Совет–Хан Єаббасов


ТАБИҒАТ ТЫЛСЫМДАРЫНА ТЕРЕҢДЕУ



бет195/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   294
ТАБИҒАТ ТЫЛСЫМДАРЫНА ТЕРЕҢДЕУ


Табиғаттағы күллi тiршiлiк иелерi, тек жерде ғана емес, сондай-ақ ғарыштың қат-қабат толқындарын кешiп те өмiр сүрiп келедi. Космос күштерi өзiнiң құрамындағы бiр бөлшегi ретiнде бiздiң планетамызға да, тiптi оның қойнауындағы т i рi және ө л i табиғатына жан-жақты әсер етедi. Осы құбылыстардың мәнiн терең түсiнген орыстың атақты ғалымы К.А.Тимирязевтiң: “Бiздер күн перзенттерiмiз” дейтiн қанатты сөзiн еске алуды жөн көрiп отырмыз. Өйткенi тоқтаусыз өзгерiп жататын бiздердiң күнделiктi тiршiлiгiмiзге, тек Күн жүйесiндегi планеталар ғана әсер етiп қана қоймайды, сонымен қоса, өзiмiз мекен етiп отырған, шетi мен шегi жоқ сияқты галагтиканың да ықпалы күштi. Осы тектес табиғаттың аса үлкен құбылыстарын, тек ХХ ғасырдың iшiнде ғана, адам баласы жан-жақты анықтай бастайды. Адамзат қауымы әуел баста табиғат сырларын қалай ашып ұғына бастағаны жайында нақтылы бiр мысал келтiрiп көрелiк. Ол өзiмiзге етене таныс – м а г н и т күштерiнiң қалай ашылғандығы жайындағы аңызға тоқталмақпыз. Себебi, бүкiл Жер планетасындағы өлi және тiрi табиғаттарына арқау болып тұрған да осы магниттiк күштер екендiгi жан-жақты анықталып отыр. Адам баласы бiздерде, бүкiл жанымыз бен тәнiмiздегi барлық қасиеттерiмiздi қоса, осы магниттiк ортаның ықпалымен өмiр сүрiп келе жатырмыз. Ал шын мәнiнде, магниттiң әлi де шешiле қоймаған жұмбақ сырлары өте көп.


ҒАЖАЙЫП ТАС (АҢЫЗ)


Бұл бiздерге аңыз болып жеткен өте көне әңгiмелердiң бiрi. Оқиға бұдан неше ықылым замандар бұрын болыпты. Кәдiмгi мал бағып жүрген қарапайым адам, бөлiнiп қалған қойларын iздеп, тау-тастарды аралап көп жерлердi шарлайды. Ол күнделiктi өзi бiлетiн қырат-белдерден асып, алыстан қарауыта көрiнiп тұратын тау арасындағы бiр бейтаныс жерге келедi. Шағын ғана алаңқай екен. Оның үстiнде шашылып жатқан жусаған қой тәрiздi, кiшiгiрiм қазандай қара тастарды көредi. Әлден уақытта, қолындағы таяғына жан бiткендей, қара тасқа жақындай қалса, өзiн дедектете сүйреп әуреге түсiре бередi. Неғұрлым тасқа жақындай түссе, таяғының ұшындағы темiрдi өзiне тартып, тастан шыққан әлденедей күш жiберер емес. Ол бастапқы сәтте шошына жасқаншақтаса да, бойы үйренгеннен соң тастың жанына келiп, оны аудастыра-төңкерiстiрiп ұзақ тексередi. Сырттай қарағанда, кәдiмгiдей қарапайым ғана қара тастан еш айырмашылығы жоқ. Бiрақ, таяқтың ұшындағы темiрдi тартқанда, сарт еткiзе ұстайтын әжептәуiр күшiн байқатады. Қойшы әрi ойланып, берi ойланады да, тасты тастап кетуге қимай, арқалаған күйi осы таудың бөктерiнде орналасқан Магнессу қаласына алып келедi. Ол бiрден қала базарында жүрген халықтарға қызықтатып, тауып алған тасының қасиетiн көрсете бастайды. қала жұртшылығы, мынау таңғажайып тастың темiр атаулыны сартылдатып өзiне жабыстыра беретiн қасиеттерiн көрiп таң-тамаша болып қайран қалыс-ты. Сөйтiп, жұмбақ тасты осы қаланың атымен – м а г н и т деп атандырды. Егер шынымен-ақ осы аңызға сенетiн болсақ, табиғаттың ең ғаламат құбылыстарының бiрi – м а г н и т и з м м е н - адамдар алғаш рет осылай табысыпты. Табиғаттың бұл тақылеттес жұмбақ сырларын бертiн келе, ел басқарушы бай-патшалар мен дiн иелерi өздерiнiң мүдделерiне жақсы пайдаланып отырған.

* * *
Адамзат қауымы м а г н и т т i ң сырын бертiн келе түсiне бастайды. Оның өзiне ғана тән ерекше қасиетiн, алғаш рет жиһанкездер өздерiне жол көрсетушi құрал ретiнде тұтынады. Ендi ұшықиыры жоқ теңiздер мен мұхиттарда жүзу немесе шөл-сахарларды басып сапар шегу адамдарға аса қиындыққа түспейдi. өйткенi, оны алған бетiнен адастырмайтын магниттiң құдiретi бөлек күшi, үнемi көмектесiп отырмақ. Осыған орай, тарихта болған мынау бiр оқиғаны еске алған жөн сияқты. Атақты саяхатшы Колумб магниттен жасалынған компастың бұл қасиетiн өзiнiң Америка жағалауларын ашудағы сапарында, өте жақсы пайдаланған. Колумбтың осы сапары үшiн арнайы жасалынған үш үлкен кеме, 1492 жылы тамыз айының 3- күнi таң алдындағы алаң-елеңмен, құпиясы мол беймәлiм ұзақ сапарға аттанды. Бұл сапардың бағыты мен мақсатын басқарушы ретiнде, тек саяхатшы-ғалым Колумб ғана бiлген. Тiптi, оның өзi де көп жағдайларда ойша ғана анықталған болжамдарға сүйенетiн. Әйтсе де, осы сапардың басшысы да, тәуекелшiсi де өзi болатын.


Айдыны шексiз су бетiнде өткен бiр айдан кейiн-ақ, көптеген теңiзшiлерi айтқан сөздерге күлкiмен қарап, сапарларын жалғастырмай елге қайта оралуды аңсай бастайды. Оларға мұхиттың сүреңсiз ұсқыны мен аспанға атылған толқындарынан өздерiне төнген ажал көрiнгендей едi. Бұл шақта кемелер Қанар аралдарынан ұзап шықса да, алдарында нендей жағдай боларын, қандай қиыншылықтар кездесетiнiн де, ешкiм бiлмейтiн. Адмирал Колумбтың өзi басшылық етiп келе жатқан “Санта-Мария” кемесiнiң жол сапарын тiркейтiн кiтабына, қыркүйектiң 9-күнi мынандай жазу жазылған: “Адмирал кемелердiң жүзiп өткен жолдарын журналға азайтып жазуды ұйғарды. Ал шындығында көрсетiлген мөлшерден әлдеқайда көп жүрген болатын. Егер, жазуда жол сапарының қашықтығы көңiлге түйгендегiден ұзарып кетсе, онда теңiзшiлердiң үрейлерiн күшейтiп, неше түрлi абыржуларға апарар едi. Оларды осындай алаңдаудан сақтандыру үшiн, жолды әдейi қысқартып жазу тәсiлдерi қолданылды”.
Бiр күнi кеменiң компасы өзiнiң бұрынғы бағытынан жаңылғандай, бағыттан ауытқып “ойнақши” бастайды. Ол көбiнесе солтүстiк – батысқа қарай ауытқи бередi. Бұл шақта компасқа әбден сенiп алған теңiзшiлер, мынау көрiнiске қатты абыр-жып қана қоймай, тiптi ес-ақылдары шыға ерекше қобалжыған күйлер кештi. Мiне, осы жағдайды көрген адмирал Колумб ары қарай ушықтырып алмау үшiн, ол өзiнiң әдеттен тыс шешiм жасауын қажет деп тапты. Ендi компасты барынша өзiнiң қадағалауына алады. Сөйтiп, ол жасырынып келiп, басқа тiрi жанға көрсетпей, компастың бұрыштық өлшемдерiн қажетiне қарай бұрап қоятын болды. Компас тiлi бұрынғыдай қалыпты жағдайды көрсетедi. Осылайша, атақты саяхатшы кемедегi жолдастарының қобалжуларын әрең тоқтатқан екен.
Мiне, одан берi де көптеген замандар өттi. Магниттiң “сиқырлы сырлары” жайында, көне дүниеден неше түрлi аңыз бен лақаптар да тарап үлгiрген едi. Бұл тәрiздес табиғаттың аса сирек кездесетiн әдеттен тыс күшi, адамдардың арман қиялдарына қозғау салып қана қоймай, сонымен қоса, оларды тылсым сырын шешуге ұмтылдыратыны да түсiнiктi. Ежелгi грек географы Птоломей былай деп жазған екен: “қазiргi Борнео аралы маңында тарту күшi орасан зор алып тау бар, сондықтан кемелердiң қаптауларын тек ағаш шегелермен ғана бекiткен жөн. Өйткенi, темiр шегелер таудың тарту күшiнiң әсерiмен өзiмен-өзi суырылып түседi де, кемелер быт-шыт апатқа ұшырайды”.
Осы аңызды өз шығармасында тамаша пайдаланған Жюль Верн, өзiнiң “Мұз жартас” дейтiн романында қым-қиғаш оқиғаларға негiз етедi. Жалпы, адам баласы табиғат құбылыстарын ашқан сайын, өзiнiң сол табиғатпен егiз екенiн тереңдеп тану үстiнде. Өзiн қоршаған айналасындағы тiршiлiк атаулының анасы – табиғат болса, бiрте-бiрте көкiрек көздерi оянған адамдар, сол табиғатқа өздерi тек көмекшi ғана екенiн сезiне бастайды. Табиғатты қастерлемеу, оны таза сақтауға ұмтылмау, күллi жер бетiндегi тiршiлiктiң құрып кетуiн жылдамдатады екен. Ендеше, табиғат анамыздың жұмбақ сырлары түгiл, оның өз ғұмыры да тiкелей адамдардың ақыл-ойына бағыныштылыққа ауысқан. Мұны дұрыс түсiну үшiн, адамдардың тек бiлiмдi болып қоюлары аз, сонымен бiрге имандылыққа негiзделген тәрбиелi де болуын талап етедi. Адамдардың бойында қалыптасатын мейiрiмдiлiк пен парасатты, әуел бастағы ұрық тазалығы мен ана құрсағынан бастап, адам тәрбиесiнiң барлық кезеңдерiнде жетiлдiрiп отыру негiзгi мәселе болып тұр. Олай болса, бұл iс бүкiл халықтық ұлы мақсат екенi айдан анық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет