3. ЖАЛПЫ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ МЕН ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚИЫН ЖОЛДАРЫ
Халық педагогикасы мен психологиясы ғылыми пән ретінде, адамзат тарихының дамуында әлеуметтік аса ауыр себептермен әдейі ығыстырылып, шет қалып қойғандығы байқалады. Осы айтылған тұжырымның дәлеліндей, белгілі ғалым Г.Н.Волковтың «этнопедагогика» атты ғылыми монографиясындағы қорытындыға қарасақ: «Халық педагогикасы - ғ ы -л ы м е м е с! Тек ғылыми педагогикаға шикі зат, материал, өмірлік фактілер ғана бере алады. Оның біртұтас ғылыми ж ү й е с і н і ң жоқтығын былай қойғанда, тіпті алымды идеяларды жетілдіріп отыратын теориясының да болуы мүмкін емес, ‑ деп үзілді-кесiлді ой түйеді. Оның айтуынша - ғылыми педагогика ‑ халық педагогикасын ары қарай дамытушы емес, тек оның материалдары мен шикі заттарын пайдаланушы ‑ жалған негіздегі жасанды пән екендігін ‑ аса қиналмай-ақ зерделеп түсінуімізге әбден болады. Ендеше, халық педагогикасының осыншама ө г е й л і к к е ұшырауының себебі не? Міне осынау сауалды жан-жақты қарастырып зерттегенде анықталған аса қызық қоғамдық құбылыстың әсерін байқауға болады. Осы уақытқа дейін халық педагогикасының ғылыми негізде дамымауы, тікелей ‑ империялық саясаттың ‑ салдары екені анықталып отыр.
Б і р і н ш і мысал, көне Грек мәдениетінің соңғы 2- ғасыры мен біздің эрамыздың 8- ғасырын қамтитын Рим империясының отарлау саясатының әсерінен - бүкіл Европа елдерінің халық педагогикасы ғылыми негізде дамымауының салдарынан, оның орнына жасанды - классикалық педагогика - дүниеге келді. Аристотель мен Әл-Фарабидің ғылыми классификациялары бойынша, өзінің ішкі негіздерінен дамымаған кезкелген пәннің жасанды екені, баяғыда-ақ айтылып дәлелденген тұжырымдар?! Ендеше, классикалық педагогиканың да негізін, тек философиялық ілімнен бастау алдырып, империялық саясаттың бұйдасына байлайды. Ал шын мәнінде, кезкелген философиялық ілімнің өзі де - осы халық педагогикасының бір бұтағы болып саналатынын ескерген жөн. Олай болса, «бұзаудан - сиыр туыпты» деудің де, еш қажеті бола қоймас ?!
Достарыңызбен бөлісу: |