Совет–Хан Єаббасов


Айлар өткен сайын, нәрестенiң әртүрлi дыбыстары молайып



бет138/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   294
Байланысты:
treatise70934

Айлар өткен сайын, нәрестенiң әртүрлi дыбыстары молайып


Үні. олардың уiлдеген үндерi - ә у е н д е н е бастайды.
Алты айлығының аяқ кездерiнде –ба, -ма, -тә ­ деген дыбыстарды жиi қайталап, бiрте-бiрте өкпеден шығатын а у а толқындарын меңгерудi үйренедi. Осы дыбыстарды қадағалау арқылы, өзiнiң есту мүшесiн де жетiлдiре бередi. Сөйтiп, нәресте өзi шығарған дыбыстарды тыныстаған демiмен үндестiрiп, құлағымен қадағалауды жетiлдiрген сайын, оның үндерi әуендене түседi.
Нәресте төрт айлығында-ақ қолына берген ойыншықтардың
Ойыны. түрi мен түсiн ажырата алатын жағдайға жетеді.
Сондықтан да, ол өзiне түсi ұнаған ойыншығын жиi пайдаланады. Сонымен бiрге, ол ойыншықтарын саусақтарымен қысып, аузына салып тiлiмен жалап, өзiнше жан-жақты байқаулардан өткiзедi. Енді ол бұрынғыдай емес, көлемдiрек ойыншықтарды ұнатады. Сөйтiп, өзiмен-өзi отырып ойнауға да жарап қалады. Бiрақ, ойыншықтарды көп әпергеннiң де зияны мол болатынын ескерген жөн.
Сiздерге бiр ғажайып құбылыстың сырын ашсақ, ол ‑ ана
Көңіл күйі. құрсағында жүйелi тәрбие алған нәрестенің көңiл-
күйлерiнен, әжептәуiр аңғарғыштықты сезiмталдық пен сергектiктi, тiптi алғашқы айдың өзiнде-ақ байқауға болады.Ол–ол ма, керек десеңiз туа салысымен қарашығын меңгеретiндерi де жиi ұшырасады.Олардың кейбiреулерi жанарымен тiлдескендей қабiлетке ие.
Ал, нәресте төрт айлығынан бастап жымия күлiп, көп нәрсеге шаттана елiктейтiн көңiл-күйге ауысады. Әсiресе, өзiнiң жақсы көретiн заттарына қатты қуанып, шаттанған сезiмдерiн айқын бiлдiредi. Алты айлық нәрестелер ата-анасына өз сезiмдерiн бiлдiрумен қоса, әжептәуiр есейiп қалғандықтарын да жиi аңғартады.


Б) АЛТЫ АЙ МЕН БІР ЖАС АРАЛЫҒЫ

Көру мен түсiну қуанышы –


табиғаттың ең тамаша сыйы”
А. Эйнштейн.


Психика. Бұл шақта баланың айналасына қызығушылығы ерекше артады. Ол – болып жатқан әрбiр құбылыстарға мән берiп, көбiнесе таңдана қарайды. Тiптi, үй iшiндегi адамдар мен сырттан келген бөгде жандарға да, әр қилы мiнез байқата бастайды. Оның үй-iшiндегi әрбiр қылықтары күрделенiп, кейде жан дүниеңдi жадыратардай сүйкiмдiлiгiн де байқатып қояды. Нәрестенiң 8-9 айлықтарынан бастап, балдан тәттi болып т i л i шыға бастайды. Ол күн өткен сайын, жеңiл-желпi жағдайлардың бәрiн де жақсы түсiнiп, соған орай не әрекет iстесе де бар пейiлiмен кiрiсiп, айналасындағыларды ерекше қуанышқа кенейдi. Оған деген үлкендердiң осындай жақсы сезiмдерiн нәрестенiң өзi де терең сезiнетiндiктен, өз iсiне өзi де көңiлденiп, жақсы жасаған әрекеттерiне мәз-мәйрам болады. Нәрестенiң осы кездегi талпыныстарын жiтi аңғарып, тәрбие тәсiлдерiн қозғалмалы динамикаға құрған жөн. Әсiресе, жиi тiлдесiп айналасын-дағы заттардың атауларымен таныстырумен қоса, оның нендей қажеттiлiктерiн де түсiндiрудiң орны бөлек. Оның әр түрлi ойындары мен ойыншықтары арқылы, нәрестенiң п с и х и к а л ы қ әсерленуiн – аяушылық, мейiрiмдiлiк, еркелету тәрiздi күрделi сезiмдердiң жетiлуiн, оған күнделiктi жаттығуларын барынша қадағалап отырмай болмайды. Осыған орай дәл осы кезеңдерден бастап, нәрестенiң з е р д е с i мен з е й i н i де үрдiс қалыптаса бастайды.
Нәресте жетi айлығында еңбектей бастаумен қоса,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет