Совет–Хан Єаббасов


Сабақты Тәрбиеші кез-келген сабақты сәтті аяқтау үшін, оны аяқтау



бет203/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   294
Байланысты:
treatise70934

    Бұл бет үшін навигация:
  • Сабақ
Сабақты Тәрбиеші кез-келген сабақты сәтті аяқтау үшін, оны
аяқтау. әркез шәкірттерімен бірге қортындылауға тырысады.
Егер өтетін тақырып бірнеше сабақтарға жоспарланса, онда ол келесі жолы нені өтетіндерін қысқаша айтып береді. Қашан да, балалардың алған білімдері мен үйренген тәжірибелері неғұрлым әділ де дұрыс бағаланғанда ғана, берілетін тәрбиелердің жан-жақты тиімділіктері жетіле түседі. Әйтсе де, балалардың үйренген іс-әрекеттерін дұрыс бағалау, оны құр босқа өтірік мақтау емес, әділдікпен айтылған пікірлерді балалардың өздері де құптап түсіне алуы қажет. Ол үшін істелген істің әрбір тетігіне дейін талдап, жасалынған сапасын салыстырмалы түрде барынша айқын көрсету шарт. Мысалы, тіл дамыту сабағында, сөйлемнің қай бөлегі дұрыс құрылмады, соны дәл көрсету арқылы оның сенімдеріне жету. Міне, осылайша өткізген сабақты сәтті аяқтасымен-ақ, тәрбиеші балаларды келесі шұғылданатын істеріне, не ойнауға немесе далаға серуендеуге шығарып әкетеді.
Тәрбие сабақтарының үстінде кез-келген балалар тобына,
Сабақ ол сәбилер тобы ма, жоқ әлде ересектер тобы ма бәрібір,
үстіндегі барлығына да міндетті түрде тәртіп пен тәлімге шақыра
талап. тын талаптар қойылмай болмайды. Бірақ, бұл талаптар
балалардың, жас ерекшеліктерін сөзсіз ескеруге тиіс. Өйткені, балаға шамадан тыс, жас деңгейіне сай емес талаптар жарасымды да нәрлі тәлім бере алмайды. Жалпы тәрбиеші, әрбір баланың белсенділігі мен өз ісіне құштарлығын үнемі қадағалап отыруға міндетті. Ешбір бала көзден таса, көңілден тыс қалмаса, онан асқан тәрбие шеберлігі де бола қоймас. Ал енді ересек топтардағы балалар, әсіресе 0-ші класта тәрбиеленетіндер, барлық әрекеттерді өз міндетіндей меңгеріп, оған барлығы да өз ықтиярларымен ат салысулары керек. Тіпті, сабақтарды қалай ұйымдастыру мәселесіне де араласса артық емес. Қалай да, тәрбиеші мен балалардың арасындағы түсінік пен үндестіктің тереңдігі ғана үлкен жақсылықтарға қол жеткізбек.
Балалардың тәрбие сабақтарының сапасы мен пәрменділігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет