Сөздің грамматикалық құрылысын қалыптастырудың мақсаты мен міндеттері 3


Балабақшада тіл дамыту бойынша жұмыс жүйесі



бет2/4
Дата28.06.2023
өлшемі26,1 Kb.
#103628
1   2   3   4
.Балабақшада тіл дамыту бойынша жұмыс жүйесі
Тіл дамытудың мақсаттары мен міндеттері. Балаларды тәрбиелеудегі ана тілінің мәні. Балабақшада тіл дамытудың міндеттері, олардың психологиялық-педагогикалық және лингвистикалық негіздемесі: байланыстырып сөйлеуді және сөздікті дамыту, тілдің грамматикалық құрылысын қалыптастыру, тілдегі дыбыстық мәдениетті тәрбиелеу, көркем сөзге дегшен қызығушылықты және сүйіспеншілікті тәрбиелеу. «Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасындағы» және «Балбөбек» бағдарламасындағы тіл дамыту жұмысының мазмұны. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу бағдарламалары: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (2016ж), «Алғашқы қадам» (1-3жас), «Зерек бала» (3-5жас), «Біз мектепке барамыз» (5-6жас). Балалардың тілін дамыту құралдары.
Балабақшада балалардың тілін дамыту әдістері мен тәсілдері. Қолданылатын құралдар бойынша әдістердің жіктелуі: көрнекілік, сөз, практикалық әрекет; олардың жалпы сипаттамасы. Көрнекі әдістердің сипаттамасы. Сөздік әдістер және олардың сипаттамасы. Балалардың тілін дамытудағы практикалық әдістер, олардың тілдік біліктері мен дағдыларын бектіу үшін қолдану.


Сөздікті дамыту әдістемесі
Сөздік жұмысы ұғымы және оның мәні. Сөз – лексикалық жүйенің бірлігі ретінде. Сқздің лексикалық сипаттамсы, ұғымға деген қатынас. Сөздің жалпыланған мәнін меңгеру, қарапайым ұғымдарды білдіретін сөздерді меңгеру.
Балабақшада сөздік жұмыстың міндеттері мен мазмұны. Балабақшаның әртүрлі жас топтарында сөздік жұмыстың мазмұны, принциптері, әдістері мен тәсілдері. Әртүрлі топтарда игеретін дағдылар тізбесі. Сөздік қорын дамыту әдістемесі. Сөздік қорын дамыту бойынша сабақтың түрлері мен балаларды қоршаған өмірдің заттары мен құбылыстарымен таныстыру. Заттар мен құбылыстармен бастапқы таныстыруда сөздік қорын дамыту. Заттарды салыстыру бойынша сабақта балалардың сөздік қорын дамыту. Ұйымдастырылған оқу әрекетін өткізудің құрылымы мен әдістемесі.
Іс-әрекеттің алуан түрлеріндегі сөздік жұмыс. Бақылаулар мен экскурсиялар, олардың балаларды ересектердің еңбегімен, қоршаған қоғамдық өмірмен және табиғатпен таныстырудағы және сөздік қорын дамытудағы рөлі. Бақылауларды және экскурсияны жүргізу әдістемесі. Дидактикалық ойындар, лексикалық және сөздік жаттығулар, оларды сөздік жұмыстың міндеттерін шешуде қолдану. Оларды әртүрлі жас топтарында өткізудің мазмұны мен әдістемесі. Сөздік жұмыстағы балалар әдебиетінің және халық ауыз әдебиетінің рөлі. Сөздік жұмыста жұмбақтарды, мақалдар мен мәтелдерді қолдану.

.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет