Сортамент



бет17/55
Дата03.04.2023
өлшемі1,62 Mb.
#78841
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   55
Байланысты:
Бржанов Р.Т.Құрылыс конструкциялары-2

Салалы ұстындар

Центрден сығылған ұстындар тормен байланысқан екі бөліктен тұрады. Бөліктерді кесетін ось «материалды», ал параллель ось «еркін» өстер деп аталады (х- материалды, у – еркін ось). Екі бөліктің арасындағы арақашықтық стержіннің тең орнықтылығын қамтамасыз ету арқылы табылады.


Дәнекерленген ұстындарда швеллердің белдеулерін ішке қаратып қойған тиімді деп саналады, себебі бұл кезде бөліктерді байланыстыратын торлардың ұзындықтары кішірек болады және ұстын габариты жақсырақ қолданылады.
Көтергіштік қабілеті жоғары ұстындардың бөліктері прокатталған немесе дәнекерленген қоставрлардан тұрады.
Салалы ұстындарда бағаналар белдеулерінің араларын ішкі беттерін бояу ҥшін (100-150) мм-лік арақашықтарда қою керек.
Ұзындығы ҥлкен ұстын стержіндердің қатаңдығы жеткілікті болу ҥшін олардың қимасы жетілдірілген болу керек. Сондықтан оларды төрт прокатты бұрыштан жобалаған тиімді деп саналады. Осындай стержіндердің қимасының ауданы ҥлкен болмасада қатаңдығы жоғары шамада болады. Бірақ осы стержіндерді дайындау көп еңбек талап етеді. Кейбір жағдайда бағаналардың қимасы құбырлы болған кезде стержіндер ҥшқырлы сияқты қабылданады және олардың қатаңдығы жеткілікті, ал металлдың шығыны тиімді болады .

Торлар ұстын бағаналарының стержіндерін біріктіріп бірге жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және стержіндердің орнықтылығына қатты әсер етеді.
Торлардың әртҥрлі жҥйелері қолданылады:

  • көлбеу тіреулер.

  • көлбеу тіреулер мен тартпалар.

  • тақтайшалар.

Көлбеу тіреулерден немесе көлбеу тіреулер мен тартпалардан жиналған торлардың қатаңдығы өте жоғары болады, бірақ осындай торды құрастыру көп еңбек талап етеді.
Тақтайшалардан жиналған торлардың қатаңдығы жоғары емес, оларды дайындау оңай және кҥшсалмақтарды көтеру қабілеті ҥлкен емес (2000-2500 кн).
Салалы ұстын қималарының сыртқы нұсқасын жоғалтпауы ҥшін ұстын стержіндердің биіктігі бойынша (3-4)м арасында диафрагмалар қойылады .





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет