Сортамент



бет9/55
Дата03.04.2023
өлшемі1,62 Mb.
#78841
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   55
Дәлдігі жоғары болттар көміртекті болаттардан даярланады, олардың беріктік класстары дәлдігі қалыптағыдай болаттармен бірдей. Болттың бұрандасы жоқ денесі жонылады және таза цилиндрлік тҥрлі болады. Осындай болттардың орналасатын тесіктерінің диаметрлерінің ауытқулары 0,3мм-ден аспау керек. Ол ҥшін арнайы құралдарды (кондукторды) қолданады (теседі).
Дәлдігі жоғары болттарды қолданған кезде қосылыстарда болттар тесіктерге тығыз орналасады, ығыстырғыш кҥштерге жақсы қарсыласады, деформациялар азаяды. Бірақ беріктігі аса жоғары болттармен салыстырғанда біріктірулер жұмыстары нашарлау, осындай болттарды даярлау, орнату қиын болғандықтан оларды практикада көп қолданбайды (В-типті).
Беріктігі аса жоғары болттар легірленген болттардан термиялық өңдеу арқылы дайындалады. Болттың маркасы – 40Х
«селект»; 38СХ «селект», 40ХФА «селект», 30Х3МФ диаметрлері – (1627); 30мм. Беріктігі аса жоғары болттардың дәлдіктері

қалыптағыдай өз диаметрлерінен 2-3мм артық тесіктерге орналастырылады және олардың гайкалары кілтпен бекітіледі. Болттарды қатты тарту арқылы қосылатын элементтерді қысып, біріктірудің тұтастығы қамтамасыз етіледі. Беріктігі аса жоғары болтты қосылыстар – басқа болтты қосылыстарға қарағанда құрастыру оңай, санасы жағынан дәнекерленген қосылыстардан кем емес, бірақ металл шығыны артық. Олар монтаждау қосылыстарына өте ҥлкен ығысу кҥштері, динамикалық, вибрациялық кҥшсалмақтар әсер еткенде қолданылады.
Өзі кесетін болттар алдын-ала тесілген элементтерге бұрандала сала кесіп біріктіріледі. Бұл болттар термиялық өңделген Ст 10кп болттан жасалады. Олардың диаметрлері 6мм-ге тең етіп қабылданады. Осындай болттармен профильді төсемені арқалықтарға, ұстындарға бекітеді.
Іргетас (анкер, қарнақ) болттары ұстындардың табанын іргетасқа бекіту ҥшін қолданылады. Олар көміртекті және легірленген болттардан даярланады: маркасы ВСт3 кп2; 09Г2С; 10Г2С1.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет