Совет–Хан Єаббасов


§ 4. ЖЕТІ ЖАСАРЛАР НЕМЕСЕ 0-ШІ СЫНЫП



бет194/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   294
Байланысты:
treatise70934

§ 4. ЖЕТІ ЖАСАРЛАР НЕМЕСЕ 0-ШІ СЫНЫП


Балабақшалардың өмiрге қанат қақтырар жеткiншектерi – алты жастан өтiп, жетiге толған балалар екенi әркiмге де аян. Жетiге толған балалар күзде бiрiншi сыныпқа баратындықтан, балабақшаның соңғы жылы негiзiнен, мектепке әзiрлiк жұмыстарын жүргiзедi. Мұны педагогика тiлiнде 0-шi сынып деп те атайды. Ал қазiргi кезде елiктеушiлiкпен баланы 6 жасынан мектепке беру керек дейтiн тұжырымның әлi де зерттеудi қажет ететінін, кемшiлiктерiнің көп екенiн батыл түрде айтуды азаматтық парызымызға санаймыз. Алты жасар бала дене бiтiмi жағынан шымыр да болуы мүмкiн, бiрақ ол жетi жастағы баламен салыстырғанда әлi де сәби екенiн түсiнуiмiз керек. Сондықтан, баланың мектепке жетi жасқа толғаннан кейiн баруы өте орынды. Өйткенi, адам ең әуелi биологиялық индивид ретiнде, ол мiндеттi түрде биологиялық және физиологиялық заңдылықтарға бағы-нып, сол өзiнiң физиологиялық кезеңдерiне лайықты iс-әрекеттер жасауға тиiстi. Баланың жетi жасқа толық толу сәтiн, оның саналылыққа тұрақты түрде тоқтаған алғашқы баспалдағы деуге болады. Себебi, бұл кезде адам баласының жыныс бездерi мен жұлын-жүйке сөлдерiнiң үндесе қызмет етулерiнiң арқасында, адамдық т е м п е р а м е н т т е р д i ң негiздерi ғана қалыптасып қоймай, сонымен қоса әр адам өз алдында жеке тұлға ретiнде ерекшеленiп, оның мiнез-құлықтарының да дараланып дамуының күрделi сатыларынан өте бастайды. Мiне, бұл баланың жетi жасынан ғана мектепке баруын құптайтын дерек деп есептей аламыз. Бұған қосымша ретiнде, әр халықтың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отыратын т е к т i к сипаттарын да, мiндеттi түрде есептеген жөн. Өйткенi балаға ата-баба зердесi де әсер етпей қоймайды. Адам тәрбиесiнiң осы кезеңiнде, барлық әрекеттiң зиянсыз болғаны ауадай қажет. Оның тәулiктiк тамақтануы мен тазалық режимдерi де, өткен жылдағыдан аса үлкен өзгерiстерге ұшырамағанымен, жетi жасарлардың ойлану мен ойнау тәрбиесiне көптеген өзгерiстер енедi. Балабақшаларда соңғы жылы тәрбие сабақтары: I-шi, II-шi, III-шi және IV-шi тоқсандарға жiктелiп өткiзiлетiн болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет