Сөздің грамматикалық құрылысты қалыптастыру әдістемесі


Мазмұны жағынан морфологиялық жаттығулар екі түрлі болады



бет5/6
Дата17.02.2023
өлшемі61,81 Kb.
#68944
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Сөздің грамматикалық құрылысты қалыптастыру әдістемесі

Мазмұны жағынан морфологиялық жаттығулар екі түрлі болады;

  • сөз тұлғасын оқу барысындағы жаттығулар,

  • сөз таптарын оқу барысындағы жаттығулар.

Сөз тұлғасын оқу барысындағы жаттығулардың сөздің морфологиялық құрамын, мағыналы бөлшектерін, морфемаларды саналы түрде меңгеріп алу үшін мәні зар. Сөздің морфологиялық құрамын талдау, көбінесе сол сөздің мәнін дұрыс ұғынып алуға жәрдем етеді, сөздің мағыналы әрбір элементі- түбір, жұрнақ, жалғау- бұлардың әрқайсысы өзінше сөзге мән береді, ал осы мәндердің жинағы бірігіп, сөздің жалпы мағнасын тудырады. Морфемаларды соның ішінде жұрнақты айыра білудің балалардың тілін жетілдіру үшін де зор мәні бар. Өйткені бұл жаңа сөздер жасауға және сол сөздерді орынды жерінде қолдана білуге мүмкіндік береді.
Сөз тұлғасына байланысты жүргізілетін жаттығуларға мынандай талаптар қойылады:

  • алдымен, мүмкіндігіне қарай, негізгі түбірлерді, онан әрі туынды түбірлерді, ең соңында түбірлес сөздерді талдайтындай жағдай жасалады,

  • белгілі бір сөздердің ішінен негізгі түбірді тапқызу үшін, сол негізгі түбірден жасалатын туынды сөздермен салыстыру жұмысы ескеріледі,

  • туынды сөздер мен негізгі түбірді ажырату барысында мағына жағына назар аударылады.

Сөз таптарын оқыту барысында жүргізілетін жаттығулар сөздерді белгілі бір топқа біріктіріп, жүйелеуге үйретеді, жаттығу жұмыстарының барысында оқушылар әрбір сөз табының қасиетін, ерекшеліктерін саналы түсінеді, септік, көптік, жіктік, тәуелдік жалғауларын меңгереді, оларды жазбаша, ауызша сөйлегенде дұрыс, орынды қолдана алады.
Сөз табы бойынша жүргізілетін жаттығулар:
1) текстен керекті сөздерді тапқызу,
2) керекті сөздерді қосып, өздіктерінен сөйлемдер немесе әңгіме құрастыру,
3) сөздің мағынасын түсініп, сөйлемдегі қызметін байқату,
4) сөздердің лексикалық жағынан болсын, грамматикалық жағынан болсын, қалай өзгеретінін аңғарту,
5) мағына және тұлға жағынан қандай ұқсастық, айырмашылық барын салыстыру арқылы анықтау,
6) ұқсас сөздерді топтату,
7) байқағанқұбылыстары жөнінде жеке-жеке қорытындылар шығару сияқты жұмыстарды қамтиды.
Синтаксистік жаттығуларға әдетте пунктуациялық жаттығулар да қосылады: текстегі қойылған тыныс белгілерін талдау, қойылмаған тыныс белгілерін қою, өздері қарастырған сөйлемдер мен текстерге қажетті тыныс белгілерін қойып, түсіндіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет