Талшықтар класқа бөлінеді. Бірі ‑ өсімдік тектес те, екіншісі ‑
қарапайымдар. жанды тіршіліктердің қатарына жатады. Осы жанды
талшықтардың қатарына жататын қарапайым бір клеткалық — л я м б л и я деп аталынады. Манағы айтылған дизентерия амебасы сиякты бұл да, адамдарды паразитарлық ауруға ұшыратады. Оның да жұғу жолы — жуылып тазартылмай жеген жемістер арқылы таралады. Лямблияның микроскоппен қарағандағы түрі алмұрттың пошымына келеді. Ол ішек жолдарына түскеннен кейін-ақ, онда бір сәт те аялдамай, бірден өт жолдарына түсіп, жас балалардың да, үлкендердің де өтін қабындырып ауыртады. Ондай ауруды медицина тілінде л я м б л и я л ы х о л е ц и с т и т деп атайды. Жас балалардың тазалықты дұрыс сақтамауынан, оған дұрыс тәрбиеленбеуінен, бұл сырқатпен жиі ауыратындықтарын ескертеміз. Су топырақтарды ұстағаннан кейін, балалар даладан ойнап келісімен-ақ, қолдарын сабындап жууға әдеттенулері кажет. Әйтпесе, кір қолдарымен тамақ ішетін болса, одан да басқа, жұғатын сырқаттардың түрлері көп. Тек, білген және саналы түсінген балалар ғана тазалықты сақтауды әдеттеріне айналдырады.
Біздер бір клеткалы қарапайым тіршілік иелерінің
Қан судағы көріністерін білдік. Бірақ, олардың судағы
тамшысындағы тіршілігі, қан тамшысындағы тіршіліктерімен
көрінісі. салыстырғанда, тіпті ойыншық тәрізді болып қалады.
Олар қан тамырларының ішіне қалай кірген? Міне, бұл сауалдың жауабын да, тек микроскоптың көмегімен анықтауға болады. Осы мәселені арнайы жүргізілген зерттеулер арқылы, бір клеткалы карапайым тіршілік иелерінің қан жолына қалай түсетіндігін білдік. Мәселен, адамдарды, иә бол-маса, жануарларды батпақ масасы шақса, онда безгек аурулары тарайтындығы белгілі ғой. Міне, сол масаның тұмсығы арқылы қан жолына түсетін аурудың себепкері — кәдімгі бір клеткалы қарапайым тіршілік иесі екен.Оның да түп төркінінен шығарып, б е з г е к п а р а з и т і деп атайды. Тіпті, бұдан басқа да қанның құрамында тіршілік етіп, адам өміріне қауіп төндіретін толып жатқан қарапайым тіршілік иелерінің бар екенін білгеніміз жөн. Бұл жағдайларды бала сол балабақшалардың қабырғаларында-ақ, естіп білумен қоса, одан сақтанудың әдістерін де үйренгенін талап етуіміз керек. Жалпы, жер бетіндегі тіршіліктің өзі осы бір клеткалардан бастау алатындығын ескерсек, тірі табиғаттың біз білмейтін құпиялары әлі де жетіп жатыр. Тек, кластық жіктелулерді қысқаша атап өтсек, омыртқасыздар класына жататын: ‑ губкалар, ішек қуыстылар, кұрттар, былқылдақ денелілер немесе маллюскалар тікен терілілер, буын аяқтылар, жәндіктер делініп алуан түрлерге бөлінеді екен. Ал, омыртқалыларға жататындар: ‑ балықтар әлемі, қос мекенділер, бауырымен жорғалаушылар, кұстар әлемі делініп жіктеледі.
Міне, осының барлығымен де жас жеткіншектер балабақшада-ақ, тек хабардар болып қана қоймай, бірсыдырғы білім деңгейіне жеткендері ауадай қажеттілік. Бала қиялы деген кұдіреттің нәр алар өрісі де, осы тірі табиғаттың таңғажайып түрлері мен құбылыстары болмақ.