Іргелі Әдістемелі Арнаулы Тәжрибелі бағыт
Түйсіктік педагогика
|
Халықтық педагогика
|
Жалпы педагогика
|
Педагогика тарихы
|
|
Тәрбие әдістемесі
|
Оқыту-үйрету әдістемесі
|
|
Тифлопедагогика
|
Сурдопедагогика
|
Олигофренопедагогика
|
Пенитенциарная пед-ка
|
|
Эксперименттік педагогика
|
Әлеуметтік педагогика
|
Кәсіптік педагогика
|
Отбасылық педагогика
|
Балалар педагогикасы
|
Түзету педагогикасы
|
Педагогика ғылымдарының класификациясы
2. ПЕДАГОГИКА МЕН ПСИХОЛОГИЯНЫҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ
Адам баласын - жер бетіндегі тіршіліктің заңды жалғасы деп қарасақ (дарвинизм ілімі), оның саналы тіршілікке ауыса бастаған алғашқы қадамының өзі, табиғат аясынан тым құралақан шықпағандығын анық байқатады. Ол екі аяғына тік тұрып, еңсесін көтерген сәтінен бастап-ақ, тіршіліктің бұрыннан қалыптасып қойған тәжiрибелерін жетілдірумен даралана түседі. Тән құрылысындағы мүшелердің дұрыс қызмет етуін физиология заңдылықтарын бұлжытпай орындау арқылы сақтаса, ал жандүниесін жетілдіруді өзі шыққан тіршілік әлеміндегі, - түйсіктік тәрбиені санамен алмастыра отырып, бүгінгі халық педагогикасы мен психологиясының бастауын қалыптастырады. Міне, бұдан адам баласының өзімен құрдас, бүгінгі ғылыми ұғымдағы "халық педагогикасы мен психологиясы" және "қалыпты физиология" - ілімдерінің өте ертедегі қарапайым сұлабаларының біртіндеп жетілгенін көреміз.
Достарыңызбен бөлісу: |