Сот сараптамасы бойынша есептер


Аға тергеуші Д.С. Нұрмуханов



бет67/76
Дата15.04.2023
өлшемі1,44 Mb.
#82767
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   76
Байланысты:
Сот сараптамасы бойынша есептер

Аға тергеуші Д.С. Нұрмуханов


V--БӨЛІМ
Тақырып: «Сарапшының қорытындысы»
(әдістемелік нұсқаулар)
Төменде көрсетілген сарапшылардың қорытындыларын мұқият оқып, оларды «ҚР Сараптамалық қызмет туралы» Заңмен, ҚР АІЖК, ҚР ҚІЖК-нің талаптарымен салыстырындар.
Көрсетіңіздер:

    1. сарапшының қорытындылары неше бөлімнен тұрады

    2. әр бөлімінің маңызы неде

    3. кіріспе бөлімінің қорытынды бөлімінен айырмашылығы неде

    4. сипаттау бөлімі немен аяқталады

    5. зерттеу бөлімінің мазмұның оқыған соң, қандай әдістер сарапшымен қолданылды

    6. қорытынды сипаттау бөлімінен айырмашылығы неде

    7. сарапшының нәтижелері қандай нысанда берілген (кесілді немесе ықтимал немесе өзге де).

1 есеп.




САРАПШЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ №18507
«18» желтоқсан 2000 ж.
27 қараша 2000ж. Алматы облысының ІІБ-ның 14 қараша 2000ж. аға тергеуші, майор полициясы Т.-ның шығарған қаулысында № 19667 қылмыстық істің Б.-ны атудың жарақаттарына қатысты тағайындалған сот-баллистикалық сараптамасына келесі материалдар ұсынылды:
- м/н А562 ХТМ «Мазда-626» маркілі көлік;
- екі қағаз пакетіне буып-түйілген 9мм. калибрлі патронның 11 гильзасы;
- 9 мм. калибрлі 5оқ, картечь және 5,45 мм. калибрлі оқтың ортасы (сердечник пули), екі оқ полиэтилендік пакетіне буып-түйілген, қалғандары қағаз пакетіне буып-түйілген;
- 5,45 мм. калибрлі патронның 18 гильзасы, жабыстырылған қағаз пакетіне буып-түйілген;
- жабыстырылған қағаз пакетіне буып-түйілген 4 аң аулау патрондарының гильзалары;
- қағаз пакетіне буып-түйілген 3 пыж;
- қағаз пакетіне буып-түйілген, Баймурзиннің аяғынан алынған картечь;
- полиэтилендік пакетіне буып-түйілген қорғасын оқтар;
- биркасы бар үш мылтық;
- жабыстырылған қағаз пакетіне буып-түйілген аң аулау патрондарының 8 гильзасы мен 1 патроны.
Әр бір хатқалтада және биркаларда жолдамалық жазулар бар, куәлар мен тергеушінің қолтаңбалары, мөрдің баспа таңбалары бар.
Аталған заттардан басқа, № 19667 қылмыстық істің материалдары да бар: - оқиға болған жерді қарау хаттамасы; - № 1589, 17.10.2000ж. сот-медициналық сараптаманың актісі.
Сараптаманың алдына қойылған сұрақтар:

  1. «Зерттеуге ұсынылған қарудың түрі мен моделі қандай?»

  2. Қару ату үшін жарамды ма?

  3. Зерттеуге ұсынылған қару ?

  4. Осы аталған қарудан аңдық патрон, ОБЖ алынған гильзалар атылған ба ?

  5. ОБЖ алынған гильзалар мен патрондардың түрі мен моделі қандай ?

  6. ОБЖ алынған оқтар мен гильзалар, 9 мм. калибрлі атылған патрондар бір данадағы қарудан атылған жоқ па?

  7. ОБЖ алынған оқтар мен гильзалар, 5,45 мм. калибрлі атылған патрондар бір данадағы қарудан атылған жоқ па?

  8. ОБЖ алынған картечь, қорғасын оқ, пыждың үйден алынған патронның снаряд компоненттерімен шыққан қайнар көздері бір ма ?

  9. Көліктегі зақымдар атудан қалдырылған ба ?

  10. Атыс қандай қарудың түрі мен моделінен атылған ?

  11. Қандай қашықтықтан атыс болды ?

Сарптаманы жүргізу сарапшы комиссияларына тапсырылды, оның құрамына:

  • сот-баллистикалық және трасологиялық сараптама бөлімінің аға сарапшысы Л., ол 1 класс заңгері, жоғарғы білімі бар және сот сарапшысының «сот-баллистикалық зерттеу» мамандығы туралы біліктілігі бар, жұмыс стажы 199.. ж. бері;

  • МЗСС бөлімінің аға сарапшысы Е., ол 1 класс заңгері, жоғарғы білімі бар және сот сарапшысының «металл мен құймалардың сот-сараптамалық зерттеу» мамандығы туралы біліктілігі бар, жұмыс стажы 199.. ж. бері.

Жалған қорытынды бергендігі үшін сарапшының қылмыстық жауапкершілігі туралы ҚР ҚК 352 б. сәйкес, ескертіледі.


ЗЕРТТЕУ

1. Оқтың 9 мм. калибірін зерттеу.


ОБЖ алынған (фото 8;10) бес оқты қараудың кезінде, келесі мән-жайлар анықталды: аталған оқтар қабыршақ тәрізді, аяқ жағы жартылай доға тәрізді болып келген. Оқтың қабыршағы болаттан жасалған қоныр түсті, олардың түбі жалпақ тәрізді, оқтың ортасы болаттан жасалаған, оқтың ұзындығы-12,5 мм., цилиндрдің диаметрі-9,3 мм.
Барлық оқтар зақымдалған, олардың қабыршақтары қисалған және цилиндрлік бөлігі қатты заттармен байланысудың нәтижесінен біршама жайпақталаған.
Сонымен қатар, оқтың біреуінің оң жағында 4 кертіктің іздері пайда болды. Оқтың біреуінің кертігінде қабыршағы қисалған және бір аланының кертігі тегістелген. Басқа оқтарда тосқауылмен өзара байланысудың нәтижесінде екі аланың кертіктері тік түзу трассаларымен жабылған.
Қатты тосқауылмен контактілеудің нәтижесінде оқтардың бетінде сұр түсті заттардың қабаттары сіңіп кеткен.
Конструктивті ерекшеліктеріне келетін болсақ, ОБЖ алынған бес оқ зауыттық тәсілмен дайындалған және жауынгерлік патроннан, 9мм. калибрлі Макаров жүйелі пистолетінен атылған.
Микроскопиялық зерттеу кезінде (МБС-2), кертік іздері сақталған оқтарда оқпанның каналында майда бедерлер (микрорельеф) пайда болды және олар тік түзу микротрасса күйінде, әр түрлі терендеу мөлшердегі бірнеше шошақтардан тұрады (выступы).
Әр оқтың сол жағының жоғарысында, әр бір кердік іздерінің басында оқпанның оқтық кірісінде қосымша іздер орналасқан. Олар оқтың қозғалысы басталғанға дейін пайда болатын алғашқы іздер деп аталады. Аталған іздер микроскопиялық тік түзу трассалардан тұрады. Оқпан каналдарында пайда болатын алғашқы іздердің ерекшелігі, олардың тұрақты қайталануы болып табылады. Зерттеліп отырған оқтарда, алғашқы іздер тосқауылмен контактілеудің нәтижесінде жартылай өшіріліп қалды.
Барлық оқтарда кертік алаңдарының жалпақтығы бірдей. Олар МБИ-1Ц микроскопымен өлшенген кезде 2,3 мм. құрайды.
Төрт оқ материалдарды салыстыру кезінде идентификациялануға жарамды.
Бесінші оқта, кертік алаңдары тосқауылмен контактілеудің нәтижесінен тік түзу трассалармен жабылған, соған байланысты кертік алаңдары өзінің ерекшеліктерін жоғалтты. Аталған жағдайлар, ОБЖ алынған бес оқтың біреуі идентификациялануға жарамсыздығын дәлелдейді.
Салыстырмалы зерттеудің нәтижесінде, бес оқтың төртеуінде микроскопиялық (LEICA DMC) зерттеу арқылы, екі оқтың бір- бірімен ұқсас екендігі анықталды: жалпақтығы, саны, бағыты бойынша, кертік іздерінің ерекшеліктері бойынша, кертік іздеріндегі майда бедерлердің орналасуы бойынша, олардың формалары, мөлшері бір-бірімен орналасуы бойнша (фото 41-42).
Аталған жағдайлар, бес оқтың екеуі бір қаруынан атылғандығын дәлелдейді.
Қалған оқтардың бір қарудан атылғандығын анықтау мүмкін емес, өйткені, әр оқта екі кертіктің алаңы сақталған, олардың біреуіндегі кертіктің алаңы жартылай өшірілген.

2. 9 мм. калибрлі патронның гильзасын зерттеу.


1) ОБЖ алынған 11 гильзаны қарайық (фото 11), олар болаттан жасалған қоныр түсті, цилиндрлі формалы, гильзаның тұрығында сақина тәрізді бунақ бар. Гильзаның ұзындығы -17,9 мм., түбінің диаметрі – 10мм.
Гильзаның капсюльдық (оқталған патрондар ішіндегі дәріні тұтандыру үшін ұрудан тұтанатын жарылғыш заты бар қалпақша) ұясында боектың іздері бар капсюль орналасқан. Гильзаның түбінде, марикиравкалар бар: «38-74» (8-де), «38-71» (3-де), олар зауыттың дайындау нөмері мен патрондардың шыққан жылын көрсетеді.
Гильзаның құрылымдық ерекшеліктері, мөлшерлік белгілері, маркировкалық белгілері олардың зауытта шығарылғандығын, жауынгерлік пистолеттің патрондарынан шыққандығын және 9 мм. калибрлі Макаров жүйелі пистолеттен атылуға арналғандығын анықтайды.
2) Қарудың іздерін микроскопиялық (МБС-2) зерттеудің нәтижесінде келесі мән-жайлар анықталды:
- боектың іздері жартылай доға тәрізді жаншылған, капсюлдың (оқталған патрондар ішіндегі дәріні тұтандыру үшін ұрудан тұтанатын жарылғыш заты бар қалпақша) оратсындағы түбі жаншылған, боектың бүйіріндегі қабырғаларында шошақ тәрізді майда бедерлер пайда болды;
- патрон тірегінің іздері шоғырлас микротрасса түрінде гильзаның бүркеншігі және капсюл (оқталған патрондар ішіндегі дәріні тұтандыру үшін ұрудан тұтанатын жарылғыш заты бар қалпақша) гильзаларының жан-жағында орналасқан;
- сәуле түсіргіш ізінің гильзаның бүркеншігінде орналасқаны, олар 11 гильзаның 8-де басудың іздері ретінде орналасқан, олардың үшеуі трасса күйінде желпіуш тәрізді орын алады;
- ырғытқыштың ілгегінің іздері сырғанау іздері ретінде орын алған және гильза бүркеншігінің қабырғасында микротрасса ретінде орналасқан.
Қарудың іздері зерттеуге ұсынған гильзаларда нақты көрініс тапқан, сондықтан гильзалар идентификациялауға жарамды.
3) Гильзаларды салыстырмалы зерттеу кезінде, LEICA DMC микроскоптары арқылы зерттегенде келесі жағдайлар анықталды: 11 гильзалардың 8 бір-біріне және 3 гильзалардың бір-біріне ұқсастығы анықталды,

      1. боек іздерінің мөлшері мен формаларына қатысты;

      2. боек іздерінің түбінде орналасқан майда бедердің ерекшеліктері (фото 31);

      3. сәуле түсіргіш іздерінің майда бедеріндегі ерекшеліктер (фото 32);

      4. патрон тірегі іздерінің майда бедерлері мен мөлшері(фото 33) .

Аталған жағдайлар, 11 гильзалардың 8 бір қарудан атылған, ал 3 басқа бір даналық қарудан атылғандығын мәлімдейді.


3. 5,45 мм. калибрлі оқты зерттеу.


ОБЖ алынған (фото 9) бес оқты қараудың кезінде, келесі мән-жайлар анықталды: аталған оқтар қабыршақ тәрізді. Оқтың қабыршағы жезден жасалған, оқтың ұзындығы-26,6 мм., оқтың жетектеуші бөлігінің диаметрі – 5,6 мм., оқ ұшының диаметрі-1,15 мм.
Оқта оң жаққа бағытталған 4 кертін іздері қалдырылған. Оқ зақымдалған, яғни, оқтың кертігінде қабыршағы қисалған және цилиндрлік бөлігі тегістелген.
Құрылымдық ерекшеліктеріне келетін болсақ, оқ зауыттық тәсілмен дайындалған және атылған патроннан, 5,45 мм. калибрлі Калашников АК-74 жүйелі автоматынан атылуға арналған.

4. 5,45 мм. калибрлі патронның гильзаларын зерттеу.


1) ОБЖ алынған 18 гильзаны қарайық (фото 14), олар сұр металлдан жасалған, қарашыл жасыл түсті лакпен боялған, бөтелке тәріздес, сақина тәрізді бунақ бар. Гильзаның ұзындығы -39,5 мм., сыртқы диаметрі – 10мм., орталық бөлігі – 9,7 мм., ылдиы-9,4 мм. Гильзаның капсюльдық (оқталған патрондар ішіндегі дәріні тұтандыру үшін ұрудан тұтанатын жарылғыш заты бар қалпақша) ұясында сары түсті металл капсюльі бар, орталығында тереңдетілген жартылай доға тәріздес боектың іздері бар. Гильзаның түбінде, марикиравкалар бар: «60-74» (15-де), «60-82» (3-де), олар зауыттың дайындау нөмері мен патрондардың шыққан жылын көрсетеді (фото 15-16).
Гильзаның құрылымдық ерекшеліктері, сызықтық белгілері, маркировкалық белгілері олардың 5,45 мм. калибрлі Калашников АК-74 жүйелі автоматынан атылуға арналған.
2) Қарудың іздерін микроскопиялық (МБС-2) зерттеудің нәтижесінде келесі мән-жайлар анықталды:
- боектың іздері жартылай доға тәрізді, жаншылғанның түбі жалпақ, диаметрі – 1,5 мм.;
- гильза бүркеншігінің бүйірінде басудың іздері бар сәуле түсіргіші, ол анықсыз формалы және микротрасса түріндегі сырғанаудың іздері бар;
- боек іздерінің жан-жағындағы гильзаның капсюленде (оқталған патрондар ішіндегі дәріні тұтандыру үшін ұрудан тұтанатын жарылғыш заты бар қалпақша) патрондық тіректің іздері қалдырылған.
Гильзаларда қарудың іздері нақты қалдырылған, олардың жекелік белгілері бар, сондықтан, оларды идентификациялауға жарамды деп тануға болады.
3) Гильзаларды салыстырмалы зерттеу кезінде, LEICA DMC микроскоптары арқылы зерттегенде, олардың қару іздерінің ерекшеліктерімен байланысы анықталды:
А) жалпы формасы, мөлшері,боектың іздері (фото 11);
Б) майда бедердің ерекшеліктері, формалары, мөлшері және бір-бірімен өзара орналасуы (фото 36);
В) патрон тірек іздерінің майда бедердің ерекшекліктері

5. Мылтықты зерттеу.


1) Азамат Есимовтен алынған үш мылтықты қарау кезінде (фото 43 В), үшеуінің біреуі қалған екеуінен ажыратылады: сыртқы көрінісі бойынша, оқпанның саны бойынша, жабылу механизмі бойынша, сондықтан, мылытықтар шартты түрде екі топқа бөлінді.
Бірінші топты, яғни бір мылтықты қарау кезінде, ол екі оқпаннан тұратындығы, соғып-түсу механизмінің колодкаларында, мылтықтың жалпы ұзындығы – 1140 мм.
Мылтықтың оқпаны алынады және горизонталды жазықтықта орналасқан, ұзындығы-720 мм. оқпанның каналдары жалама, кертіксіз. Оқпан каналдарының ішкі диаметрі-16,1 мм, патронник жағынан-19 мм. Оқпанның жабылуы екі оқпандық ілгек пен көлденен болттар арқылы жабылады.
Шүріппенің шапасын қайыру мылтықты ашу кезінде орын алады.
Соғып-түсу механизмі жеке негізде орналасқан.
Мылтықтың мойны- ілгешек тұтқыш типті.
Дүмі-пистолеттік нысанды.
Мылтықтың жиегінде келесі маркировкалар бар:
- оқпан алаңының колодкасында, мойын аралында «А №9275», ол мылтықтың моделін көрсетеді (фото 45);
- колодканың төменгі жағында «ТОЗ-25» моделі көрсетілегн (фото44).
Құрылымдық ерекшеліктері, марикиравкалары арқылы зерттеуге ұсынылған мылтық отпен атылатын қару, тегіс оқпанды, аң аулауға арналған «ТОЗ-25» №9275 мылтық.
Мылтықтың шүріппесін басу үшін бірталай күш қажет: алдынғы түсі шүріппесін басу үшін – 2кг, артқы – 2,5кг (аталған көрсеткіштер зауытпен көзделеген нормалардың шегінде).
Зерттеуге ұсынылған патронниктің соғып-түсу мезханизмінің жұмысын тексеру үшін, патроннике капсюлмен (оқталған патрондар ішіндегі дәріні тұтандыру үшін ұрудан тұтанатын жарылғыш заты бар қалпақша) снарядтталған гильзалар салынды, содан кейін, мылтықтың шүріппесі қайырылған соң, резиналық балғамен дүні, оқпаны және мойнынан соғылды. Шүріппе ілгектен үзілегн жоқ. мылтықты тежегішке салу кезінде де жоғарда аталған жағдайлар орын алды.
Зерттеудің нәтижелері, мылтықтың техникалық жағдайын ескере отырып, мылтықтың түсу ілгегіне баспай, атыс болуы мүмкін емес.
Мылтықтың оқпаның ашу кезінде ол бір жерде тұрып қалады, өйткені жабу планкасының кір болуына байланысты ол артқа қарай жылжи береді.
Мылтықтың атысқа жарамдылығын анықтау үшін және гильзаның салыстырмалы материалдарын алу үшін, әр оқпаннан сәйкес патрондармен үш рет экперименталды түрде атылды.
Қорта келе, 16 калибрлі, «ТОЗ-25» №9275 мылтықтың соғып-түсу тетігі жарамды және ату үшін де жарамды.
2) Қалған екі мылтықтарды қарау кезінде (фото 1 А;Б), әр біреуі оқпаннан тұрады, соғып-түсу тетігі бар, көздемелі планкісі бар, құбырлы магазині және дүні бар. әр мылтықтың ұзындығы - 1260мм.
Оқпан қозғалмалы, алынатын, ұзындығы – 750мм, оқпанның каналы тегіс және кертіксіз. Оқпанның жабылуы жауынгерлік тірегің мойнымен жүзеге асрылады.
Мылтықтың автоматтандырылуы оқпанның ұзынша жүруінің оқ-дәрі газдарының әрекеттері арқылы жүзеге асрылады.
Мылтықтың ішкі диаметрі-16,8 мм, мылтықтың оқталатын бөлігі-21мм.
Соғып-түсу тетігі шүріппелік-соғу типіне жатады. Шүріппесі – ішкі, қайтармалы болып келеді. Боегі де қайтармалы, шүріппеден бөлек жасалған.
Соғып-түсу тетігі дербес негізде жасалған және тек бір реттік атуға жарамды.
Бекітпесі - тайғақ, патронның патроннике түсіуі автоматандырылған, гильза оқпанның алға жылжуының нәтижесінде алынады.
Тежегіші-жалаулық.
Магазині-құбырлы, сиылымдылығы-4патрон.
Дүні пистолеттік болып табылады.
Көзделетін құрылым желдету планкілерден және қарауылдан тұрады.
Бөлшекке сұрыптау кезінде келесі мән-жайлар анықталды: барлық детальдары бар, бүгіліс және сынықтары жоқ, беті тегіс және әбден жетілген.
Мылтық детальдарында келесі маркировкалар бар:

  • оқпанның төменгі жағында –«7131» (бір мылтықта), «4283» (екінші мылтықта),- мылтықтың нөмерін көрсетілеген (фото 47-48).

  • әр мылтық оқпанының жоғарғы жағында – «МЦ 21-12», мылтықтың моделін көрсетеді (фото-46).

Құрылымдық ерекшеліктері, марикиравкалары арқылы зерттеуге ұсынылған мылтықтардың екеуі отпен атылатын қару, тегіс оқпанды, аң аулауға арналған 12 калибрлі модель «МЦ-21-12» №7131, бір мылтықта-4283.
Аталған мылтықты ату үшін, түсу ілгегіне күш жұмсау қажет-2,6 кг.
Зерттеуге ұсынылған патронниктің соғып-түсу мезханизмінің жұмысын тексеру үшін, патроннике капсюлмен снарядтталған гильзалар салынды, содан кейін, мылтықтың шүріппесі қайырылған соң, резиналық балғамен дүні, оқпаны және мойнынан соғылды. Шүріппе ілгектен үзілегн жоқ. Мылтықты тежегішке салу кезінде де жоғарда аталған жағдайлар орын алды. Зерттеудің нәтижелері, мылтықтың техникалық жағдайын ескере отырып, мылтықтың түсу ілгегіне баспай, атыс болуы мүмкін емес.
Атыс болу мүмкіндігін және гильзалардың салыстырмалы материалдарын алу үшін эксперименталды атыстар орын алды. ССО эксперименталды атыстың нәтижесінде, аң аулауға арналған патрондармен әр мылтықтан үш реттен атыс болды. Барлық атыстар шиленіссіз өтті.

6. ОБЖ алынған аң аулауға арналған гильзаны зерттеу.


1) Гильзаларды қарау кезінде (фото20), екі гильза металлдан жасалған, формасы- цилиндрлік, капсюлдық ұяға ақшыл-сары түсті металл салынған- «центробой», капсюль майысқан боектың іздері анықталды.
Гильзалардың түбінеде маркировкалы белгілер бар: «16-84»; «16-88» «16-91»; «АННА-12», аталған белгілер дайындаған зауыттың тауарлық белгісін көрсетеді, мылтықтың калибрі (фото 22-25).
Металлдан жасалған гильзалардың ұзындығы – 69,5мм, цилиндр бөлігінің диаметрі – 18,7мм, түбінің диаметрі – 20,5мм және 22,5мм.
Полимерлі гильзаның ұзындығы : 70 мм және 68,5 мм., цилиндр бөлігінің диаметрі – 18 мм және 19 мм., түбінің диаметрі – 20,5 мм және 22,5 мм.
Құрылымдық ерекшеліктері, гильзалардың маркировкалық белгілері, гиль капсюліндегі боектың іздері, 4 гильзалардың 3 аң аулау патрондарын атылған, 16 калибрлі.
Бір гильза - аң аулау патрондарын атылған, тегіс оқпанды аң аулауға арналған мылтықтан атуға жарамды, 12 калибрлі.
Аң аулауға арналған патрондар аң аулау мылтығының оқ-дәрілеріне жатады.
Микроскопиялық зерттеудің (МБС-2) нәтижесінде келесі мән-жайлар анықталды: жартылай доға тәріздес жаншылған боектың ізі капсюл орталығынан алғанда эксцентрлік күйде орналасқан. Боектың ізінде микроскопиялық тереңдіктер мен дөңестер бар, олар әр гильзаға жеке. Аталған боектың майда бедерлері нақты көрінеді, сондықтан, гильзалар идентификациялануға жарамды.
2) Боектың іздерін зерттеп отырған гильза арқылы микроскоппен салыстыру (LEICA DMC ) арқылы, келесі ерекшеліктері байқалды:
- боек іздерінің формасы;
- боек іздерінің түбіндегі жалпы сурет;
- боек іздерінің түбінде орналасқан майда бедерлердің құрылымы.
Аталған ерекшеліктер, екі гильзаның екі түрлі мылтықтан немесе бір мылтықтың екі түрлі оқпанынан атылғандығын дәлелдейді.
3) Есимовтен алынған қарудағы салыстырмалы гильзалардағы қарудың іздерін зерттеу кезінде, келесі мән-жайлар анықталды:

  • капсюлде «ТОЗ-25» №9275 мылтығынан атылған гильзада боек іздері орын алды, олар жартылай доға тәріздес жаншылған, боектың ізі капсюл орталығынан алғанда эксцентрлік күйде орналасқан. Боек іздерінде, барлық гильзаларда микроскопиялық тереңдіктер мен дөңестер бар, олар әр гильзаға жеке және формасы, конфигурациясы бойынша сол жақ оқпанның боек гильзасының майда бедері оң жақ оқпанның боек гильзасының майда бедерінен ерекшеленеді.

  • «МЦ 21-12» № 7131 модель мылтығынан атылған гильза капсюлесінде микроскопиялық тереңдіктер мен дөңестер бар, олар доға тәріздес микротрассалар, әр гильзада жеке және күрделі суретті құрайды.

  • «МЦ 21-12» № 7131 модель мылтығынан атылған гильза капсюлесінде(оқталған патрондар ішіндегі дәріні тұтандыру үшін ұрудан тұтанатын жарылғыш заты бар қалпақша) микроскопиялық тереңдіктер мен дөңестер бар, олар доға тәріздес микротрассалар, әр гильзада жеке және күрделі суретті құрайды.

Жүргізілген зерттеулерді қорта тұра, әр гильзада боектың майда бедерлері тұрақты қайталануына байланысты, салыстырмалы гильзаларды идентификациялауға жарамды деп тануға болады.
Боектың іздерін зерттеп отырған гильза арқылы микроскоппен салыстыру (LEICA DMC ) арқылы, «16-91» маркировкасымен атылған салыстырмалы алынған гильзалар, «ТОЗ-25» №9275 сол жақ оқпанымен атылған салыстырмалы гильзалар, «16-88» маркировкасы бар салыстырмалы гильза, оң жақ оқпанымен атылған салыстырмалы гильзалар келесі ерекшеліктері байқалды:

  • боек іздерінің формасы бойынша;

  • боек іздерінің орналасуы және қалыптасу деңгейі бойынша;

  • боек іздерінің майда бедерінің құрылу ерекшеліктері бойынша (фото 37, 39-40).

Көрсетілген сәйкес келушілігі келесі қорытынды береді: «16-74» маркировкасы бар гильза «ТОЗ-25» №9275 моделінің сол жақ оқпанынан атылған, екіншісі «16-88» маркировкалы гильза аталған мылтықтың оң жақ оқпанынан атылған.
Сонымен қатар, 16 калибрлі, ОБЖ алынған полимерлі гильзалардың 16 калибрлі «ТОЗ-25» №9275 мылтық моделінен атылған салыстырмалы гильзалармен айырмашылықтары да анықталды және ОБЖ алынған 12 калибрлі «МЦ21-12» мылтық моделінен атылған салыстырмалы гильзалармен айырмашылықтары анықталды. Олар:
- боек іздерінің формасы бойынша;
- боек іздерінің орналасуы және қалыптасу деңгейі бойынша;
- боек іздерінің майда бедерінің құрылу ерекшеліктері бойынша.
Осы арқылы, 16 калибрлі, ОБЖ алынған полимерлі гильзалар«ТОЗ-25» №9275 мылтық моделінен атылмаған, ОБЖ алынған 12 калибрлі полимерлі гильза «МЦ21-12» мылтық моделінен атылмаған.

7. Пыждарды зерттеу.


ОБЖ алынған үш пыжды қарау кезінде (фото 19), біреуі түссіз полимерлі материалдан жасалғандығы және цилиндрлік формасы бар, беті тегіс, мұқият жетілген, шеттері түзу. Диаметрдің мөлшері – 18,5 мм, биіктігі – 40мм.
Екі қалған пыждар қара түсті кигіз материалынан жасалған, биіктігі-18,5 мм, диаметрі – 19мм, бір шет жағына аралық қабат жабыстырылған, қалындығы 2 мм, екінші жағында сұр түсті жұмсақ металдан жасалған үзінді жабыстырылды, мөлшері – 15*16 мм. Пыждар талшықтанған.
Пыждарды микроскопиялық (МБС-2) зерттеу кезінде, пыждың бүйіріндегі бетінде қара-сұр түсті микроскопиялық бөлшектер бар, олар жаңып кеткен оқ дәрілерге ұқсас.
Пыждардың құрылымдық ерекшеліктері, оның ішінде дайындалған материалдары, шеттерінің және бетінің пейілі, қара-сұр түсті микроскопиялық бөлшектердің бар болуы, ОБЖ алынған үш пыждың оқ дәрілік пыждармен атылғандығын, зауытта дайындалғандығы және 12 калибрлі аң аулауға арналаған тегіс оқпанды патрондарды зарядттауға араналағандығын дәлелдейді.

8. Есимовтен алынған аң аулау гильзаларын зерттеу.


Есимовтың үйінен алынған сегіз гильзалар мен бір патронды қарау кезінде (фото 21), олар металлдан жасалғандығы, гильзалардың корпусының формасы-цилиндрлік екендігіанықталды. Капсюлдық ұяға ақшыл-сары түсті металл салынған - «центробой», жеті гильзада капсюлі боектың әсер ету іздерісіз орналасқан.
Гильзалардың түбінеде маркировкалы белгілер бар: «16-74» (2); «16-71»(1); «16-85» (5); «16-91» (1), аталған белгілер дайындаған зауыттың тауарлық белгісін көрсетеді, мылтықтың калибрі (фото 25-28).
Патрон мен гильзалардың мөлшері: гильзаның ұзындығы-69,5 мм., цилиндр бөлігінің диаметрі-18,7 мм., түбінің диаметрі-20,3 мм.
Құрылымдық ерекшеліктері, оның ішінде гильзаның маркировкалық белгілері, Есимовтен алынған бір патрон және жеті гильзалар аң аулауға арналған патрондардыкі және 16 калибрлі аң аулауға арналаған тегіс оқпанды мылтықтан атуға жарамды екендігін дәлелдейді.
Аң аулау патрондары тегіс оқпанды аң аулауға арналған оқ дәрілерге жатады.
Есимовтен алынған патронды зерттеу кезінде келесі мән-жайлар анықталды (фото 29):
- снаряд- сұр түсті тамшы формалы жұмсақ металлдың бөлшектері, мөлшері 2*4,5 мм., металлдың бөлшегі – 0,378 мг. ден 0,413 мг. олардың беті түзу емес, теренделген және шошақ болып келеді. Снарядтың жалпы салмағы – 21,47 г.
Металл бөлшектерінің түзулік сызықтары, салмағы, бетінің ерекшеліктері зерттеліп отырған патронның снарядтары №5 бытыраның типімен және қолдан жасалғандығын дәлелдейді.
Пыж – ағаш-талшықтық сары-сұр түсті болып келеді.
Қара түсті оқ дәрілердің формалары дұрыс емес, оның беті жалтырақ бұлыңғыр және оны инемен басқан кезде қара ізді қалдырады. Оқ дәрінің жалпы салмағы – 3,45 г.

9. ОБЖ алынған қорғасын снарядтарды зерттеу.


1) Көліктің капотының астынан алынған металлдың бөлшегін қарау кезінде (фото 18), ол ақшыл-сұр түсі бар жұмсақ металлдан тұрады, формасы- доға тәріздес, мөлшері 17*29 мм., жалпақтығы 2,2 мм. ден 5,2 мм. дейін жетеді. Металл бөлшегінің бір жағы иылған, оның беті тегіс, екінші жағынын беті түзу емес және тік түзу терендіктер мен шошақтардан тұрады.
Металлдың бөлшегінің формасы және салмағы көліктің капотының астынан алынған металл бөлшегінің оқ екендігін және аң аулау патроның снарядтағанда қаолданылатындығын дәлелдейді.
2) Металлдың екі бөлшегін қарау кезінде, оның біреуі Б.Бекмурзиннің аяғынан алынған (фото 18), ал екіншісі ОБЖ алынған (фото 10). Олар қара-сұр түсті жұмсақ металлдан жасалған және формасы – домаланған тәріздес, диаметрі 7,7 мм., салмағы 2,6 г.
Зерттеуге ұсынылған металлдың бөлшектерінің формалары және мөлшері олардың аң аулау патроның снарядтағанда қаолданылатындығын дәлелдейді.
Кейінгі зерттеу процессі, ОБЖ алынған картечь, қорғаныс оқтың, пыждың пайда болған қайнар көздері бір ма деген сұрақты шешу үшін бағытталған. Ол үшін, Есимовтың үйінен алынған оқ дәрілермен салыстырмалы зерттеу жүргізілген.
ОБЖ алынған және Есимовтың үйінен алынған пыждарды салыстырудың нәтижесінде, олардың бір-бірінен дайындау материалдарына қатысты ажыратылатығын анықтады. Сондықтан, ОБЖ алынған және Есимовтың үйінен алынған пыждардың қайнар көздері әр түрлі.
ОБЖ алынған және Бекмурзиннің аяғынан алынған картечь, қорғаныс оқтары салыстырмалы түрде зерттелді. Оларды дайындаған материалдардын табиғаты зерттелуге ұсынылды.

Спектрографиялық зерттеу


(жүргізген сарапшы Е...)
ОБЖ алынған және Бекмурзиннің аяғынан алынған картечь, қорғаныс оқтарын спектрографиялық түрде зерттегенде, олардың эмиссиялық спектральды анализге химиялық құрамдары зерттелді. Олар құбылмалы тоқтың үзіліс доғасында ПГС-2 дифракциялық спектрограф арқылы жүзеге асырылды.
Зерттеудің шарттары мен нәтижелері қосымшада.
Шарттың объектілері белгіленген:

  • Бекмурзиннің аяғынан алынған картечь - №8

  • ОБЖ алынған картечь - №10

  • ОБЖ алынған қорғаныс оқ - №11№

  • пыжда қалдырылған металлдың фрагменттері - №9

  • Есимовтың үйінен алынған патрон -№1-7.

Келесі нәтижелер анықталды:
- 1-7,11 ұсынылған қоғаныс объектісінде – қалайы деген элемент құрайды, қоспа ретінде сүрме, күміс және мыс элементтері орын алады.
- 8-1 ұсынылған объектілері сапалық және сандық жағынан бірдей.
- 1-7,11 және 8-10 объектілері сандық жағынан бірдей, бірақ сапалық элементтік құрамы бойынша ерекшеленеді (қалайы).
Салыстырмалы анализдің негізінде анықталды:
1-7,11 объектілер сапалық және сандық мазмұны жағынан бірдей;
8-10 объектілері сапалық және сандық мазмұны жағынан бірдей;
1-7,11 объектілері сандық мазмұны жағынан бірдей, бірақ сапалық жағынан ерекшелінеді, яғни элементтік құрамы әр түрлі (қалайы).
Барлық аталған объектілердің элементтік құрамы қорғаныс құмаларынан жасалған, олар оқ-дәрілер дайындау үшін қолданылады.
Салыстырмалы зерттеу негізінде, Есимовтың үйінен алынған бытыра мен патрондар және зерттеліп отырған көліктен алынған қорғаныс оқтары жасалу материалдарына қатысты бірдей (түсі, металлдың құмасының құрамы).
Сонымен, Есимовтың үйінен алынған бытыра мен патрондар және зерттеліп отырған көліктен алынған қорғаныс оқтарының топтық қатыстылығы бірдей.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет