Балаларды өсiмдiктер әлемiмен таныстырғанда, әуелi өзiнiң айналасындағы өсiп тұрған әр түрлi өсiмдiктермен таныстырған жөн. Өсiмдiк тек өзiнiң ғана тiршiлiк қуатын қамтамасыз етiп қоймай, сонымен қоса, жер бетiндегi күллi тiршiлiк иелерi, жан-жануарлар мен адамдардың да, күнделiктi қоректерiн берiп тынысын алдыратынын былай қойғанда, жер ананың өзiнiң де құнарлығын байытып отыратын құдiрет күштiң негiзi екен. Тек, өсімдіктердің арқасында ғана, өлі табиғаттағы заттар тірі табиғаттардың құрамына ауысып, екi бөлек тәрiздес дүниелердiң өзiне де жаңғыру мен қозғалмалы сипатқа иелiк еткiзедi. Ендеше, тек өсiмдiк әлемiнiң көмегiне иек артпаса, жер бедерi құнарынын айрылып, тіпті ағып жатқан өзендер мен көлдердiң сулары да құрып кететiндiгi белгiлi. Мiне, айналамыздың сән-салтанатын келтiрiп тұрған өсiмдiк әлемiнiң құдiретi осындай екенiн адам бала кезiнен түсiнiп өскенi жөн. Ал, өсімдіктер әлемiнiң өзi–бiр тылсым жұмбақтары мол, мыңдаған түрлерге бөлiнiп кететiнi белгiлi. Егер,осыларды шартты түрде ү ш к е бөлiп қарастырсақ: бірінші – табиғат анамыздың өзiн қоректендiретiн өсiмдiктер қатары қарағай, қайың, шырша, теректердiң неше алуан түрлерi, талдар мен үйеңкiлердi атасақ, екiншi – жан-жануарлардың қорегi – сан қилы шөптердiң түрлерi – бетеге, жусан, қияқ, көде, алабота, ши, жалбыз, жантақ, гүлдi шөптер, тiптi айта берсе сан жетпестей толып жатқан өз алдына бiр ғажайып; үшiншi – адамзаттың қорегіне жарайтын өсімдіктер – жеміс-жидек ағаш-тары – алма, алмұрт, шабдал, қауын, қарбыз, асқабақ, сәбiз, қияр, помидор, жаңғақ, өрiк, мейiз, жүзiм, шие, африка иә болмаса австралия құрлықтарында өсетiн жемiс ағаштарының тұқымдары, тамырына және бұтағына түйiн салатын өсiмдiктердiң түрлерi өз алдына бiр төбе. Мiне, осылардың бәрiнiң түрi мен түстерiн, жемiстерi мен жапырақтарын көрсете отырып, балаларға таныс-тырудан асқан үйрету мен ойлантудың жөнiн табу қиын болар. Әрқайсысының өзiне тән қасиеттерiн даралай ашып үйрету арқылы, оның ой мен қиялына әсер етуiн ұмытуға болмайды. Сонымен қоса, өсiмдiктер әлемiнде зияны мол улы шөптердiң де, жемiс-жидектердiң де көп екенiн айтқан жөн. Оларды да мүмкiншiлiгiне орай көрсетiп те, айтып та, ұстап та үйреткен дұрыс. Ал, адам баласының негiзгi қорегi болып табылатын – бидай, күрiш, картоп, пияз тағы басқа да, өсiмдiк дәндерiне ерекше арнайы сабақтар өткiзу мiндеттi болуға тиiстi.