Сөзіммен халқым амал қылсын десең, Амал қыл өз сөзіңмен əуел өзің!



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата15.03.2017
өлшемі1,82 Mb.
#9932
1   2   3   4   5   6

Жеңісбек ПƏЗІЛ.

Рамазан айы

Оразаң қабыл болсын 

ұстаған жан!



Ораза ұстағандар үшін мұстахап 

(жақсы) нəрселер 

 1. Бір  жұтым  су  да  болса  сəресіде  тұ-

рып, ішіп-жеу. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл 

тұрғыда: «Сəресіге  тұрыңдар.  Өйткені, 

сəренің  тамағында  берекет  бар» (Бухари, 

Саум, 20). Екінші  шапақ  атқанға  дейін 

сəресіні  кешіктіру  де – мұстахап.  Пай-

ғамбарымыз (с.а.у.) «Үмбетім ауыз ашар-

да  асығып,  сəресіні  кешіктірген  уақытта 

əрқашан жақсылықта» (Бухари, Саум, 45), 

– деген.

2.  Ауызды  ақшам  намазынан  бұрын 

ашу. Намазда адамның көңілі ауыз ашуға 

ауып тұратындықтан, ауыз ашуға асығу – 

мұстахап. Бұған жоғарыда айтылған хадис 

куə. Сонымен қатар, ауызды құрма немесе 

сумен ашу – сүннет. Пайғамбарымыз (с.а-

.у.) осылай ашқан.

3. Ауыз ашар дұғасы мен ауыз бекіту дү-

ғасын оқу – сүннет.  

4. Аузы берік жандармен бірге ауыз ашу 

жəне  жоқ-жітіктер  мен  кедейлерге  қол 

ұшын беру – мұстахап.  

5.  Таң  уақыты  кірмей  жүніптік,  хайыз 

жəне  нифастан  тазалану:  Мұндағы  мақ-

сат – оразаны таза бастау. Бірақ аузы берік 

тұрып, жуынуға да болатынын ескерте ке-

тейік.  Мұндай  кезде  судың  тамаққа  кетіп 

қалмауын қатты қадағалау керек. Əйелдің 

хайыз  яки  нифас  мерзімі  түнде  аяқта-

лып, оразаға ниет етсе, жəне де жүніп кісі 

жуынбай ораза ұстаса, оразасы жарамды.

6.  Аузы  берік  адамның  жақсы  сөздер 

сөйлеуі,  бос  сөз  бен  орынсыз  іс-қимыл-

дардан  бойын  аулақ  ұстап  байсалдылық 

танытуы – мұстахап.  

7.  Аузы  берік  адам  бос  уақыттарын 

нəпіл  ғибадаттармен,  ғылыммен,  Құран 

оқумен,  зікір,  салауат  айтумен  өткізу  ке-

рек. Пайғамбарымыз  

8.  Жалпы  Рамазан  айының  ең  соңғы 

он күнінде иғтиқафқа кіру – сүннет. Пай-

ғамбарымыз (с.а.у.) Рамазанның ең соңғы 

он  күнінде  көп  ғидабат  жасайтын  (Мус-

лим, И’тиқад, 8).

* мұстахап – жақсы көрілген амал деген 

мағына береді, істесе сауап, істемесе күнə 

емес.


Ислам ғылымхалы кітабынан.

ҚҰРЫЛТАЙШЫ: 

БАЯНАУЫЛ АУДАНЫНЫҢ 

ӘКІМДІГІ.

МЕНШІК ИЕСІ: «БАЯНТАУ» 

ГАЗЕТІНІҢ РЕДАКЦИЯСЫ» 

ЖШС

ДИРЕКТОР (РЕДАКТОР)  

А.Т.АЙТУҒАНОВА

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:

Павлодар облысы, Баянауыл 

ауылы, Сәтбаев көшесі, 49-үй, 

тел.: 9-15-50, 9-20-24 (факс). 

redaкciyabayantau@mail.ru

Газет 

Қазақстан 

Р е с п у б л и к а с ы н ы ң 

Мәдениет  және  ақ-

парат  министрлігін-

де 2006 жылғы 18 

мамырда 

тіркеліп, 

№7250-Г    куәлігі 

берілген.

Редакция  автордың  көзқарасы  үшін  жауап 

бермейді.  Хаттар,  қолжазбалар  мен  фотосу-

реттер рецензияланбайды және қайтарылмай-

ды. Редакция оқырмандардан түскен барлық 

хаттарға тегіс жауап беруді міндетіне алмай-

ды. «Баянтауда»  жарық  көрген  материал-

дарды  сілтемесіз  көшіріп  басуға  болмайды. 

Нөмірді әзірлеу барысында интернет ресурс-

тарынан  фотосуреттер  алынып,  пайдаланы-

лады.  Жарнама  мен  хабарландырулардың 

мазмұны мен мәтініне жарнама беруші жауап 

береді.  

Газет  «Баянтау»  га-

зетінің 

редакциясында 

теріліп, беттеліп, «Баспа 

үйі»  ЖШС  баспахана-

сында  басылады.  Баспа 

мекенжайы: 

Павлодар 

қаласы,  Ленин  көшесі, 

143-үй.  Газеттің  сапасы 

мен уақытында шығуына 

баспахана,  ал  мезгілін-

де  жеткізілуіне  пошта 

бөлімшесі жауап береді.

Баянтау


Газет аптасына 1 рет, 

жұма күні шығады. 

Таралымы: 2156.  

Баспа индексі: 65845. 

Көлемі: 3 б.т.

12

3 маусым, 2016 жыл №23 (10726)

redakciyabayantau@mail.ru

12

3 маусым, 2016 жыл №23 (10726)

redakciyabayantau@mail.ru

Баянтау


Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз!

Күркелі ауылдық округінде  2011 жылғы түлектер мектеп бітіргендеріне биыл 5 

жыл толуына орай,  шағын футбол спорт түрінен жарыс өткізді.

Жарыста 6 команда, 48 ойыншы қатысты. Бас жүлдені «Челси» құрама команда-

сы  ұтып алып, кубокке қол жеткізді. Екінші орынды «Күркелі-Шоманкөл»  оқу-

шылар құрама командасы алса, үшінші орынды «Ауыл жастары» командасы  ие 

болды. Жеңімпаз командаларға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді. 

Үздік шабуылшы болып 10-шы сынып оқушысы Əлібек Еламан, үздік қақпашы 

деп Айзат Ғалымжан тандалып, диплом мен ақшалай сыйлықты иеленді.«93-тер 

жастар кубогі» бағдарламасы өте тартысты қызықты өтті. 

Күркелі ауылының жастары арасында «Ауыспалы жастар кубогі» болып алдағы 

жылдарда да мектеп түлектері дəстүрлі жарыс ретінде ойнатылатын болды.

Дархан ƏБДІКƏРІМОВ,

Күркелі ауылдық округінің əдіскері.

Ауыспалы жастар кубогі

Тілейміз думанды той сарқылмайтын,

Бақыт берсін ешқашан таусылмайтын.

Ынтымақ, береке мен ырыс тасып,

Інжу той нұрын берсін жарқылдайтын.  

Баянауыл  ауданы,  Ақсаң  ауылының  тұрғыны, 

аяулы ана, асыл жар, сүйікті əже Рахметова Гүл-

сара Əбілқасенқызы маусым айының 6-шы жұл-

дызында мерейлі 50 жасқа толады. Сондай-ақ, осы 

жылдың қаңтар айында əкеміз Рахметов Жанболат 

Бейсенұлы  мен  анамыз  Рахметова  Гүлсара  Əбіл-

қасенқызының отау көтергендеріне 30 жыл толды. 

Осы қуанышты сəтте Сіздерге дендеріңізге сау-

лық,  шаңырақтарыңызға  ырыс  байлық,  жүрек-

теріңізге  мəңгі  жастық  жалынын,  көңілдеріңізге 

сезімнің  шалқыған  шаттығын  тілейміз.  Асқар 

таудай əкемізбен бірге біздің қуанышымызды қы-

зықтап, өмір айдынында қайғы-мұңды білмей, еркін жүзе беріңіздер. Дос-жаран 

мен туған-туыс алдында абыройларыңыз əрдайым артып, аңсаған арманыңыздың 

асуларына жете беріңіз!

Шаңырақтарыңыздан лайым шаттық, құт-береке үзбесін, мерейлеріңізді дəйім 

үстем етсін, балаларыңыздың қуанышына кенелте берсін. 

Ізгі ниетпен: ұлы - Мерхат, қыздары-күйеу балалары, 

жиендері - Бақтияр, Айару, Мансұр, Ибрагим.

Жаңатілек  ауылдық  округінің  əкімі 

Жаңатілек  ауылдық  округінің  əкімі  Мұсабаев 

Мұсабаев 

Жабай  Жанəбілұлын

Жабай  Жанəбілұлын  2-ші  маусым  туған  күнімен 

 2-ші  маусым  туған  күнімен 

шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінде басшы лауа-

шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінде басшы лауа-

зымында қалтқысыз қызмет атқарып келесіз. Өзіңіз 

зымында қалтқысыз қызмет атқарып келесіз. Өзіңіз 

басқарып отырған əкімшілік аппарат ұжымы Сізді 

басқарып отырған əкімшілік аппарат ұжымы Сізді 

еңбекте  беделді маман, абыройлы жетекші, қатал-

еңбекте  беделді маман, абыройлы жетекші, қатал-

дығы  мен  əділдігі  жарасқан  білікті  басшы  ретінде 

дығы  мен  əділдігі  жарасқан  білікті  басшы  ретінде 

үлгі тұтады. Өзіңізге қонар бақтың баяндысын, бі-

үлгі тұтады. Өзіңізге қонар бақтың баяндысын, бі-

тер  дəулеттің  көл-көсірлігін,  жүрек  гүлінің  мəңгі 

тер  дəулеттің  көл-көсірлігін,  жүрек  гүлінің  мəңгі 

солмауын,  шаңырағыңызға  шаттықтың  орнауын, 

солмауын,  шаңырағыңызға  шаттықтың  орнауын, 

Тəңірдің  шексіз  қолдауын  тілейміз!  Əрқашан  осы 

Тəңірдің  шексіз  қолдауын  тілейміз!  Əрқашан  осы 

жігерлі,  қуатты  қалпыңыздан  таймай,  əлі  де  талай 

жігерлі,  қуатты  қалпыңыздан  таймай,  əлі  де  талай 

асулардан аса беруіңізге тілектеспіз.

асулардан аса беруіңізге тілектеспіз.



Құттықтаушылар: Жаңатілек ауылдық округ 

əкімі аппаратының ұжымы.

Баянауыл 

ауданында 

архив жұмысы 1992 жыл-

дан  бастап  жұмыс  жа-

сап  келеді.  Бүгінгі  күні 

архивте 134 қор, 22481 

сақтау  бірлігі  бар.  Ау-

данның  дамуына  өзіндік 

үлес  қосқан  ауыл  шаруа-

шылығы,  орман  шаруа-

шылығы,  білім  саласы 

ардагерлерінің  жəне  Ұлы 

Отан  соғысының  арда-

герлерінің  жеке  тектік 

құжаттарынан  қалыптас-

қан  құжаттары  бойынша 

18 қор, 712 сақтау бірлігі 

мен  құжаттары  бар.  Сон-

дай-ақ, ауданда өткізілген 

іс-шаралардан  мағлұмат 

беретін 18 бейнеқұжаттар 

мен 253 фотоқұжаттардан құралған қорлары бар. 

Жалпы архив қорының атқарылған жұмыстарына тоқталған Гүлнар Шəкі-

рова: «Биылғы  жылы  құжаттарды  мемлекеттік  есепке  алу  жəне  сақталуын 

қамтамасыз ету мақсатында  Баянауыл бөлімінің жұмыс жоспарына сəйкес қа-

ғаз негізіндегі істердің барына жəне жай-күйіне тексерулер жүргізілді. Қағаз 

негізіндегі құжаттарға жаңғыртулар жасау жұмысы бойынша істердің парақ-

тарына жаңғартулар жасалды. Құжаттарды одан əрі дұрыс сақтау мақсатында 

істер мен тізімдемелердің тыстары ауыстырылып, жаңартылып, қайта тігілді, 

қорлардың атауына сəйкес сыртқы беттері толтырылды. Газеттердің жинақта-

ры жəне  қор істері тігілді. Өшіріле бастаған мəтіндерді қалпына келтіру жұ-

мысы бойынша парақтар қалпына келтірілді. Қордың есептік құжаттарының 

жиынына тексерулер жүргізілді», дейді. 

Осындай аталмыш жұмыстардың атқарылған жемісін  қорытынды ретінде 

Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу қарсаңына 

орай  Павлодар облысының мəдениет, архивтер жəне құжаттама басқармасы-

ның ұйымдастыруымен «Жылдың мəдениет жəне архив саласының үздік қыз-

меткері» облыстық сайысы өткізілді. Сайыстың мақсаты өткен жылдың қоры-

тындысы бойынша атқарылған жұмыстарын саралау болып табылды. Сайыс 

екі кезеңнен тұрды. Облыстың белгілі ұстаздары, мəдениет жəне өнер ғылы-

мының қызметкерлері, мəдениет саласының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері-

нен құрылған сараптау кеңесі құрылып, сайыскерлердің жұмысын тексерді.

Осы сайыста Павлодар облысының мемлекеттік архиві, Баянауыл бөлімінің 

басшысы Шəкірова Гүлнар Егінтайқызы «Үздік архив қызметкері» номина-

циясы бойынша ІІІ дəрежелі дипломмен жəне ақшалай сыйлықпен марапат-

талды.  

Жадыра ҚОШЛАНОВА.

«Үздік архив қызметкері» 

Сайыс

Павлодар  қаласында  аудандар  мен  қалалар  арасында  ХІХ  спартакиадасының 



қазақ күресінен жарыс өтті. Күресте Баянауыл ауданының палуандары жүлдері 

орындарға ие болды. Олар: 60 келі салмақ дəрежесінде Айдын Мəжитов, 74 келі 

салмақ  дəрежесінде  Əсет  Бүкенов  бірінші    орын, 55 келі  салмақ  дəрежесінде 

Баянбек Тұтаев, 82 келі салмақ дəрежесінде Мұхтар Дəлелханұлы екінші орын, 66 

келі салмақ дəрежесінде Темірлан Отызбай үшінші орын. Құраманың жаттықты-

рушылары: Өміртай Шəріпжанов, Амангелді Рай, Омар Базарбай. Жалпы коман-

далық есепте 109 ұпаймен Баянауыл ауданының  командасы І орынды, Екібастұз 

ауылдық округі ІІ орын, Ақсу ауылдық округі ІІІ орынды иеленді. 



Баянауыл ауданының дене тəрбиесі жəне спорт бөлімі.

Қазақ күресінен спартакиада



Спорт

Хəкім  Абай  атамыз: «Ата-

анаға  көз  қуаныш  алдына 

алған  еркесі»  деген  екен. 

Шынында  «Балалы  үйді  ба-

зарға, баласыз үйді мазарға» 

теңеген  ұлтымыз  үшін  бала 

көңілінің  гүлі,  көзінің  нұры. 

Осы  орайда  елімізде  халы-

қаралық  деңгейде  аталып 

өтілетін 1 маусым  балалар-

ды қорғау күніне аса зор мəн 

беріліп  келеді.  Бұған  дəлел 

ретінде республикамыздың түкпір-түкпірінде кішкентай балдырғандарға арнал-

ған түрлі мерекелік іс-шаралар балалардың жүзіне қуаныш күлкісін үйіріп, шат-

тыққа бөлеуде. 

Жақында Баянауыл ауданының орталығында атаулы күнге орай өткізілген түрлі 

ойындар мен концерттік бағдарламалар бала көңіліне ерекше əсер сыйлады. Ер-

темен басталған думанды шаралар түске дейін жалғасын тапты. 

Айтулы күні С.Торайғыров атындағы аудандық мəдениет үйінде ауданның білім 

бөлімінің мұрындық болуымен тəтті тоқаштар мен бəліштер жəрмеңкесі ұйым-

дастырылды. Сондай-ақ, осы күні аудандық балалар кітапханасында «Жастар ор-

талығы» мен Баянауыл балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің 

атсалысуымен дойбы ойынынан жəне сурет салудан сайыс өткізілді. Дойбы бəсе-

кесінде 2002-2010 жылдары аралығында туған жасөспірімдер бақтарын сынады. 

Сонымен бірге, «Бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында «Нұр Отан»  

партиясы Баянауыл аудандық филиалының ұйымдастыруымен аудандық мəсли-

хат  депутаттары  жетім  жəне  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған,  əлеуметтік 

қорғалмаған балаларға материалдық көмек көрсетті. 

Бұдан соң мерекелік шара «Өлкенің гүл жайнаған балғындары» атты мерекелік 

концерттік бағдарламамен жалғасты. Концертте аудандық, облыстық «Бүлдіршін» 

фестивалінің жеңімпаздары мен лауреаттары өз өнерлерін паш етті. Жас балауса-

лардың концерттік кешінде «Бүлдіршін» фестивалінің аудандық кезеңінің жеңім-

паздарына, сурет сайысы мен дойбы ойындарынан жеңімпаз атанған балаларға  

мақтау қағаздары мен сыйлықтар берілді.

Өз тілшімізден. 

1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күнi

Бала көңілдің гүлі, көздің нұры


2

3 маусым, 2016 жыл №23 (10726)

redakciyabayantau@mail.ru

2

3 маусым, 2016 жыл №23 (10726)

redakciyabayantau@mail.ru

Баянтау


Қатарынан бесінші рет өтіп отыр-

ған  олипиадаға  жылдан-жылға  ау-

қымы  үлкейіп,  қатысушылардың 

саны өсуде. Өткен жылы тоғыз ай-

мақтан 202 оқушы қатысқан болса, 

биыл  еліміздің  əр  облыстары  мен 

Ресей  мемлекеті  жəне  Саха  рес-

публикасынан келген жалпы 40 ко-

мандадан 247 оқушы  қатысты. Жас 

зияткерлер химия, биология, физи-

ка,  математика  жəне  информатика 

пəндерінен  өз  бақтарын  сынады. 

Олимпиаданың  басты  ерекшелігі 

математикалық  жəне  ғылыми-жа-

ратылыстану,  пəндер  бағытында 

өткізілді. 

Халықаралық  олимпиадада  сөз 

алған  Павлодар  об-

лысы  білім  беру 

басқармасының  бас-

шысы  Бақыт  Бек-

сейітова:

–  Баянауыл  топы-

рағы 


дарындылар 

көп  шыққан  киелі 

мекен. 28 академик 

шыққан өңірге алыс-

жақыннан 

арнайы 


оқушылар 

келіп 


олимпиадада  өз  бақ-

тарын сынайды. Жас 

дарындылар  Қаныш 

Сəтбаевтың 

туған 

жерін  көріп,  жан-



жақты хабардар бол-

сын,  өнегелі  тəрбие 

алсын  деген  мақсат-

пен  Баянауыл  ауда-

нында  олимпиаданы 

өткізіп отырмыз. ХХ 

ғасырдың  үздік  ғалым  геологы, 

көрнекті  қоғамдық  жəне  мемлекет 

қайраткердің өнегелі өмірі өскелең 

ұрпаққа  қашанда  үлгі  болып  қала 

бермек.  Атақты  ғалымның  арты-

на  қалдырған  ғылым  жолы,  өткен 

ғасырдың  ұлы  адамдарының  бірі 

екенін  жарқырата  көрсетті,  осын-

дай бəсеке арқылы жас ұрпақ тани 

білуі тиіс, - деді.

Облыстың  командасында 2-ші 

дəрежелі  дипломмен  Баянауыл 

Ш.Айманов  атындағы  мектеп-ин-

тернатының 7-ші  сынып  оқушысы 

Болат Кашкеев ие болды. Павлодар 

қаласы  дарынды  балаларға  арнал-

ған  №8  лицей-мектебінің  оқу-

шылары Арсен Тоққожин, Ярос-

лав  Басов,  Милана  Выдрина, 

Кристина Зелева, Али Измаилов 

жəне  №3  гимназиясының  оқу-

шысы Андрей Крюков марапат-

талды.  ІІ  дəрежелі  дипломды 

№8  лицей-мектебінің  оқушыла-

ры  Михаил  Шварцкопф,  Антон 

Драганчук, Игорь Дерр, Владис-

лав Черданцев, Богдан Ходацкий 

жəне  «Жасдарын»  мамандан-

дырылған  мектебінің  оқушысы 

Шыңғыс  Нұрмағанбетов  ие-

ленді. ІІІ дəрежелі дипломға №8 

лицей-мектебінің    оқушылары  Ха-

лифа  Ашенова,  Жəнібек  Жұмаді-

лов,  Иван  Лущ,  Андрей  Щегляев 

жəне №3 гимназиясының оқушысы 

Дарина Жүнісова мен Абай атында-

ғы №10 лицей-мектебінің оқушысы 

Айдын Сағынғали ие болды.

Олимпиаданың  ең  жас  қатысу-

шысы  болып  дарынды  балаларға 

арналған  №8  лицей-мектебінің  

6-шы сынып оқушысы Антон Дра-

ганчук болды.

Олимпиада 

аясында 

Қаныш 


Сəтбаевтың  өмірбаянына  арнал-

ған  зияткерлік  марафонның  қо-

рытындысы  бойынша  Баянауыл 

ауданы  əкімінің  арнайы  сыйлығын 

аудандық  білім  бөлімінің  басшы-

сы  Ернұр  Дəуенов  Астана  қаласы 

«Нұр  Орда»  қазақ-түрік  лицейінің 

8-ші сынып оқушысы Айда Беркін-

баеваға табыстады.  

Нақтырақ  айтқанда,  командалар 

төмендегідей  жүлделі  орындарды 

жеңіп  алды.  Павлодар  қаласының 

құрама командасы  - 18 орын, «Нұр 

Орда»  қазақ-түрік  лицейі  (Астана 

қ.) – 8 орын,  Астана  қаласының 

қазақ-түрік лицей мектебі – 5 орын, 

Новосібір  қаласының  №1  гимна-

зиясы – 4 орын, В. Ларионов атын-

дағы  физико-техникалық  лицейі 

(Якутия) – 4 орын.

Олимпиада  жүлдегерлері  бағалы 

сыйлықтар  жəне  дипломдар  мен 

марапатталды. 

Жеңісбек ПƏЗІЛ.

Баянтау - ақпарат

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

Ертiс-Баян өңiрi - қазақ ойшылдары мен жиырмадан 

астам КСРО жəне Қазақстан Республикасының Ғылым 

Академиясының  ғалымдарының  Отаны  болып  сана-

лады. 26-28 мамыр аралығында көрнектi ғалым, Қа-

зақстан Ғылым Академиясының  тұңғыш Президентi 

Қаныш  Имантайұлы  Сəтбаевтың  құрметiне  арна-

лып «Қаныш Сəтбаев атындағы VI халықарлық олим-

пиада»  Баянауыл  ауданындағы  Ш.Айманов  атындағы 

мектеп-интернатында өз мəресiне жеттi. 

Мəслихатының  тұрақты  комис-

сиясына  үш    мəселе  ортаға  қо-

йылды.  Баянауыл  ауылдық  округі 

бойынша  2015 жылы  жəне 2016 

жылдың  І  тоқсанында  атқарыл-

ған  жұмыстары  туралы  Баянауыл 

ауылдық округінің əкімі Қинаятол-

ла  Тəліпов  өз  баяндамасын  жаса-

ды. Сонымен қатар, Ақсан, Торай-

ғыр  ауылдық  округтері  бойынша  

2015  жылы  жəне 2016 жылдың    І 

тоқсанында атқарылған жұмыстар-

дың есебі тыңдалды. 

Баянауыл  аудандық  мəслихаты-

ның  тұрақты  комиссия  отырысы-

нан  соң  VІ  сайланған  Баянауыл 

аудандық мəслихатының кезекті ІV 

сессиясы өтті. Аудандық мəслиха-

тының кезекті ІV сессиясының күн 

тəртібіне 5 мəселе  қойылған.  Күн 

тəртібіндегі  бірінші  мəселе  бо-

йынша ауданның жер қатынастары 

бөлімінің басшысы Марат Абылай-

ханов  «Баянауыл  ауданының  жер 

қорларының жағдайы жəне оларды 

тиімді пайдалану жұмыстары тура-

лы»  мəселесі  бойынша  баяндама 

оқыды.  Мұндағы  депутаттардың 

назарын  аударған  мəселе  ауылша-

руашылық  санатындағы  жерлерді, 

шабындық  жер  санатында  қа-

лай  заңдастыру  мəселесі  талқыға 

түсіп, нақты шешу жолы айтылды. 

Екінші мəселе бойынша ауданның 

ветеринария  бөлімінің  басшысы 

Наурызбай    Дəулетов  «Баянауыл 

ауданының  ветеринария  бөлімінің 

2015  жылы  атқарылған  жұмыста-

ры  туралы  жəне 2016 жылға  ар-

налған  іс-шаралар  жоспары  тура-

лы»  баяндама  жасады.  Баянауыл 

малшаруашылық  өңір  болған  соң 

төрт  түлік  малдан  уақытында  қан 

алып,  жұқпалы  аурулардың  алдын 

алу жұмысының ақсап тұрғандығы 

туралы  сұрақ  көтеріліп,  сондай-ақ 

ірі  қара  мен  қойдың  сырғалау  мə-

селесі  тыңғылықты  қолға  алынба-

ғаны айтылды.  

Үшінші  мəселе  бойынша  аудан-

ның кəсіпкерлік жəне ауыл шаруа-

шылық бөлімінің басшысы Төлеген 

Смағұловтың  «Қазақстан  Респуб-

ликасының  «Агробизнес - 2020» 

бағдарламасына  сəйкес  аудандық 

агроөнеркəсіптік  кешенінің  дамуы 

турасында  атқарылған  жұмыста-

ры  жайлы  баяндамасы  тыңдал-

ды.  Ауылшаруашылық  бөлімінің 

беріп отырған жалпы малдың саны 

мен  халықтың  қолындағы  қазіргі 

бар  мал  саны  мүлде  сəйкес  кел-

мейтіндігі қозғалды. 

Төртінші мəселе бойынша аудан-

ның  ішкі саясат бөлімінің басшы-

сы  Талғат  Қалышбеков  Баянауыл 

ауданында  «Жастар  саясаты  тура-

лы» мемлекеттік бағдарламасының 

орындалуы  турасында  сөз  қозғап, 

жастар  кадрлық  қосынына  қолдау 

көрсету керектігін тілге тиек етті. 

Сессияның  күн  тəртібінде  қо-

йылған  мəселелер  тыңғылықты 

қаралып,  тиісті  шешімдер  қабыл-

данды. 


Жеңісбек ПƏЗІЛ.

Мəслихатта

КЕЗЕКТІ СЕССИЯДА...

Кезектi сессия басталмас бұрын VI сайланған Баянауыл 

аудандық  мəслихатының  тұрақты  комиссия  отырысы 

өттi. Отырысқа №6 Торайғыр сайлау округi бойынша ау-

дандық мəслихатының депутаты Айдос Мəненов төраға-

лық еттi. Аудандық мəслихатының тұрақты комиссияла-

рының отырысына аудан əкiмiнiң орынбасары, ауданның 

Қоғамдық  кеңесiнiң  төрағасы,  Баянауыл,  Ақсан,  Торайғыр 

ауылдық  округтерiнiң  əкiмдерi,  ауданның  мемлекеттiк 

мекемелерiнiң  басшылары қатысты.

Аптаның сейсенбісінде «Нұр Отан» пар-

тиясының Баянауыл аудандық филиалында 

облыстық мəслихат депутаты Сартаев Орал 

Рахмашұлының төрағалығымен партия жа-

нындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кү-

рес жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы 

өтті. Дөңгелек үстелде бас қосқан аудандық 

мəслихаттың  депуттары,  бастауыш  партия 

ұйымдарының төрағалары, мекеме қызмет-

керлері  өзекті  тақырыптың  түйінін  тарқат-

ты. 

Күн тəртібіне шығарылған сыбайлас жем-



қорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық 

Кеңестің өткен жылғы жұмыс қорытынды-

сы туралы «Нұр Отан» партиясы Баянауыл 

аудандық  филиалы  төрағасының  бірінші 

орынбасары Рауан Жантелиев баяндама жа-

сады. Сонымен бірге, денсаулық саласында 

сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойын-

ша атқарылған жұмыстарға аудандық орта-

лық аурухананың заңгері Жасұлан Айнағұ-

лов  тоқталды. «Нұр  Отан»  партиясының 

«2015-2025  жылдарға  арналған  сыбайлас 

жемқорлықтың  алдын  алу»  бағдарламасы-

ның  Жол  картасы  аясындағы  іс-шаралар 

жоспарының бастауыш партия ұйымдарын-

да іске асуы туралы Шөптікөл жəне Торай-

ғыр бастауыш партия ұйымының төрағала-

ры  Бекболат  Ізбастин  мен  Арғын  Абраров 

тарқатып айтты. Ауданда шағын жəне орта 

бизнесті  дамыту  мақсатында  жəне  кəсіп-

керлердің  құқығын  қорғау  бойынша  атқа-

рылған іс-шараларын ауданның кəсіпкерлік 

жəне ауылшаруашылық бөлімінің бас мама-

ны  Əлиасқар  Аханов  қозғады.  Партияның 

сайлауалды тұғырнамасының, мемлекеттік, 

салалық  жəне  өңірлік  бағдарламалардың 

(сонымен  қатар  «Нұрлы  жол»)  жəне  бюд-

жеттік  қаражаттың  орындалуы  барысында 

Ұлттық қордан бөлінген қаражатты тиімсіз 

пайдалану,  қаржылық  құқық  бұзушылық, 

сыбайлас  жемқорлық  фактілерінің  алдын 

алу  бойынша  ауданның  экономика  жəне 

бюджетті  жоспарлау  бөлімінің  басшысы 

Татьяна  Асқарова  мəлімет  берді.  Сондай-

ақ,  мектеп  оқушылары  арасында  құқық 

бұзушылықтың  алдын  алу  туралы  білім 

бөлімі  басшысының  орынбасары  Мереке 

Əбдікəрімов баяндады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет