Керекті және өсімдіктерден алатын иісті заттарды қолданумен
заттар нәрестенің денесіне жағатын иә жақпайтындығын тексерген
жөн. Қазіргі сабындар да, неше алуан қоспалар көп.
Б) Т е р м о м е т р. Нәресте үшін – үш түрлі термометрдің болуы шарт. Біріншісі – нәрестенің д е н е қызуын өлшеуге қажет, екіншісі–судың жылылығын анықтау үшін;Үшіншісі – нәресте жататын бөлменің жылылығын бірқалыпты ұстау үшін пайдаланады. Мезгіл-мезгіл желдетіп, ауасын таза ұстау баланың жылдам жетілуі үшін, аса бір ескеретін қажеттілік.
В) Т а з а м а қ т а, яки баланың аптечкасы. Оның ішінде сақтайтын заттарды, қадағалап жүрген дәрігермен келісіп сақтаған дұрыс. Таза мақтаны суға шомылдырғаннан кейін, оның құлағы мен танауының ішін тазартуға жұмсалады.
Егер нәрестені қосымша тамақтандырудың қажеттілігі туса
Ыдысы өзіне арнайы алынған еміздікті құмырасы, су қайнататын
ыдыстарының жеке болғаны жақсы. Әсіресе, қосымша қоректік ұнтақтарды ерітіп емізетін, құмыралардың бірнешеу болғаны ыңғайлы. Жалпы, нәрестеге қажетті – қайшы – пышақ – қасық – сияқты заттар жеке болуы керек.
Нәресте – жеті күннен кейін кіндігі түсе салысымен-ақ
Ойыншықтары дайындап қойған б е с і г і н е салынады. Шағын ғана
Бесік тойы жасалынады. Бесікке бөлеу ауыл әжелерінің міндеті. Міне, нәрестенің алғашқы ойыншықтары осы кездерде әкелінеді. Көпшілігі бесіктің арқауына іліп қоятын түрлі түсті сылдырмақ ойыншықтар болып келеді. Қырқынан шыққан нәресте қарашығын тоқтатып, алғаш рет Ақ пен Қараны ажыратып, таңдану мен таңырқаудың күйін кешеді. Бесіктің арқауында ілулі тұрған түрлі түсті ойыншықтарды көріп, соншама бір өзінше шаттанып мәз-мәйрам болады. Міне, осы сәттен басталатын – Халық педагогикасының екінші жүйесі – а қ ы л т ә р б и е с і н і ң әліппелері парақталынады. Бұл жайында да адам тәрбиесінің ф и з и о л о г и я л ы қ 3-ші кезеңінде жан-жақты етіп, мол мағлұматтармен сөз болады.
МҰҚАҒАЛИ1 Құс та болғым келмейді! Қанатым бар. Қанатым бар – күмістен жаратылған. Сәби болғым келеді – сәби болғым, Мына өмірден хабарсыз, жаңа туған. .................................................................. Тар бесігі – кең жаһан тарылмаған, Біреуге бар – біреуге табылмаған, Сәби болғым келеді – сәби болғым, Ана сүті – аузынан арылмаған.