Сот сараптамасы бойынша есептер



бет17/76
Дата15.04.2023
өлшемі1,44 Mb.
#82767
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   76
Байланысты:
Сот сараптамасы бойынша есептер

12 Есеп.
Оқиға болған жерді және азамат М-нің мәйітін қарау кезінде, бірнеше шегелер табылды. Олар жәбірленушінің күртешесінің бұрылған қалтасының қасында жатты. Тергеуші шегелерді алып, ол туралы хаттамаға тіркеді. Тергеуші шегелер қылмыскердің қалтасын түсіп қалуын болжайды. Шегелердің бас жағын қарау кезінде, олардың формасы эллипс түрінде. Олардың ұзындығы 3 см. , диаметрі-3мм. Кейін жедел-іздестіру әрекеттерінің нәтижесінде, сезіктінің жеке басы анықталды. Ол азамат Н. болып шықты. Оның пәтеріне тінту жүргізген кезде, бір қораптың іші шегеге толлы екендігіне тергеуші назар аударды. Шегелерді қарау кезінде, олар оқиға болған жерде табылған шегелермен бірдей болды.

  1. Қандай сараптама және қандай мән-жайларды анықтау үшін тағайындалуы қажет ?

  2. Сараптама тағайындау кезінде қандай заттай дәлелдемелер және материалдар сараптамаға жіберілуі керек ?

  3. Сараптаманың алдына қандай сұрақтар қойылуы керек ?

  4. Қандай тағы да сараптамалар тағайындалуы мүмкін және қандай сұрақтарды шешу үшін қажет ?

  5. Кешенді сараптама тағайындауға болды ма және қандай сұрақтарды шешу үшін ?



13 Есеп.
Төбелесу және кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жәбірленуші М.Барменкуловтың мәйітін қарау кезінде, оң жақ қолында матадан (плащевка) жасалған түйме табылды. Тергеушінің болжауы бойынша, түйме қылмыскердің киімінен түсіп қалды. Қысқа мерзімнің ішінде, сезікті Халелов Е. табылды. Оның үйіне тінту жүргізген кезде, бір түймесі жетпейтін және матасымен жыртылған куртка табылды.

  1. Қандай сараптама және қандай мән-жайларды анықтау үшін тағайындалуы қажет ?

  2. Сараптама тағайындау кезінде қандай заттай дәлелдемелер және материалдар сараптамаға жіберілуі керек ?

  3. Сараптаманың алдына қандай сұрақтар қойылуы керек ?

  4. Қандай тағы да сараптамалар тағайындалуы мүмкін және қандай сұрақтарды шешу үшін қажет ?

  5. Кешенді сараптама тағайындауға болды ма және қандай сұрақтарды шешу үшін ?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет