Сот-қолжазбатану сараптамасын тағайындаудың негізгі жағдайларының теориясы мен тәжірбиесін түсіну мен бекіту.
Сот-қолжазбатану сараптамасын тағайындау кезінде, қаулылар мен ұйғарымдарды құрастыру дағдыларын меңгеру.
Сот-қолжазбатану сараптамасының көмегімен мән-жайларды анықтауға қатысты, болжаулар құрастыру мен тергеу жағдайларын анализдеуге қатысты дағдыларды меңгеру.
Сот-қолжазбатану сараптамасын тағайындауға материалдарды дайындау дағдысын меңгеру (азаматтық және қылмыстық істер).
Сабақтың жоспары: қолжазбатану сарапшы нәтижелерінің нысанына және сот- қолжазбатану сараптамасының мүмкіндіктерінің теориялық білім негіздерін бекіту – сұрау жүргізу.
сот-қолжазбатану сараптамасын тағайындау мен материалдарды дайындаудың теориялық білім негіздерін бекіту – сұрау жүргізу.
сот-қолжазбатану сараптамасының мұрағаттағы қорытындыларымен танысу, олардың мазмұның анализдеу және сарапшы қорытындысын бағалау (10 сарапшы қорытындысынан кем емес).
сот-қолжазбатану сараптамасын тағайындаудың тәжірибелік және процесуалды сұрақтарын талқылау.
тапсырмаларды жазбаша орындау – қаулы толтыру (5-10 есептен кем емес).
Бақылау сұрақтары: криминалистикалық техника саласындағы «сот қолжазбатану» және «сот- қолжазбатану сараптамасының» қандай өзара байланысы бар;
еркін үлгілерді алудың тәртібі, оларды азаматтық және қылмыстық істер бойынша алудағы ерекшеліктері бар ма (процесуалдық айырмашылығын атаңыздар);
салыстырмалы үлгілерді алудың тәртібі, оларды азаматтық және қылмыстық істер бойынша алудағы ерекшеліктері бар ма (процесуалдық айырмашылығын атаңыздар);