Совет–Хан Єаббасов


). АТИЛЛА – ЕДІЛ (шамамен 410-453 ж.ж.)



бет43/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   294
7). АТИЛЛА – ЕДІЛ (шамамен 410-453 ж.ж.)

Аттила (Еділ) – аты аңызға айналған үлкен ақыл иесі, қаһарман жауынгер, көреген қолбасшы, әккі саясаткер, айлакер дипломат. Аттила басшылығымен ғұндар еуропалық елдердің бірқатарын тізе бүктірген. Атилланың аты тарихта Александр Македонский немесе Юлий Цезарь қандай орын алса, сондай орынға тиесілі. Ол құл иеленушіліктің Италияда, Грецияда, Францияда, Румынияда, Венгрияда жойылуына және князьдықтардың бірігуіне жағдай жасаған. Орта ғасырлардан Еділдің ерліктері, халықтарды біріктіруге қосқан үлесі туралы француз, ағылшын тілдерінде аңыздар мен әңгімелер қалған. Әйгілі француз драматург Пьер Корнельдің туындысымен «Атилла» спектаклі қойылған. Вернер Пахари-асаның «Атилла – ғұндардың патшасы» трагедиясында Рим империясында құл иеленушіліктің жойылуына ықпал жасағаны айтылады. Европада оны Атилла, Атиль, Эмиль деп атаған, ал түркітілдес халық оны Еділ деген атпен танылған.


434 жылы Еділ ағасын Биледиді өлтіріп, алтындатқан ғұн тағында 19 жыл отырған. Еділдің атасында үш ұл болыпты: Рутила, Мынзык, Ақтар. Еділ – Мынзыктың ұлы, ал Биледи – Ақтардың ұлы. Биледи тақта отырған кезде Ғұн қағанаты қатты әлсіреп, ыдырай бастаған еді. Атилланы қатал адымға Дунайға таяап қалған Рим империясының остготтары және вестготтары итермеледі. Сондықтан ол өзінің ағасы Биледиді өлтіріп, басшылықты өз қолына алды. Ол кезде ғұндардың территориясы Волгамен Рейнның арасында жататын. Еділдің келуімен ғұндар қуатты мемлекетке айналды. 430 жылдан бастап Византия ғұндарға салық төлей бастады, ол салық жылдан-жылға ұлғайя берген еді. V - ғда Еділ Батыс Рим империясы ғұндарға Паннонио провинциясы игеруге береді, олар ол жерде тіпті жергілікті халыққа үстемдік жасаған. 447 жылы Еділ Византияға қайтадан жорықтарын бастады, нәтижесінде Балқан бұғасы ғұндарға көшті. Сөсін, Византия бейбіт келісім шарт жасасуды ұсыныпты, шарт бойынша Дакия түгелдей ғұндардың қол астына кірді.
Енді Еділ Батысқа қарай жорыққа дайындала бастады. Ол кезде француздарды, немісттерді, гректерді қарулы көтерілістер, соғыстағы жеңілістер (әсіресе қолбасшылар және князьдер ) үшін қатал жазалайтын. Соған ренжігендер Еділдің қарамағына өтіп кеткен. Еділ Бургунд патшасын Гундахарды талқандағаннан соң, Рим империясымен уақытша бейбітшілік туралы шартқа қол қойды.
Аз уақыттан соң соғыс жаңадан басталды. Рим империясы тағыда жәңіліс тапты, бірақ Еділ Римның астанасына шабуыл жасаған жоқ. өйткені, ол жерде қатты дерт өршіп тұрды. 448 жылы Рим империясы ғұн патшасы Еділге елшілік топты жіберген еді. Олардың мақсаты бейбітшілік туралы шарт жасасу және салықтан босатуды сұрау. Егер келісім алмаса Еділді өлтіру. Елшілердің ішінде рим тарихшы Приск болыпты. Оның жазбаларында, елшілер Еділдің ұстазын оған қарсы қоюға тырысыпты, бірақ олар мақсатына жете алмай қайтып кеткен-ді. Еділ делегация кеткеннен кейін олардың ниетін өз мұғалімінен біліп, өте ренжіді. Және өш алуға шешіп, тек лайықты уақытты күтті.
451 жылы патша Батысқа жорықты бастады. Рейннан өтіп, Мецті өзіне бағындырды. Орлеанға дейін барып, Лаураны жаулап алды. 452 жылы Солт. Италияға аттанып, сол жердегі бірнеше қалаларға өз үстемдігін жүргізді, оның ішінде Милан да болатын. Осы жылы өте қайғылы шайқас болды, оның барысында екі жақтан да 165 мың адам қайтыс болып тарихта «каталан шайқасы» деген атпен қалды. Бұл шайқаста Рим империясы құлады. Немістер, бургундтар, франктар бостандық алды. Галияда, Бельгияда, Лютецияда (Парижда) бірнеше құлдардың көтерілісі болып, кейін құл иеленушілік жойылды.
Жеңістен кейін Еділ Гонорияға үйленді. Гонория Рим императоры Валентин III әпкесі еді. 453 жылы Бургунд патшасы өз қызын Илдионаны Еділге күйеуге берді. Үйлену тойынан кейін келесі күні Еділ Илдионаның қолынан қайтыс болады. Гонория Еділ Илдионаны өлтірмеуін сұрағанмен, өшін алады. Таққа Еділдің батасымен ұлы Еллак отырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет