Нәресте кезеңін - өзіне тән ерекшеліктері мол, қызығы
Нәрестемен мен қиындығы аралас, аса бір күрделі кезең деуге болады.
сырласу Өйткені, адамның Тәні мен Жаннының физиологиялық дамуы бір үндестікке бағынып, кез-келген т ә р б и е тәсілдері: емізу – еркелету – жуындыру – сылау мен сипау – сөйлесу – сырласу – бесік жыры – ұйықтату – тәрізді әрекеттер, оның Жаны мен Тәніне психикасының жетілуіне б і р д е й әс е р етеді. Дәл осы кезеңде, адам тәрбиесінің екі жүйесі: Жүрек тәрбиесімен Ақыл тәрбиесі – домбыраның қос ішегіндей күйге келу үшін, анасының мейірімі мен парасатына қоса, оның алақанының т а б ы мен дауыс әуенінің ү н і н е дейін, пәрменді ықпал ететінін естен шығаруға болмайды.
Бала қырқынан шығып қарақұлақтана бастаған сәтте, бір мезгіл ескі к ү й л е р ойнатып, жағымды мақамда айтылатын т е р м е тыңдату, тіпті ата-бабасы жайындағы аңыздарды да қысқаша әңгімелеудің берері мол. Себебі, ата-баба зердесін ояту арқылы да, нәрестенің жандүниесіндегі а р н а л а р д ы тереңдей ашып, тезірек жетілуіне орасан зор көмек етпек. Ол үшін ең алдымен оның көңіл-күйін байқаған жөн. Егер ол сырласуға бейім жатса - әңгіме айт, ал әуенге ыңғайын аңғарсаң – күй тыңдат, болмаса сылап-сипағанды керек етіп жатса – бесіктен босатып денесін қимылға келтіріп с ы л а у қажет. Өйткені, ананың алақанынан артық “бимануальная терапия” болуы мүмкін емес. Сөз жоқ, осы тектес тікелей жасалынатын тәрбие тәсілдері, тек баланың ұйқысы қанып оянған сәттерінде жүргізілуге тиіс. Бұл кезеңде – ұ й қы ең басты қажеттілік екені есте болғаны жөн.
Ана құрсағындағы кезеңінде тиісті т ә р б и е с і н алмаған
Сана нәресте, туғаннан кейін де анасымен қатынасқа түсуі оңай
тәрбиесі емес.Тіпті, қырқынан шығуымен басталатын а қ ы л т ә р б и
е с і де, тікелей құрсақтағы тәрбиемен байланыста екені дәлелденіп отыр. Халық педагогикасы бойынша да, нәресте қырқынан шыққанда мойнын өзі ұстап, қарашықтарын меңгере алатын жағдайға келеді. Міне, осы сәттен бастап ол – Ақ пен Қараны ажыратып, оған таң-тамаша болып, тұңғыш рет т а ң ы р қ а у сезімдерін тұшынады. Бұл – с а н а н ы ң алғашқы с ә у л е с і еді?! Былайша айтқанда, Халық педагогикасы мен психологиясының екінші жүйесі – а қ ы л т ә р б и е с і, өз қызметін бастады деген ұғымды береді. Ендігі жерде, күн өткен сайын ақыл тәрбиесі мен жүрек тәрбиесі үндесе жетіліп, адам ғұмырының ақырына дейін қызмет етуге тиісті. Бірақ, адамдар арасындағы қарым-қатынаста осы күнге дейін, ондай үндестіктің жоқ екені бәрімізге де белгілі. Себебі, сол адам тәрбиесіндегі бұрынғы кемшіліктер қаз-қалпында қалып отыр. Бүгінгі адам тәрбиесінде де алғашқы екі кезеңнің ескерілмеуінен, халық педагогикасының жоғарыда айтылған екі жүйесі де үндесе алмай, дәл бұрынғыдай күйленбеген домбыраның күйін кешуде.