Совет–Хан Єаббасов


Бесіктің тен қалдырмай, бесікке бөлеуге тырсады. Неғұрлым уақыты берері не?



бет132/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   294
Байланысты:
treatise70934

Бесіктің тен қалдырмай, бесікке бөлеуге тырсады. Неғұрлым уақыты
берері не? кешігіп созылған сайын, баланың бесікке жатуы қиындай береді. Бесікке салудың өзіне тән салтанаты мен дәстүрлері бар. Нәрестенің бесік тойына, ауылдың аса қадірлі әжелерін шақырады. Нәрестені бесікке салатын адамды туыс-туғандар келісе отырып шешеді. Осы міндетті мойнына алған қарт әже, нәрестенің анасын қасына ала отырып, жөргектің заттарын түгендеп-ап, жанындағыларға айта отырып ісіне кіріседі. Айналасындағылар да шебер көмектесуге тырысады. Баланы бесікке бөлеуді ө н е р деп білетіндіктен, оның әрбір сәтін мүлтіксіз етіп орындауды талап етеді.
Енді, б е с і к т і ң – б а л а мен а н а ғ а берер қасиеттеріне тоқталсақ: Бірінші, б е с і к - әмбебап сипаттағы т а з а л ы қ; Екінші – т е р е ң ұ й қ ы; Үшінші – сәби үшін теңдесі жоқ м и к р о к л и м а т – дер едік. Мінеки, осы айтылған үш түрлі жағдай толық орындалатын болса, сөз жоқ баланың Тәні де Жаны да үндесе жетіліп, психикасы да дұрыс қалыптасатыны даусыз. Денесіне дәреті тимей құрғақ жатқан бала, алғашқы айларда 20-22 сағаттай тыныш ұйықтауға мүмкіндік тауып, әсіресе оның психикасының жетілуі сапалы да терең сипатта болады. Жалпы, бесікке бөлеп өсірген балалардың асты – құрғақ, үсті – жылы болатындықтан, оның ұйқысының – терең болуымен қоса, омырау алардағы – тәбеті де, ояу сәттеріндегі – көңіл-күйлері де жақсы болады. Бұл – Жан мен Тәннің дұрыс жетілуінің бірден-бір кепілі болып табылады. Бесіктің берері – алғашқы айлардағы ұ з а қ ұйқының т е р е ң болуына, нәрестенің үнемі қ ұ р ғ а қ т ы ғ ы н қамтамасыз етумен қоса, айналасындағы жайсыз дыбыстар мен артық ауа қозғалыстарынан қорғайтын, бесік сыртындағы шымылдықтың да маңызы зор. Ол толып жатқан басқа да тітіркендіргіштерден сақтай алатын, аса қажет м и к р о к л и м а т жасайтынын да ескерген жөн. Міне, нәрестеге ауадай қажет – осындай жағдайларды қамтамасыз ететін – Б е с і к балаға жан ж а й л а у ы н д а й екені анық. Тек, бесіктің көмегімен ұйқысы қанып, жан мен тәннің рахатына кенелген нәресте, оянған сәттерінде жадырай жайнап езу тарта күліп, бесіктен босанысымен-ақ керіле созылып – кереметтей жан ләззатына кенеледі. Бірнеше сағаттар бойы нәрестенің осынау сәтін күтіп жүрген анасы да, бар м е й і р і м і н еміренген үнімен ғана емес, тіпті сылап-сипаған алақанының табымен де д а р ы ту ғ а тырысады. Халық даналығы айтатын; - «Баланы с ы л а у - өсіреді» - дейтін ұғым осындайдан қалса керек. Ал, түн ұйқысы бұзылмаған ананың сергек қалыбын немен салыстыруға болар екен?! Тәулігіне 40-жаялық жуудың не екенін білмей, тек б е с і к қолтықтаған аналар ғана нәрестесіне ақ толқын сезімдерін толық пайдаланып, сәбиімен – сырласып та сөйлесіп те, ішкі және сыртқы сезімдерін т ә р б и е құралына айналдыра алады.
Бесіктің – балаға да анаға да беретін, теңдесі жоқ қасиеттерінің бірі – б е с і к ж ы р ы болып табылады. Оның – бала т ә р б и е с і н д е г і ерекше қасиетіне мән беру, болашақ ұ р п а қ алдындағы аса бір аяулы борышымыз. Өйткені, ана құрсағында қалыптасқан нәрестенің ж ү р е к т ә р б и е с і – тек б е с і к жырымен ғана онан ары жетіліп, сананың сәулесіне жетелейтін а қ ы л т ә р б и е с і м е н де үндестіретін сол – бесік жыры екенін естен шығаруға болмайды. Міне осы үндестікпен ғана адамдардың к і с і л і к к е л б е т і дұрыс жетіліп, халықтық тағылымның е к і ж ү й е с і – жүрек тәрбиесі мен ақыл тәрбиесі – домбыраның қос ішегіндей к ү й г е келіп, бесік жыры арқылы к е л і с і м табатын болады.
Айта берсе бе с і к т і ң с ы р ы – тым тереңде жатыр. Барлығын айтпағанда, жаңа туған нәресте үшін, тек б е с і к қана бере алатын – терең ұйқының өзі неге тұрады?! Күн өткен сайын нәрестенің байыппен жетіле қалыптасатын Ж а н д ү н и е с і мен Т ә н қ ұ р ы л ы с ы н ы ң т ә р б и е л е р і де, оның мөлшерлі уақыты бұзылмаған терең ұйқысына байланысты. Егер турасын айтсақ сағат сайын оянып, мазасыз ұйықтаған баланың – барлық тәрбиесінде де маңызы мен мәні қалмайтыны шындық.Олай болса, бала тәрбиесіндегі–с а п а с ы з д ы қ, тікелей ұ й қ ы с ы з д ы қ п е н астасып жататындығын түсіну қиын емес.Ендеше, нәрестеге қажет алаңсыз ұйқыны– тек б е с і к бере алмақ.
Ал, бесікке қарсы пікір айтушылардың ең бір даулы дәлелі, бесікке бөленетін нәресте таңылып байланатындықтан, денесінің еркін өсуіне жайсыз әсері бар дегенді айтады. Мұндай ойдың, тіпті сын көтермейтін дәлелсіздігін айтсақ, бесікке салынбаған нәрестенің өзін де, қозғалмастай етіп орай таңып ұйықтататыны белгілі ғой. Тек мұнда асты суланған бала сағат сайын шырылдап оянумен болады. Ал бесіктің де таңу күші, сол нәрестені жаялығына орап таңғаннан қатаң емес. Қайта бесікте нәрестенің арқасы – бірқалыпты тегістікте жататындықтан, оны жай жаялықпен тас қылып қымтағаннан, әлдеқайда артық екенін қадап айтқымыз келеді. Жалпы, бесік мәселесі тереңдей зерттелуін күтіп жатқан, аса маңызы мол ұлағатты іс ?!..




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет