Совет–Хан Єаббасов


Жаңа туған тұрқының ұзындығы – 50-52 см, басының көлемі‑ 30-32 см нәресте



бет112/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   294
Байланысты:
treatise70934

Жаңа туған тұрқының ұзындығы – 50-52 см, басының көлемі‑ 30-32 см
нәресте болады. Оның бұл кезеңдегі, Тән құрылыстарының
қозғалыс‑қимылдары, аса айқын байқалмайды. Қол – аяқтары бейберекет тыпырлай береді. Нәрестенің алғашқы айлардағы ең орнықты қалыбы – шалқасынан түсіп, жұдырықтарын түйген күйі, үнемі тізелерін жазбай бүккен бойы жатады. Оның бұл құбылысы – ана құрсағындағы әдетінен әлі де, арыла қоймағанын аңғартса керек. Нәрестенің осынау қорғансыз тұрпаты өз қажеттілігін сездіргенде де аса өзгермей, тек дауыс ырғақтарымен білдіруге тырысады. Нәресте әртүрлі дыбыстармен; - Иә қарны ашты ма? - әлде, Асты суланды ма? – немесе Жөргегі батып жатыр ма? – нені сұранып жатса да, анасы уақыт өте тапжылтпай түсінетін жағдайларға жетеді. Барлық жағдайлары келіссе, ол алғашқы айларда 20-22 сағаттай ұйықтауға тиісті. Оған аса ыңғайлы келіскен жағдайды, тек б е с і к қана жасай алады. Сондықтан да, біздің халқымыз ғасырлар бойы ұрпағын бесікке тәрбиелеуде ұлан-ғайыр тәжірибе жинақтаған. Нәрестені б е с і к к е салу мерзімі кіндіктің қатуына байланысты болғандықтан, мөлшермен 5-7 тәуліктей уақыт қажет етеді. Бесік жайында, осы Халық педагогикасы мен психологиясының 3-ші негізінің – этнопедагогикалық сипатында, жан-жақты етіп, кең мағынада әңгімелейміз. Бесіктің өзіне тән құрылысы мен ерекшеліктеріне де, алғаш рет ғылыми негіз беруге талпыныс жасалынады.
Анасының нәрестесімен тілдесуі, ерте басталуға тиісті
Нәрестемен екені, жоғарыда біраз айтылғандай еді. Әйтседе, аналық
тілдесі және мінәжәт құрсақтағы 3-ші және 4-ші айлардан бастап,
психикасын игеру мақсатты түрде айқын етіп жүрек тәрбиесін жетілдіуді
жас босанған ана жан-жақты үйренумен қоса, осы кезеңге тән тәрбие тәсілдерін мұқият игергендері жөн. Сол игерген тәрбие тәсілдерін, енді жарық дүниеге келген нәрестесіне ұғымды жеткізу үшін, ең әуелі ол – нәрестенің көңіл–күйін, осы сәтте неге бейім екенін, Әлде тілдесуге ме? – Иә-ә, сырласуға ма? немесе, бесік жырын тыңдауға ма? Әйтеуір нәрестесінің психикасын дәл басып тануға талпынғандары дұрыс. Нәресте алғашқы күннен бастап-ақ, өзінің психикалық табиғи темпераменттерін және сезімталдық қасиеттерін аңғартпай қалмайды, әсіресе, құрсақтағы жүрек тәрбиесі дұрыс қалыптасқан жағдайда, тіпті оның жүзінен әрбір сәттегі көңіл-күйлерін ажыратып алу, ешқандай да қиындыққа түспейді. Керек десеңіз, ол қырқынан шықпай-ақ қарашықтарын меңгере бастағанын аңғартуға тырысады. Оны ұқыпты аналар бірден байқайды. Сөйтіп, ол өзінің көз жанарымен сөйлесе де алатынын байқатады. Тек оны түсінуге, анасының өз жүрегі де ашық болуы керек. Ананың нәрестесімен тілдесуі қысқа ғана бірақ дауыс ырғағындағы мейірім мен әуезі айқын, еркелеткен мінәжәтымен астасып жатқаны жөн. Аса үзіліп үздікпей-ақ, барынша байсалды да, терең тебіреністе болғаны әлдеқайда ұтымды.
Осы ілімдегі көзқарасты негізге алып дүниеге келген үш нәрестенің де, біздің тәжірибемізде байқалған психо-физиологиялық көріністері, осы жоғарыда айтылған ойларды бекіте түседі. Оны сіздер “Жас босанған ананың күнделігі” деп берілген тақырыптан жан-жақты танысатын боласыздар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет