Сөздің грамматикалық құрылысты қалыптастыру әдістемесі


Балабақшада бала тілінің грамматикалық құрылысын қалыптастыруда тәрбиеші төмендегідей мәселелерге көңіл бөлуі керек



бет2/6
Дата17.02.2023
өлшемі61,81 Kb.
#68944
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Сөздің грамматикалық құрылысты қалыптастыру әдістемесі

Балабақшада бала тілінің грамматикалық құрылысын қалыптастыруда тәрбиеші төмендегідей мәселелерге көңіл бөлуі керек:
а) бір топтағы балаларға арналған ұзақ мерзімдегі сабақ мазмұнын таңдау.
ә) бір сабаққа арнап программалық материал таңдау. Тәрбиеші күнделікті тіл дамыту сабақтарына жоспар жасағанда белгілі бір грамматикалық түсіндіріп баланың назарын, ынтасын, сол материалға аударуға болады т.б.
3.Топтағы балалар тілінің грамматикалық құрылысы бірдей деңгейде болмауы мүмкін. Ол бірнеше себептерге байланысты болады:
1. Баланың жалпы психологиялық заңдылықтарының дамуына байланысты (Нерв жүйесіне байланысты, ақыл-ой, есі, ынтасы т.б.)
2. Сөздік қорының мөлшеріне байланысты.
3. Баланың сөйлеу аппаратының жағдайына байланысты.
4. Меңгерген грамматикалық категориялардың ауыр жеңілдігіне байланысты.
5. бала айналасының (ата-ана, тәрбиеші, аға тәрбиеші, меңгеруші т.б.) сөздерінің грамматикалық жағдайына байланысты.
6. бала тілін дамытуға педагогикалық басшылықтың роліне байланысты.
Грамматикалық жаттығулар
Грамматиканы оқытуда жаттығу жұмысының мәні зор. Оқушылар грамматикалық материалды оқулық пен бағдарламаға сай білгендерімен (терминдерді меңгереді, анықтамаларды индуктивтік жолмен есте қалдвірады), жаттығу жүмыстары жүргізілмесе, ол үзаққа бармайды, үмытылып қалады.Грамматикалық жаттығулар, оқушылардың қандай тіддік материалмен жүмыс жасауына қарай, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік және лексикалық болып болінеді.
Фонетикалык, жагтығулардың міндеті - балалардың айтылған буындар мен дыбыстарды жақсы айыра алуын жоне оларды балалар дүрыс, анык, айтып берулерін қамтамасызету.Фонетикалық жаттығулар арқылы кейбір балалардың, жоғарыда көрсетілгендей, тілін тістеп сөйлеу, сақауланып сөйлеу, қайсыбір дыбысты қалдырып кетіп сойлеу немесе "с" мен"ш", "р" мен"л", "ж" мен "з" сияқты дыбыстарды шатастырып айту кемшіліктері жойылады. Мүндай кемшіліктер оқуға да, жазуға да зиян келтіретіні сөзсіз.Бастауыш сыныптарда фонетикадан берілетін мағлүматтар мен фонетикалық жаттығулар тек дүрыс жазу, емле ушін ғана пайдаланылып қоймайды, сонымен қатар балаларды эдеби тіліміздің нормасын сақтап оқуға үйрету үшін де (орфоэпия) пайдаланылады. Оку сабақтарында, балалардың қателері, теріс айтылған сөздер түзетіліп, сөз ішіндегі, сез шекарасындағы дыбыстардың күбылуы ескертіліп отырады.Морфологиялық жаттығулардың мақсаты — ана тілінің морфологиялык қүрылысын оқушыларға саналы түрде меңгерту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет