Дәлдігі жоғары болттар көміртекті
болаттардан даярланады, олардың беріктік класстары дәлдігі қалыптағыдай болаттармен бірдей. Болттың бұрандасы жоқ денесі жонылады және таза цилиндрлік тҥрлі болады. Осындай болттардың орналасатын тесіктерінің диаметрлерінің ауытқулары 0,3мм-ден аспау керек. Ол ҥшін арнайы құралдарды (кондукторды) қолданады (теседі).
Дәлдігі жоғары болттарды қолданған кезде қосылыстарда болттар тесіктерге тығыз орналасады, ығыстырғыш кҥштерге
жақсы қарсыласады, деформациялар азаяды. Бірақ беріктігі аса жоғары болттармен салыстырғанда біріктірулер жұмыстары нашарлау,
осындай болттарды даярлау, орнату қиын болғандықтан оларды практикада көп қолданбайды (В-типті).
Беріктігі аса жоғары болттар легірленген болттардан термиялық өңдеу арқылы дайындалады. Болттың маркасы – 40Х
«селект»; 38СХ «селект», 40ХФА «селект», 30Х3МФ диаметрлері – (1627); 30мм. Беріктігі аса жоғары болттардың дәлдіктері