Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті ұғымы. Сөйлеудің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеудің міндеттері. Мектепке дейінгі жастағы балалардың тілдің дыбыстық жағын меңгеру ерекшеліктері. Мектепке дейінгі жаста дұрыс дыбыстауды меңгерудің ағышарттары. Балалар сөйлеуінің дыбыстық бұзылыстары, олардың себептері.
Дыбыстарды дұрыс дыбыстауға үйрету мазмұны. Жас ерекшелік топтарындағы сөйлеудің дыбыстық мәдениетін қалыптастыру бойынша жұмыс формалары. Дұрыс дыбыстауды үйрету сатылары. Балалардың тілдік естуін және тілдік-қимыл аппаратының қозғалмалығын дамыту. Тілдік тыныс алу, оның жылдамдығы, ырғағы, дауыс күші бойынша жұмыс. Жаттығулардың мазмұны мен әдістемесі. Дыбыстардың қалыптасуы және бекуі. Дыбыстарды бекіту бойынша жаттығуларды іріктеу және әдістемесі.
Жас ерекшелік топтарындағы ұйымдастырылған оқу әрекетінде балалалрды дыбыстауға үйретудің мазмұны, құрылымы, әдістемесі.
Балалар сөйлеуінің дыбыстық мәнерлілігін қалыптастыру. "Мәнерлілік" ұғымы (интонациялық және мағыналық). Әртүрлі жас ерекшелік топтарында сөйлеудің мәнерлілігі бойынша жұмыстың міндеттері мен мазмұны. Балалар әдебиетін және фольклорді қолдану. Әртүрлі топтағы балаларда сөйлеудің дыбыстық мәдениеті дағдылар тізбесі.
7. Байланыстырып сөйлеуді дамыту әдістемесі Байланыстырып сөйлеудің теориялық негіздері. Байланыстырып сөйлеу ұғымы. Байланыстырып сөйлеу формалары (диалогты және монологты). Мектепке дейінгі жаста байланыстырып сөйлеуді дамыту ерекшеліктері. Балалардың байланыстырып сөйлеуін мектепте әрі қарай оқыту үшін дамытудың мәні.
Байланыстырып сөйлеуді оқытудың міндеттері мен мазмұны. Әртүрлі жас ерекшелік топтарында диалогты және монологты сөйлеуді дамыту бойынша жұмыстың мазмұны. Оқыту әдістері.
Диалогты сөйлеу. Балалармен тілдік қарым-қатынастың ерекшелігі: қарым-қатынас мазмұны, жеке-дара сипаты, балалардың жауаптары. Мәселелерді қоюға, ересектердің сөйлеуінің жылдамдығына, құрылымына және мәнерлілігіне қойылатын талаптар. Диалогты сөйлеуді қалыптастыру тәсілдері: сөздік тапсырмалар, дидактикалық ойындар, қимыл-қозғалыс ойындары, бірлескен іс-әрекет, тілдік жағдаяттарды құру. Қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.