Жаңатілек ауылы.
ваның жетекшілігімен мүмкіндігі шектеулі балаларға Павлодар қаласына бір күндік
лық бақ, «Батырмолл» ойын-сауық орталығы, кинотеатр енді. Облыс орталығына
көңіл көтеруге алғаш рет барған балалардың эмоциялық көңіл-күйі өте жоғары дəре-
хаил Журавлевке алғысымыз шексіз. «Үлкеннің мыңына бергенше – баланың біріне
Баянауыл ауылы.
9
3 маусым, 2016 жыл №23 (10726)
redakciyabayantau@mail.ru
9
3 маусым, 2016 жыл №23 (10726)
redakciyabayantau@mail.ru
Баянтау
Заңнама, заңдар – мемлекеттегі өкілетті заң шығарушы органдар қабылдаған
нормативтік актілер (көбінесе, заңдар) кешені; сол мемлекеттегі саяси, əлеу-
меттік, экономикалық, рухани, отбасылық, т.б. қарым-қатынастарды реттейтін құ-
қықтық нормалардың жиынтығы. Кейде сол нормалардың бір түрі де заңнама деп
аталады. Заңнама мемлекеттік билікті жүзеге асыру əдістерінің негізгісі болып та-
былады. Заңнама бөліктері өзара байланысты, əрі бір-біріне бағынышты бірегей
жүйені құрайды. Заңнаманы құрайтын бөліктер оны қабылдаған мемлекеттік бас-
қару құрылымындағы тиісті заң шығарушы органның мəртебесіне қарай белгілі
бір тармақтарға (жоғары билік органдары қабылдаған заңдарға, үкімет қаулыла-
рына, министрліктердің нормативтік актілеріне, т.б.), сондай-ақ, олар қоғамдағы
қарым-қатынастардың қандай саласын реттеуге бағытталғанына қарай арнаулы
салаларға (азаматтық заңнамаға, қылмыстық заңнамаға, əкімшілік заңнамаға, т.б.)
бөлінеді. Заңнама жүйесінде мемлекеттің конституциясы негізгі заң немесе ата
заң болып табылады. Ол жоғары заңды күшке ие. Мемлекеттік органдардың бүкіл
заңдары мен басқа да нормативтік актілері Конституцияның негізінде жəне со-
ған сəйкес шығарылуға тиіс. Қазақстан заңнамасы Қазақстан Республикасының
Конституциясын, конституциялық заңдарды, Қазақстан Республикасының заңда-
рын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республи-
касы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын қамтиды.
Олар мемлекеттегі қарым-қатынастардың қандай саласын реттеуге арналғанына
байланысты бірнеше топқа бөлінеді: азаматтық заңнама, азаматтық іс жүргізу
заңнамасы, еңбек заңнамасы, отбасы-неке заңнамасы, əкімшілік заңнамасы, қыл-
мыстық заңнама, салық заңнамасы, бюджеттік заңнама, жер заңнамасы, кеден
заңнамасы. Азаматтық құқық нормалары көпшілікке түсінікті болуы үшін ерек-
ше жазбаша мəтіндермен бейнеленуі тиіс, құзыретті органдар қабылдайтын нор-
мативтік құқықтық актілер осындай мəтіндер болып табылады. Белгілі шектерде
құқық нормалары өзге (тілі ауызша) нысанда да бейнеленуі мүмкін. Бірақ бұл –
айтарлықтай сирек кездесетін жағдай, оны кейінірек қарастыратын боламыз. Аза-
маттық-құқықтық нормалардың негізгі бөлігі жазбаша түрде нормативтік құжат-
тарда жазылады.Нормаларды олардың аяқталған күйіне дейін жеткізудің мұндай
түрі олар арналған адамдарды, яғни оларды орындаушыларды нормалармен то-
лығырақ таныстыруға мүмкіндіктер туғызады. Бұл нормаларды жүзеге асырудың
жене олардың міндетті түрде орындалуын қамтамасыз етудің маңызды құралы
болады. Біріншіден, жазбаша мəтін құқықтық норманың мазмұнын нақ, анық əрі
бір мағыналы етіп баяндауға мүмкіндік береді. Екіншіден, бұл кез келген мүдделі
адамды норманың дəл мазмұнымен таныстыруды оңайлатады. Үшіншіден, бұл
оның түрліше түсінілуін жəне қарама-қайшылықтарын жою мақсатында түрлі
нормаларды асқан дəлдікпен салыстыруға мүмкіндік береді. Қорыта айтқанда,
зандардың белгілі бір актілерін пайдалануда белгілі бір заң құжаттарындағы
нормалардың құқықтың қай саласына жататының дұрыс анықтау қажет.
М.ДІНШЕ,
Баянауыл аудандық сотының жетекші маманы.
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы
бойынша шығармашылық қызмет құқықтарын
реттеу мəселелерi
«Мекемелерде істі қазақ тілінде жүргізу - бір кісінің айтуымен болатын іс
емес көптің күшімен, жалпы ынтамен, тегіс жұмылумен болатын нəрсе».
С.Сейфуллин
2015 жылдың желтоқсанындағы мəліметтер бойынша, «OTAU TV» ұлттық жерсеріктік
телевизиясы абоненттерінің саны 1 000 000 үйшаруашылығынан асты деп хабарлайды Қа-
зақстан Республикасының телерадиохабарларын тарату саласындағы ұлттық операторы
«Қазтелерадио» АҚ-ның өкілдері. Бұл – 4 миллионнан астам қазақстандық цифрлық сапада
отандық жəне шетелдік телеарналарды тамашалауда деген сөз. Оның ішінде 15 пайызы (37
799 абонент) Павлодар облысының үлесінде.
Жерсеріктік телевизияны енгізген алғашқы жылдары «OTAU TV», əсіресе, ауыл тұрғын-
дарының арасында ерекше сұранысқа ие болды, абоненттердің жалпы санындағы олардың
үлесі 2011-2012 жылдары шамамен 90 пайызды құрады. Өйткені, қалаларда кəбілдік жəне
эфирлік аналогты телехабар тарату желілері жақсы дамыған, ал ауыл тұрғындары ол кезде
ары кетсе қазақстандық 4 арнаны ғана тамашалай алатын. Осыған байланысты жобаның
мақсаты – қала мен ауыл тұрғындарының арасындағы ақпараттық теңсіздікті төмендету
болды. Ал енді бұл мақсат орындалған соң, «OTAU TV» қала тұрғындарының арасында да
танымалдыққа ие бола бастады. Мəселен, 2011 жылмен салыстырғанда, қалалық абоненттер
үлесі 10 пайыздан 36 пайызға дейін өскен. Ұлттық жерсеріктік телевизияның өзге оператор-
лармен салыстырғандағы басты артықшылықтары – телебағдарламалардың тегін топтамасы
мен желіге республикамыздың кез келген нүктесінен қосылу мүмкіндігі.
Қазақстанда жерсеріктік телевизия 2002 жылы «Кателко+» сауда белгісімен қосылған бо-
латын. Ал 2011 жылдың қаңтар айында Қазақстанның жерсеріктік желісі хабар таратудың
DVB-S2, MPEG-4 цифрлық стандартына көшіп, «OTAU TV» деген сауда белгісімен іске қо-
сылды. Желінің ашылу салтанатына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан болатын. Жаңа
стандартқа көшкен кезде абоненттер саны 6300 болса, содан бері бұл көрсеткіш қарқынды
түрде өсіп, 5 жылға жетпейтін уақыт ішінде 1 млн. үйшаруашылығынан асты. Жоба халық-
қа алғаш рет отандық телерадиоарналарды кескін мен дыбыстың заманауи цифрлық сапа-
сымен тамашалауға мүмкіндік берді. Айта кетерлік жəйт, желі іске қосылғалы бері тегін
топтамадағы арналар саны 38 теле жəне 7 радиоарнадан 40 теле жəне 14 радиоарнаға дейін,
ақылы топтамадағы телерадиоарналар саны 100-ден асты!
Осындай қысқа мерзім ішінде «Қазтелерадио» АҚ бұдан басқа да бірқатар міндеттерді ат-
қарып тастады. 2012 жылдың шілдесінде де Мемлекет басшысының қатысуымен Цифрлық
эфирлік телевизияны енгізу жөніндегі жоба іске қосылды. Бүгінгі таңда республика хал-
қының 72 пайызы цифрлық эфирлік телевизияға қолжетімділікке ие, ал бұл – 12 миллион
қазақстандық. Айта кетерлік жəйт, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау жəне Оңтүстік Қазақстан
облыстарында цифрлық эфирлік телевизиямен қамту халықтың 95 пайызына жетті. Соған
байланысты 2016 жылдың І тоқсанында аталған аймақтарда ескірген аналогты телехабар
тарату желісін өшіру жоспарланған.
2014 жылдың шілде айында Индустрияландыру күні аясында Елбасының қатысуымен
«Қазтелерадио» АҚ «GALAM TV» ұлттық интернет-хабар тарату жəне «Телегазет» атты екі
инновациялық жобаның тұсауын кесті.
Ұлттық жерсеріктік телевизия клиенттеріне ыңғайлы болу үшін, сондай-ақ, бəсекелестік
орта құру мақсатында қабылдау жабдықтары жиынтықтарын жеткізу, құрастыру жəне қыз-
мет көрсетуді шағын жəне орта бизнес субъектілерінен тұратын дилерлік ұйымдар қамта-
масыз етуде, олардың саны қазір 350-ден асты. Халықпен жəне дилерлермен тиімді жұмыс
істеу мақсатында Ақпараттық қолдау көрсету қызметі (Call-centre) 193 телефоны арқылы
үзіліссіз, мереке жəне демалыс күндерінсіз жұмыс істейді. Сонымен қатар, барлық облыс
орталықтары мен Астана, Алматы қалаларында Дилерлермен жəне халықпен жұмыс орта-
лықтарының жұмысы жолға қойылған.
«Қазтелерадио» АҚ өз абоненттерін түрлі акция, ұтыс ойындарымен үнемі қуантып тұ-
рады. Нəтижесінде тұрғындар «OTAU TV»-ден түрлі бағалы жүлделер мен сыйлықтарға ие
болып жатады. Мəселен, 2015 жылдың 1 қазанынан жаңа акция басталды: «Толық» ақылы
арналар топтамасына 6 айдан 12 айға дейінгі мерзімге қосылған барлық абоненттер бағалы
жүлделер ұтыс ойынына қатысады! Бас жүлде – автокөлік! Акция шарты бойынша, 2015
жылдың 1 қазаны мен 2016 жылдың 30 маусымы аралығында барлығы жүлделердің 3 жиын-
тығы ұтысқа түседі. Əрбір үш ай сайын қорытынды шығарылып, жеңімпаздар анықталады.
Автокөліктен өзге, Гоа аралына жолдама, SmartTV, iPhone 6 секілді жəне тағы басқа бағалы
сыйлықтар бəйгеге тігілген.
«OTAU TV» ҰЛТТЫҚ ЖЕРСЕРІКТІК ТЕЛЕВИЗИЯСЫ
АБОНЕНТТЕРІНІҢ САНЫ 1 000 000-НАН АСТЫ
2018 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда жұмыс
берушінің міндетті зейнетақы жарналарының қосым-
ша 5%-ын белгілеу есебінен жаңа шартты-жинақтау-
шы зейнетақы жүйесін (ШЖЖ) енгізу қарастырылды.
Анықтаманың өзі анықтап тұрғандай, бұл салымдар-
ды жұмыс беруші енгізеді, сондықтан олар азаматтар-
дың меншігі болмайды жəне мұраға қалдырылмайды.
Осыған байланысты соңғы кездері халық арасын-
да түсінбеушілік, одан қала сенімсіздік орын алуда.
Оның себебі де бар. Жұмыс істейтін азаматтардың
көпшілігі 10% міндетті зейнетақы жарналары бол-
ғандықтан, ЖМЗЖ-ның не үшін енгізілетінін білмей
дал болуда. Олардың көпшілігінде жаңа өзгерістердің
енгізілуіне орай жұмыс берушілер де жалақыны дəл
сол 5%-ға азайтуы мүмкін деген үрей бар.
Ақпараттың қолжетімділігіне қарамастан, елімізде
салымшылардың инвестициялық табысын Бірыңғай
жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) алып отыр деп
ойлайтын адамдар да кездеседі. Мұндай жаңсақ пікір
қасақана ниеттен емес, зейнетақы мен қаржы жү-
йесінің жұмысын түсінбегендіктен туындап отыр.
Енді ШЖЖ енгізу мəселесін барынша қарапайым
тілмен түсінідіріп көрейік. Бүгінгі таңда зейнетақы
үш бөліктен тұрады, олар – базалық, ортақ жəне жи-
нақтаушы.
Базалық – ең төменгі күнкөріс деңгейінің (ЕТК)
50%-ы. Зейнетақының бұл бөлігі еңбек өтіліне қара-
мастан зейнеткерлердің барлығына мемлекеттік қазы-
надан төленеді.
Ортақ. Бұл зейнетақыны 1998 жылға дейін аз деген-
де жарты жыл еңбек өтілі болған адамдар алады (оған
ЖОО-да оқыған кезең де кіреді). Яғни зейнетақының
бұл бөлігін 1979-1980 жылдары туылған азаматтар
соңғы рет алатын болады. Зейнетақының бұл бөлігі
де бюджеттен беріледі.
Енді жинақтаушы зейнетақы бөлігіне тоқталайық.
Бұл əлдеқайда жеңіл. Жинақтаушы жүйе дегеніміз са-
лымшының өзі аударатын жинақ бөлігі, басқа сөзбен
айтқанда 1998 жылдан бастап жалақыдан жеке зейне-
тақы шотына аударылып отыратын, дəулетті кəрілікті
қамтамасыз етуге арналған 10% зейнетақы.
Бұдан «зейнетақы бір нəрседен болса да жиналу-
да, онда ШЖЖ не үшін енгізу керек?» – деген сұрақ
туындайды.
Мұның сырын анықтау үшін ортақ зейнетақыға
оралайық. Сонау Кеңес одағы кезінде бір зейнеткер
үшін төрт адам жұмыс істеген. Төрт еңбеккер тиісті
салығын төлеп отырса, бір адам құрметті демалысы-
ның рахатын көріп отырған. Алайда, үкімет құлап,
дағдарыс орын алған кезде халықтың жұмыс істейтін
бөлігі айтарлықтай қысқарды, ал бұл мемлекет қазы-
насындағы түсімге де əсерін тигізді. 1998 жылға қа-
рай бір зейнеткерге 1,8 жұмыскерден келіп отырды.
Бұған қоса, сұрапыл соғыстан кейінгі 50-60 жылда-
ры бала туу өте жоғары деңгейді көрсеткен болса, 90-
шы жылдары бала туу деңгейі өте төмен көрсеткішке
жеткен. Осыған орай, бүгінгі жұмыс істейтін жастар
(25-30 жас) зейнеткерлерді (65-75 жас) толық көлем-
де қамтамасыз ете алмайды, себебі жұмыс істейтін
халық саны кеңес заманымен салыстырғанда екі есе-
ге азайған. Бірақ бүгінде бір зейнеткерге шаққанда
жұмыс істейтін əрі зейнетақы жарналарын үздіксіз
аударатын адамдар саны 90-жылдардың аяғына қара-
ғанда біраз болса да көбейген - 2,2. Осы деректерді
жəне 1998 жылға дейінгі еңбек өтілінің барған сайын
азайып келе жатқанын ескере келіп, ортақ зейнетақы
бөлігін біртіндеп ауыстыру қажеттілігінің туындаға-
нын көреміз.
Қазақстан халқының белгілі бір бөлігінің БЖЗҚ-
ның үлгілі салымшылары емес екенін ұмытпаған
жөн, олар зейнетақы аударымдарын өте сирек жа-
сайды не мүлде жасамайды. БЖЗҚ-дағы 10 миллион
шоттың ішіндегі БЖЗҚ-ға үздіксіз жарналар аудара-
тын салымшылар саны 6,4 миллион адамды немесе
халықтың жұмыс істейтін бөлігінің 75%-ын құрайды.
Қалған белсенді, бірақ жарна аудармайтын тұрғындар
да (ал ол 3,5 миллионнан асады) зейнет жасына тол-
ғаннан кейін «лайықты» зейнетақысын алғысы келеді.
Сондықтан жан-жақты есептеп, халықаралық тəжі-
рибені игергеннен кейін ғана заңнамаға өзгерістер мен
толықтырулар енгізілді. Оның ішінде базалық зейне-
тақы да бар. 2018 жылдан бастап 10 жыл жəне одан аз
өтілі болған немесе өтілі мүлдем болмаған жағдайда
зейнетақы мөлшері ЕТК-ның 50%-на тең болады. Ол
əрбір келесі толық жыл үшін 2%-ға ұлғайып отыра-
ды. Яғни 20 жылдық өтіл болғанда, базалық зейнета-
қы 70%, 30 жыл болғанда - 90%, ал өтіл 35 жыл жəне
одан да көп болғанда 100% ЕТК-ны құрайтын бола-
ды. Бұған қоса өтіл
еңбек кітапшасын-
дағы жазбалармен
ғана емес, БЖЗҚ-ға
тұрақты аударылған
зейнетақы жарнала-
рымен де расталуы
тиіс.
З е й н е т а қ ы н ы ң
жалпы
сомасы-
на жұмыс беруші
есебінен төленетін
жарналар да қосы-
луы тиіс. Жұмыс
берушінің жаңа 5%
міндетті зейнетақы
жарналарының бас-
ты артықшылығы мынада: жұмыс беруші осы жарна-
ларды аударатын зейнеткер (5 жəне одан да көп өтілі
болғанда) өзінің шартты зейнетақы шотындағы қара-
жаты таусылса да, осы құрамдауыштағы зейнетақыны
өмір бойы алатын болады. Жинақтар мұраға қалды-
рылмайтын болғандықтан, жүйеден кеткен (қайтыс
болған/басқа жаққа кеткен) адамдардың жинақтары
басқа пулға қатысушылардың шоттарына бөлінеді.
ШЖЖ үлгісі эксперимент үшін жасалған жаңа үлгі
емес. Бұл Швеция, Норвегия, Латвия секілді жəне т.б.
батыс елдерінде толыққанды жұмыс істеп келе жат-
қан зейнетақы үлгісі.
Зейнетақы жүйесі үздіксіз дамып отырады. Қа-
зақстанның зейнетақы үлгісінде үш тараптың: мем-
лекеттің, жұмыс беруші мен салымшының қатысуы
жəне олардың мүдделі болуы көзделген. Мемлекет
зейнетақының базалық деңгейіне, зейнетақы жинақ-
тарының сақталу кепілдігіне жəне БЖЗҚ-ның қыз-
метіне жауап береді. Жұмыс берушіге жəне бəрімізге
міндетті зейнетақы жарналарын уақытылы əрі толық
аудару мен қызметкердің шартты-жинақтаушы шот-
тарын толықтыру жауапкершілігі жүктелген. Өйткені
бұл – БІЗДІҢ болашағымыз.
Т.ЖУРАВЛЁВА,
Баянауыл аудандық БЖЗҚ-ы қызмет
көрсету орталығының бастығы.
Зейнетақы 5%-ға көбейеді
Халық назарына!