Алматы қ. ІІД ТБ майор полициясы Н. Сабырбай №10 есеп Баллистикалық сараптаманы туралы ҚАУЛЫ 02.12.2009ж. Алматы қ. А. қаласының ІІД ТБ аға тергеушісі майор полициясы Н.Сабырбай, № 09751303120663 қылмыстық істің материалдарын қарап,
АНЫҚТАДЫ: 28.10.2009 ж. 21.30 сағ. 1988 ж. туылған К.Кажиұлы Қалқаман ықшамында Әуезова көшесінде орналасқан «Айналайын» дүкенінің қасында өлтіру мақсатымен азамат Р.Қырықтановқа МПС маркілі пистолетінен атып, соңғысы алынған жарақаттардан №7 ҚКА қайтыс болды.
2009 ж. жоғарда аталған қылмыс бойынша, күдік келтірген сезікті К.Кажиұлы ұсталынды және Алматы қ. Медеу ауданы, Мичурин 17 көшесінде орналасқан үйіне тінту жүргізгенде, ИЖ-78-8 маркілі 1 пистолет, 5*45*8 калибрлі 8 патрон және ОБҚ кезінде 5*45*8 калибрлі атылған 4 гильза, Р.Қырықтанованың мәйітінің денесінен 2 оқ алынды.
Қазіргі кезде, барлық ОБЖ алынған гильзаларды және ИЖ-78-8 маркілі пистолетті, 5*45*8 калибрлі 8 патрондар мен 5*45*8 калибрлі атылған 4 гильза, Р.Қырықтанованың мәйітінің денесінен алынған 2 оқты салыстыру қажеттілігі туындап отыр.
Аталған жағдайларды ескере отырып, тергеудің сұрақтарын шешу үшін криминалистика саласындағы арнайы білімді пайдалану қажеттілігін ескере отырып және ҚР ҚІЖК-нің 240, 242, баптарын басшылыққа ала отырып,
ҚАУЛЫ ЕТТІ: 1. Аталған іс бойынша баллистикалық сараптаманы тағайындау және оны жүргізуді ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптама Орталығының Орталық Алматы ғылыми-өңдірістік зертханасына тапсыру.
2. Сарапшылардың алдына келесі сұрақтарды қою:
- Ұсынылған ИЖ-78-8 маркілі пистолет ату қаруы болып табылады ма, қандай әдіспен жасалған ?
- Ұсынылған 8 патрон оқ дәріліреге жатады ма және ату үшін жарамды ма, қандай қарудан олар атылған ?
- Ұсынылған пистолеттің шүріппесін баспай, ол өзінен-өзі атылуы мүмкін ба ?
- ОБЖ алынған 4 гильзалар ұсынылған ИЖ-78-8 маркілі пистолетінен атылған ба ?
- ИЖ-78-8 маркілі пистолетінен 2 оқ атылған жоқ па ?
- ОБЖ алынған 4 гильзалар мен Р.Қырықтанованың мәйітінің денесінен алынған оқтар бір бүтінді құрамай ма ?
3. Сарапшыларға келесі материалдарды ұсыну: 4 дана гильза, ИЖ-78-8 маркілі пистолет, 2 оқ және 8 дана буып-түйілген күйіндегі патрондар, қаулының көшірмесі.
4. ҚР ҚР К!ЖК-нің 83 б. көзделген сарапшылардың құқықтары мен міндеттері және жалған қорытынды бергендігі үшін сарапшының қылмыстық жауапкершілігі туралы ҚР ҚК 352 б. сәйкес, ескертіледі.