Апталық сабақтар
Ана тiлi . . . . . . . . . . . . . . . . . 2 сағат
Тiл дамыту . . . . . . . . . . . . . . . . . 1 – « -
Әрiптердi үйрету . . . . . . . . . . . . 1
Айналамен таныстыру . . . . . . . . . 1
Табиғатпен таныстыру . . . . . . . . . 1
Санауды үйрету . . . . . . . . . . . . 1
Сәулет өнерiнiң негiзi . . . . . . . . . . 1
Сымбат өнерiнiң негiзi . . . . . . . . . 1
Әуез өнерiнiң негiзi . . . . . . . . . . . 1
Сөз өнерiне жаттығу . . . . . . . . . . . 1
Дене тәрбиесi . . . . . . . . . . . . . . 1
Имандылық тәлiмдерi . . . . . . . . . . 1
Ұлттық ойындар . . . . . . . . . . . . . 1
Халқымыздың дәстүр-салттары . . . . 1
Халық педагогикасы . . . . . . . . . . . 1
Әлемдiк танымдарға жол . . . . . . . . 1
Үйрету мен ойланту әдiстерi . . . . . 1
Балалардың өзара тәрбиесi . . . . . . . 1
Жүйелi ойлау (логика) . . . . . . . . . . 1
Бұл тiзiмге енiп отырған сабақтардың түрлерi догмалық сипатта болуы мүмкiн емес. Олай болса, үнемi қозғалмалы күймен дамып отыруға тиiстi. Тiптi, кейде балалардың пiкiрiмен де көптеген өзгерiстер жасауға дайын болуымыз керек. Қалайда, бала тәрбиесi жанды да жетiлмелi құбылыс болуы шарт.
ТӘРБИЕ ӘДІСТЕРІ
“Ғылымның iсi – адамға қызмет ету”.
Л.ТОЛСТОЙ.
Үйрету Кез-келген тәрбие жұмыстарының түрлерi, ең әуелі аса
әдісі оңтайлы тәсiлдер мен тәлiмдердi пайдалану арқылы, өзінің
алға тартқан мақсат-мұраттарына жетедi. Сол тәсiлдердiң балбөбек пен балабақшаларда көбiрек қолданылатын түрi - үйрету әдiсi ‑ деп аталынады. Осы әдiс арқылы тәрбиешiлер, өзiнiң қарамағындағы балаларға – бiлiм мен тәжiрибе, әр түрлi құбылыстарды ұғынуға және түсiнуге, соларды үйрену үстiнде адамшылық пен iзгiлiк мiнездерiн қалыптастыруға тырысады. Ол өзiнiң үйрету әдiсiнiң пәрмендiлiгiн күшейту үшiн, алуан түрлi қосымша тәсiлдердi пайдаланады. Мәселен, көктем мезгiлдерi жайында әңгiме жүргiзе отырып, ол өзiнiң айтқан ойлары мен көрiнiстерiн, қосымша заттарды көрсетiп толықтырып отырады. Мысалы, балалардың қолдарына жаңадан бүршiк жара бастаған бұтақты, жас жапырақтарды ұстатып қана қоймай, оның түсiн көрiп, иiстерiн сезiнуге дейiн тәжiрибе жасайды. Көктем жайындағы тақпақтар мен жұмбақтарды жаттаттырып терең талдаулардан өткiзедi. Тәрбиешi балаларға өлеңдi де, жұмбақты да жай ғана жаттата салмай, өзi қолданып отырған “үйрету әдiсiмен” барлық мүмкiншiлiктерiн жан-жақты iске асырады. Бiздiң фоль-клорлық әдебиетiмiздiң қорында жұмбақтардың да, неше алуан жаңылтпаштардың да жинақталған байлығы жетiп жатыр. Тек ыңғайын тап та пайдалана бер.
Ж ұ м б а қ
Алла мықты жаратқан сегiз батыр,
Баяғыдан соғысып әлi жатыр.
Кезек-кезек жағысып, жатып-тұрып,
Кiм жығары белгiсiз түбiнде ақыр.
Шешуi:
Мұны тапсам ойланып, ақын деңiз,
Таба алмасам, ақылды болар немiз?!
Қыс пенен Жаз, Күн мен Түн, Тақ пенен Жұп,
Жақсылық пен жамандық- болар сегiз!
Достарыңызбен бөлісу: |