елеудегі икемділік;  

мүмкіндіктері  шектеулі  балаларды  қабылдау  үшін  барлық  мүшелерінің 
үйлестірілген әрекеттерін жүзеге асыру;  

көрсетілетін қызметтің жан-жақтылығы;  

демократиялық негіздің қалыптасуындағы көп деңгейлілік [49].  
Зерттеушілердің  мәліметтерімен  ерекшеленген  элементтер,  қолдаудың 
желілік  технологиясы  бірін-бірі  ауыстыратын  кезең  түрінде  беріледі  және 
инклюзивтік оқытудың тікелей қатысушылардың аясында «мұғалім – мүкіндігі 
шектеулі бала – әдеттегі бала» үштігі арқылы қарастырылады.  
Берілген  үштік  инклюзивтік  сыныпта  демократияны  құрудың  кезеңдік 
түрін  көрсетеді,  бір  кезең  мүмкіндігі  шектеулі  баламен  басқаларға  қарағанда 
сапалы  демократиялық  өзара  әрекеттену  ретінде  жүзе  асады.  Бұндай  кезеңнің 
соңғы  нәтижесіне  баланы  және  оның  өзіндік  ерекшеліктерін  қабылдаудан 
тұратын инклюзивтік білім берудің мақсатты ұстанымын жүзеге асыру жатады. 
Мұғалім  жағынан,  сондай-ақ  сыныптастарының  жағынан  шынайы 
толерантылықты  көру  мүмкіндіктері  шектеулі  балалардың  оқудағы  және 
әлеуметтік  түрдегі  жетістіктерге  жетуімен  қатамасыз  етеді,  бұл  әлеуметтік 
қатынастың  тұрақты  дағдылары  және  танымдық  кең  әлеуеті  бар,  жан-жақты 
дамыған  тұлғаны  құруға,  яғни  білім  беру  үдерісінің  атқарымдық  негізін 
барынша жүзеге асыруға болатынын дәлелдейді.  
 
Оқушылардың 
білім 
алудағы 
ерекше 
қажеттіліктерін 
қанағаттандырудың  қызметтік  технологиясы  балаға  оны  жалпы  білім  беру 
ортасына  қосуға  мақсатталған,  қажетті  қызметтерді  көрсетудің  сәйкес 
механизмін  білдіреді.  М.  Маннинг,  Г.  Маннинг  және  Р.  Лонг  берілген 
көрсеткіштің  мазмұндық  ерекшелерін  сипаттай  отырып,  инклюзивтік 
сыныптағы қызметті әрбір баланың өзінің таңдауын жүзеге асыруға және өзінің 
ішкі  шамасын  ашуға  арналған  кейбір  тәсілдер  мен  практикалық  құралдардың 
жиынтығы  ретінде  қарастырады.  Белгіленген  талаптарға  сәйкес  қызметтің 
негізгі технологиялық элементтеріне қатыстылар:  

әрбір  оқушыға  мұғалімнің  басшылығымен  оқуға  қажетті  материалдың 
көлемін өздігінен анықтау мүмкіндігін беру;  
41 



барлық  балаларға  сыныптағы  демократиялық  негіздерді  пайдалануға 
және оларды құрастыруға мүмкіндік беру;  

сыныптық  ережелердің  икемді  жүйесі,  әрбір  баланың  оларды  құру 
субъектісі  ретінде  және  сонымен  бір  мезгілде  қалыптасқан  норманың 
интериоризациялық нысаны болуы;  

мүмкіндіктері  шектеулі  балаларды  инклюзивтік  білім  беру  ортасына 
қосудың  бекітілген  мақсатын,  осыған  сәйкес  білім  беру  немесе  әлеуметтік 
қызметті анықтау;  

барлық  балалардың  сыныптағы  экспрессивтік-эмфатиялық  атмосфераны 
қалыптастыру  субъектілерінің  рөлінде  болуларына  және  инклюзивтік 
сыныптың  эмоциялық  қызметін  алушы  жағдайында  болуларына  жағымды 
жағдай тудыру;  

әрбір балаға өзінің саналы таңдауын жасауға мүмкіндік беру;  

инклюзивтік  сыныптағы  коммуникативтік  қызмет  түрлерін  белсенді 
пайдалану [50].  
Бұндай 
тәсілдеме 
мүмкіндігі 
шектеулі 
балаға 
инфантилдік 
байқалымдардан  қашықтауға,  бір  уақытта  белгілі  бір  қызметтерді  алу  және 
өндіру  сапасында  болуға  мүмкіндік  береді,  бұл  оның  жеке  тұлғалық 
белсенділігін дамытады, нәтижесінде барлық балалардың жеке қажеттіліктеріне 
бағдарлау жүретін үйлесімді оқу үдерісін құруға көмектеседі.  
Инклюзивтік  сынып  жағдайындағы  тьюторлық  қолдау  ретіндегі 
талдаудың  технологиялық  бірлік  көрсетікшінің  рөлін  сипаттай  отырып, 
батыстық зерттеушілер Т.Е. Смит, Г. Банч және Д. Митчелл тьюторды (арнайы 
мұғалім) тиімді инклюзивтік білім беруді құрудың жетекші субъектісі ретінде 
анықтайды  [37, 51-52].  Оның  атқарымдық  қолданысы  барлық  балалардың 
олардың бұзылыстарының айқындығына байланыссыз олардың сан алуан түрлі 
қабілеттері мен мүмкіндіктерін теңестіру болып табылады.  
 
Технологиялық жоспарда тьюторлық қолдау бірқатар маңызды міндеттерді 
шешуге мүмкіндік береді:  
1. 
Лайықты  оқу  тапсырмаларын  әзірлеу.  Баланың  білім  алудағы  ерекше 
қажеттіліктерін  нақты  білетін,  осындай  баламен  жұмыстағы  арнайы 
педагогикалық  технологияларды  меңгерген  тьютордың  сыныпта  болуы 
мұғалімге  балалар  үшін  деңгейі  сәйкес  келетін  оқу  материалын  таңдауға 
көмектеседі.  Бұның  нәтижесінде  барлық  оқушылардың  білім  алудағы  ерекше 
қажеттіліктері  қанағаттандырылады  және  барлық  балалардың  мүмкіндіктері 
шектеулі балалардың ерекшеліктерін түсініп, қабылдаған жағдайында, балалар 
ұжымының ынтымақтастығының қажетті деңгейі қалыптасады.  
2. 
Кез  келген  туындағанмәселені  тиімді  шешу.  Бұл  жағдайда  тьютор 
әдеттегі  мұғалімнің  серіктесінің  рөлін  атқарады,  арнайы  білім,  дағды  және 
икемділіктердің  жоғары  деңгейін  меңгерген  ол  мұғалімге  қажетті  кеңестер 
береді. Тьюторлық қолдау кейбір әлеуметтік-педагогикалық мәселелерді өнімді 
жеңуге  қажетті  ресурс  ретінде  анықталады.  Барлық  балаларды  білім  беру 
ортасына табысты қосуға көмектесетін балалар ұжымындағы өзара қатынасты 
құру тьютордың жеке көзқарасына да байланысты болады.  
42 


3. 
«Треккинг»  (мүмкіндігі  шектеулі  баланы  оның  білім  алуда  ерекше 
қажеттілігіне  байланысты  басқа  оқушылардан  уақытша  оқшаулау)  және 
«стримингтің»  (мүмкіндігі  шектеулі  баланы  инклюзивтік  сыныпқа  және  онаң 
қандай  да  бір  табыстарға  жеткен  оқу  және\немесе  әлеуметтік  әрекеттердің 
компонентеріне қосу) стратегияларының бірігуі.  
Тьютор  мұғалімнің  көмекшісі  ретінде  оқытудың  құрамдастырылған 
тактикаларын жүзеге асыруға көмектеседі, балалар жеке оқу пәндері бойынша 
өздерінің қабілет деңгейіне сәйкес топтасқанда, сыныптың әлеуметтік аспектісі 
және  басқа  да  кейбір  оқу  пәндері,  қабілеттері  әр  түрлі  оқушылар  жалпы 
топтарға  біріктірілген  мейнстриминг  мәнмәтінінде  өтеді.  Осыған  байланысты 
тьютордың рөлі әрбір бала үшін бірыңғай бастау сәтін ұйымдастырудың және 
қалыптастырудың  медиаторлық  стратегиясын  жүзге  асырумен  байланысты 
болады.  Бұл  мәнмәтіндегі  тьюторлық  көмекті  жүзеге  асырудың  негізгі 
талаптарына  арнайы  мұғалімнің  өзінің  икемділігі  және  көмекке  мұқтаж 
баланың жеке ерекшеліктеріне бағдарлау жатады.  
4. 
Жақсартуды жете қадағалау. Мүмкіндігі шектеулі баламен тьютордың 
жүргізген  жеке  жұмысы  оған  оқыту  үдерісінің  динамикасын  терең  сезінуге 
және  баланың  әлеуметтік  және  оқудағы  жетістіктерін  ерекшелеуге  мүмкіндік 
береді. Инклюзивтік сынып мұғалмі үшін берілген талдау балалардың жеткен 
жетістіктерін  есепке  алуға  және  жаңа  талпыныстарын  ескеруге  мүмкіндік 
береді, бұл балаларға әлеуметтенудегі өздерінің келешектерін жақсартуға және 
қоғамға қосылуға көмектеседі.  
Инклюзивтік  сыныптағы  тьютордың  рөлін  бұлайша  түсіну  тиімді,  себебі 
мүмкіндігі шектеулі баланы қолдаудың терең жүйесін құруға және осымен бір 
мезгілде  инклюзивтік  сыныптың  бірыңғай  команда  ретінде  қызмет  атқаруына 
көмектеседі.  Тьютордың  сыныпта  болуы  мұғалімнің  ұйымдық  және  үйлестіру 
жұмыстарын  жеңілдетеді,  осыған  байланысты  инклюзивтік  оқыту-тәрбиелеу 
жұмыс стратегиясын толық әзірлеуге қол жеткізеді.  
Инклюзивтік  сыныптағы  тьютордың  атқарымдық  қолданысын  ұғынуды 
педагогикалық технология ретінде талдау жұмыстың тьюторлық стратегиясын 
жалпы  білім  беру  үдерісіне  ендірудің  қажеттілігі  мен  тиімділігін  дәлелдейді, 
бұл жағдайда инклюзивтік білім беру үдерісінің барлық субъектілеріне қатысты 
белгілі бір өнімділікке қол жеткізуге болады. Тьюторлық рөлді барабар түсіну 
оқу-тәрбиелеу 
жұмысындағы 
жалпы 
психоэмоциялық 
атмосфераны 
тұрақтандырады,  бұд  педагогикалық  тиімділікке  қол  жеткізуге  мүмкіндік 
береді. Сонымен бірге, барабар қызмет атқарушы тьютор мұғалімнің жеке және 
топтық  сабақтарды  өткізу  мүмкіндігін  жеңілдету  үшін  балалар  ұжымында 
командалық  атмосфераны  құруға  мүмкіндік  береді.  Нәтижесінде  бұндай 
практика  әдеттегі  сыныптағы  мүмкіндігі  шектеулі  баланы  оқыту  фактісін 
нормалайды, ол жергілікті инклюзивтік қауымды құруға мүмкіндік береді.  
Сонымен,  инклюзивтік  білім  берудің  әр  түрлі  технологияларын  талдау 
барлық  балаларды  оқытуға  болатын  инклюзивтік  білім  беруді  мүмкіндігі 
шектеулі  баланы  білім  беру  үдерісіне  қосуға  көмектесетін  белгілі  бір 
педагогикалық  тәсілдердің  жиынтығы  ретінде  қарастыруға  мүмкіндік  береді. 
Мүмкіндігі  шектеулі  бала  мектепке  келген  кезде  оның  даму  ерекшеліктерін 
43 


анықтау  және  оқытудың  қолжетімді  ортасын  ұйымдастыру  мақсатында 
психологиялық-педагогикалық  кешенді  диагностикалау  жұмысы  жүргізіледі. 
Осыдан кейін инклюзивтік білім беру кеңістігінің психоэмоционалдық, сондай-
ақ  табиғи  орта  сияқты  түрленімдерін  ендіреді.  Инклюзивтік  білім  берудің 
жетекші  педагогикалық  технологиясына  білім  беру  үдерісінің  барлық 
субъектілерінің 
ынтымақтастығын, 
балалардың 
мүмкіндіктері 
мен 
олардыңакадемиялық  және  әлеуметтік  білім  алу  қажеттіліктерінің  жеке 
ерекшеліктеріне  сәйкес  әрбір  оқушының  жетістіктерін  жеке  бағалау  жүйесін 
құру қағидаларын сақтау жатады.  
 
 
 
 
 
44 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет