Совет–Хан Єаббасов


Бесіксіз ананың көрер – бейнетін



бет131/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   294
Байланысты:
treatise70934

Бесіксіз ананың көрер – бейнетін, тіпті көзге елестетудің өзі
өскен нәресте аса ауыр ойға батырады. Нәресте тоғыз торқадан шыға
салысымен-ақ, сан қилы ызың-қуыт жайсыздықтарға тап болумен қоса, сағат сайын оның өз дәретіне шыланып, жиіркене шырылдаумен ұйқысы бөлінетіндіктен, жүйкесі тозып күннен күнге бесіксіз өсудің а з а п т а р ы н арқалаумен болады. Мұның – з и я н д ы л ы ғ ы н түсінуге, аса үлкен ғұламалықтың қажеті жоқ. Өйткені, жаңа туған нәрестенің дәреті денесіне тиіп, у-дай ашытып қана қоймай, сағат сайын жаялығын ауыстырумен ұ й қ ы с ы бұзылып, соның салдарынан дұрыс қалыптаспайтын п с и х и к а н ы ң жағдайы қатты алаңдатады. Осы жайсыздықтың бірден-бір көрінісі тәрізді, үнемі асқына беретін шала ұйқыдан – н е в р о з – дертіне шалдыққан нәрестенің жандүние арналары да мазасыз күйлер кешеді. Соның салдарынан, нәрестенің табиғи мінезқұлығы жігері мен зердесі, түйсіктері мен ішкі бес сезімдері – біртіндеп әлсірей беретіні анық. Бұл өзгерістердің зауалы – ертең ер жетіп өмірге араласа бастағанда анық байқалады. Бірақ, ол кезде барлығы да кеш!..
Ал нәрестесін б е с і к с і з өсірген аналардың да, көрген күндерін т о з а қ қ а теңесек, тіпті де асыра айтқандық емес. Қыңқылдаған баланы күтумен ұйқы көрмеу сағат сайын ауыстырған жаялықтарын жуу, оны кептіру әсіресе қыс айларында үтікпен кептіру сияқты бітпейтін шаруа ақырында оны да – н е в р о з ғ а – шалдықтырып тынады. Осыншама жайсыздықтардың әсерінен, жүйкелері тозып қалжыраған аналардың омырауынан жарытып сүт те шықпайтын мүшкіл қалге ұшырап отыр. Қазіргі заманда нәрестесін сүтке жарытпайтын аналардың көбейгені соншама, тіпті қоғамымыздағы ең ауыр әлеуметтік мәселенің біріне айналды. Ана сүтіне жарымаған баланың өте күрделі бағып-қағуын былай қойғанда, оның өсіп-жетілуіндегі Жан мен Тәннің к е м ш і л і к т е р і н - қ а л а й және н е м е н жөндеп алмақпыз?! Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылған ананың – баласына м е й і р і м і қандай болмақ? Жүйкесі тозған нәресте де тәрбие сапасы қандай? Жүйкесі тозған ана қандай тәрбие бермек?
Міне ағайын, халық тағылымының бір ғана тетігі – б е с і к т і ң қасиетін тебуден, осыншама азапқа душар болыппыз. Сөз жоқ, бұл мәселені дереу шешкен күннің өзінде де, теріс қалыптасып қалған психологияны да орнына келтіру оңай емес. Солай дей тұрсақ та, ұрпағымыздың р у х а н и жетілуінің қайнар көзі – халық педагогикасы мен психологиясы – екенін бірде-бір сәт естен шығармауымыз керек. Сонымен қоса, азған заманның л а ң д а р ы н түсініп қана қоймай, оны тез арада пәрменді тәсілдермен күнделікті тұрмысымыздан аластатуымыз керек. Айтып отырған пәрменді тәсілдер мен әдістерді де, тек халық педагогикасы мен психологиясының негіздерінен ғана табамыз. Бұл мәселеде де біздерге қол ұшын берер, тек ата-бабамыздан қалған қасиетті дәстүр-салттарымыз екенін ұғатын мезгіл жетті. Ендеше, ата-баба мұрасы – т а л б е с і к т і ң қасиетін түсінбеудің салдарынан – баланы да ананы да, неврозға түсіретінімізді тез мойындап, бұлталаққа салмай жылдамдата жөнімізді тапқанымыз дұрыс. Әйтпесе, тұмса туған аналардың и с і н у і мен жаңа туған нәрестелердің ш ы ғ ы н ы үдеген үстіне, үрей тудыратындай сипатқа ауысуы алыс емес. Тірі қалғандарының күйі де оңып тұрған жоқ...
Нәрестенің кіндігі түсіп қатқан соң, 5-ші және 7-ші тәулік


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет