«Сөзжасам» атты қазақ тілі пәнінен факультативтік курстың күнтізбелік жоспары



бет1/3
Дата10.04.2022
өлшемі20,04 Kb.
#30535
түріБағдарламасы
  1   2   3
Байланысты:
Баян апай.6сын.фак


Түсінік хат
Таңдау курсының бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысымен бекітілген орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында, 2019-2020 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатындағы ҚР Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 10 мамырдағы №199 бұйрығымен бекітілген «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларына» сүйене отырып жасалды.

Курста оқушыларға сөзжасам, сөз тұлғасы мен сөз құрамын меңгерте отырып, сөз жасаудың амал – тәсілдерін түсіндіру, ізденгіштігін арттыра отырып, ой – өрісін кеңейту. Ауызша – жазбаша сөйлеу мәдениетін, сауаттылығын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту көзделді. Қосымшаның түрлері, туынды сөздердің жаңа мағынаға ие болуы, терминдер мен дерексіз ұғым атаулары, болашақ мамандық жайлы ойтолғау сияқты тақырыптарды өте отырып, оқушылар тапсырмалар орындау арқылы сөздік қорларын дамытады, сөзжасамдық талдаулар жасауды толығымен меңгереді. Қазақ тілі бойынша білімдерін ғылыми-ізденіс тұрғысында жетілдіреді. Ғылым, білім, өнер, тәрбие мәселелері туралы мәтіндерінің маңыздылығын түсіне отырып, ұлттық танымын қалыптастырып, шығармашылық қиялдарын дамытады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет