Сот сараптамасы бойынша есептер



бет19/76
Дата15.04.2023
өлшемі1,44 Mb.
#82767
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   76
16 Есеп.
Топтық зорлау фактісі бойынша, полицияға азаматша Зузина жолданды. Істің мән-жайлары былай болды: сол күні ол ойламаған жерден өзімен бірге оқыған үш класстастарын кездесті, кездесуді «жумақшы» болып кафеге барады, содан соң, мейрамды әрі қарай жалғастыру үшін класстастарының біреуінің пәтеріне барды. Зузеваның айтуынша, олар оны зорлады. Ұсталған сезіктілердің айтуынша, ешқандай зорлық әрекеттері болған жоқ, ол өз еркімен жыныстық қатынасқа түсті. Оқиға болған жерді қарау кезінде, ешқандай көзге түсетін іздер табылған жоқ.
Зузевадан қайтадан жауап алу кезінде, тергеуші оның кірпіктеріне назарын аударды, олар өте ұзын және қараға боялған қалын болды. Оның айтуынша, зорлау кезінде екеуі Зузеваны ұстап, жастықпен бетін жапқан. Зузева жылап, оны жіберуін сұрады. Тергеуші Зузевадан сол күні оның кірпігі боялғандығын сұрады, ол «иә» деп жауап берді. Қайтадан оқиға болған жерде қарау жүргізілді. Қарау кезінде, жастықта қара түсті вертикалды сызықтар көрінді, яғни, жәбірленушінің кірпігінен қалған іздерге ұқсас болды.

  1. Қандай сараптама және қандай мән-жайларды анықтау үшін тағайындалуы қажет ?

  2. Сараптама тағайындау кезінде қандай заттай дәлелдемелер және материалдар сараптамаға жіберілуі керек ?

  3. Сараптаманың алдына қандай сұрақтар қойылуы керек ?


4 Тақырып: Сот-баллистикалық сараптама.


Сабақтың мақсаты:

  • Сот-баллистикалық сараптамасын тағайындаудың негізгі жағдайларының теориясы мен тәжірибесін түсіну мен бекіту.

  • Сот-баллистикалық сараптамасының көмегімен мән-жайларды анықтауға қатысты, болжаулар құрастыру мен тергеу жағдайларын анализдеуге қатысты дағдыларды меңгеру.

  • Сот-баллистикалық сараптамасын тағайындау кезінде, қаулылар мен ұйғарымдарды құрастыру дағдыларын меңгеру.

  • Сот-баллистикалық сараптамасын тағайындауға материалдарды дайындау дағдысын меңгеру (азаматтық және қылмыстық істер).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет