Совет–Хан Єаббасов


Ойнау ойыны арқылы – еңбекке, тазалыққа, қайырымдылыққа, әдісі



бет199/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   294
Байланысты:
treatise70934

Ойнау ойыны арқылы – еңбекке, тазалыққа, қайырымдылыққа,
әдісі. сергектiкке, тiптi ойланудың неше алуан түрлеріне
қиналмай қол жеткiзуге әбден болады. Өйткенi, ол ойын үстiнде бәрiн өз ықыласымен құмарта да қызыға жасайды. Сонымен бiрге ең ғажабы, жасаған iс әрекеттерiн ұққандары мен үйренгендерiн көпке дейiн ұмытпайды. Мысалы, ер балаларға “үй салдыру” ойыны арқылы, қыз балаларға “қуыршақты киiндiру және ұйықтату” мақсаттарын қоюмен, олардың осы уақытқа дейiн үйренгендерi мен көрген iс тәжiрибелерiн түгелдей қамтуға болады.
II ТОҚСАН


Алты жастан асқан балалардың тарихи зердесiн оятудан әлi де сәби ғой деп, жасқаншақтаудың қажетi жоқ. Өйткенi, оның ми қабаттарындағы ата-бабаларының, яғни, өткен уақыт пен кеңiстiктiң зердесiнiң оянуына әсер ету табиғи заңдылық болып табылады. Мәселен, тiрi табиғаттың жер бетiнде пайда болу тарихына, батыл түрде шолу жасаудың қажеттiлiгi, оның ойлау қабiлетiнiң көкжиегiнiң кеңеюiне ықпал етерi сөзсiз. Жетiге шығар жеткiншектер үшiн, барлығын тап-тұйнақтай етiп ұғып алғаннан гөрi, қиялының өтiп кеткен уақыт тереңдiктерiне жаттығуының өзi де, тiптi жаттап алған ұғымдарынан әлдеқайда артық екенiн жете түсiнуiмiз керек. Сөз жоқ, қазiргi ғылымның дәлелдеп отырғанындай, неше ықылым замандардан бұрын, осынау жер бетiндегi тiршiлiктiң пайда болуы – бүкiл әлемдiк таңғажайып құбылыс едi. Тiптi, космологиялық деңгейде бұдан асқан жаңалық, сiрә болмауы да ықтимал. Ендеше, осы таңғажайып құбылыстың тарихынан баланың хабардар болуы, оның санасында өз бетiнше жетiле беретiн, жаратылысындағы түйсiктiк ақылы мен iшкi бес сезiмiне бағынатын тума қабiлеттерiнiң оянуына себепкер боламыз. Егер, жас ұрпақтың ұйықтап жатқан зердесiн осылайша қозғай алсақ, бұдан үлкен тәрбиенiң жетiстiгi де, ықпалдығы да болуы мүмкiн емес. Әйтсе де, жер бетiнде пайда болған тiршiлiк жайында сөз қозғағанда, азды-көптi кеңiстiк аумағы мен уақыт мөлшерiн көз алдымызға келтiру үшiн, м е з о з о й заманының алып хайуанаттары – бронтозавр мен диплодокты тереңдей талдап айтпай-ақ, одан да арыдағы ежелгi заман п а л е з о й дәуiрiнiң өзiне – жарты миллиард жылдан аса уақыт өткенiн естудiң өзi аз күш емес. Мұның бала қиялына қозғау салар қуатын, ештеңемен салыстыруға келмейдi. Жер бетiндегi тiршiлiк ғұмыры адам қиялы ғана жетердей ұзақ мерзiм екенiн аңғару үшiн, тек сол тiршiлiктен жетіліп шыққан адамзат қоғамының бүкiл тарихы – екi жүз мың жылға ғана сыйып тұрғанын айтсақта жетiп жатыр. Жалпы жер бетiндегi тiршiлiктiң өзi - өсiмдiктер және жануарлар әлемi болып жiктелетiнi белгiлi.
Палезой заманының бастапқы кезеңiнде тiрi табиғат –ең әуелi теңiздер мен мұхиттардың астында күнелтiп, содан кейiн ғана бiртiндеп құрлықтарға таралғандығының өзi де бала қиялына аз әсер етпейтiндiгi түсiнiктi. Мiне, әуелгi тiршiлiк атаулының барлығыда су қойнауынан шығып, бірте-бірте құрлықтарға тарауы–Жер тарихындағы аса ірі оқиғаның басы едi. Құрлыққа шыққан бұл тiршiлiк иелерiнiң алғашқы түрлерi -өсiмдiктiң формасына да, болмысына да өте ұқсас болғандықтары да анықталып отыр. Тiптi, олар бастапқы кезде су жағалауынан алыстап та кетпеген көрiнедi. Оның үстіне жер бетіндегі алғашқы өсiмдiктердiң жапырақтары болмаған ғой. Осылайша, тiршiлiк өзiнiң тар жол-тайғақ кешуiмен үнемi жетiле бередi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет