Сөзжасам саласы



Дата22.05.2023
өлшемі13,96 Kb.
#95880
Байланысты:
Документ


Барлық зат не құбылыс ұғым тілінде таңбаланып, тілдегі көрінісі атау түрінде анықталады. Тіл білімінде атаудың жасалуын, қалыптасуын, ұғымда қалыптасқан бейненің тілдік таңбасын, туынды сөздердің жасалу жолдарын, әдіс-тәсілдерін, жаңа мағынаның ішкі құрылымын зерттейтін сөзжасам саласы бар. Қысқаша айтқанда, сөзжасам - ол лингвистиканың жаңа мағынаға ие туынды сөздердің қалыптасуы мен мағыналық дамуын, жасалу тәсілдерін зерттейтін саласы. 
Тақырыпта берілген сөзжасам мен уәждеме теориясының байланысы неде? Ең алдымен уәждеме сөзінің мағынасын анықтап алайық. Тілдегі уәждеме ұғымы күрделі тілдік категорияларды, атап айтқанда, сөз мағынасы, сөз тұлғасы, сөз мәні, сөз мазмұны, таңба номинациясы, лексикалық бірліктердің идиомалығы т.б. сияқты күрделі мәселелерді анықтауға арналады. Уәждеменің негізгі зерттеу нысаны - атау. Атаудың таңбалық белгісі, әдетте, сөз ретінде танылатындықтан, зерттеушілер уәждемені лексикологиямен байланыстырады. Сөзжасам мен уәждеме теориясының байланысы екеуінің де зерттеу объектісі атау болуында. Таңбаланып, атау берілген кез келген ұғым өзі белгілеп тұрған болмыстағы заттар мен құбылыстардың сипатына, ерекшелігіне, белгісіне, қасиетіне негізделеді. Өзі белгілейтін ұғымның негізгі немесе қосымша белгісіне негізделмейтін ұлт тілінде бірде-бір атау болмайды. Сол себепті атаудың уәжін зерделеу - тіл білімінің өзекті мәселелерінің бірі. Сөзжасамдағы уәждеме үрдісіне зерттеу жүргізген профессор Б. Қасым бұл құбылысқа: «Уәждеме – аталымның жасалуындағы алдын-ала жасалатын міндетті баспалдақ. Сөзжасамдық уәждеме – бұл құрастырушы сыңарлардың арасындағы қатынастар мынандай белгілерге ие болады: екі сыңар да күрделі сөз жасауға қатысады; бір сыңардағы мағына толығымен екінші сыңардағы мағынамен мағыналық үйлесім жасап кірігеді, кіреді. Жүйесіз кез келген сөз тіркесе бермейді, тілдің барлық қабаттары белгілі бір тәртіпке, заңдылыққа бағынады» деген анықтама берген. Тіл білімінің уәждеме теориясы туралы тұжырымдамалар тек орыс лингвистикасында ғана емес, сонымен қатар Б.Қасым, Л. Жаналина, А. Салқынбай сияқты қазақ ғалымдарының еңбектерінен де орын алды. 
Қазақ тіл білімінде күрделі атаулар 1980 жылға дейін морфологиялық категория ретінде қарастырылды, ал сөзжасам жүйесінде 1989 жылдан бастап қарала бастады. Күрделі атаулардың сөзжасам саласында терең әрі алғашқы зерттелуі Қасым Балқия еңбектерінен бастау алады. Бірінші, күрделі атауларды анықтау жөніндегі тұжырымдамаға келсек, Б.Қасым күрделі атауларды анықтау үшін, лингвистикада қалыптасқан үш түрлі ұстаным-белгіге сүйенеді. Оның біріншісі, мағыналық тұтастық белгісі. Бұл белгі бойынша күрделі атаудың құрамындағы сыңарлардың әрқайсысы әр басқа лексикалық мағынаны емес, біртұтас мағынаны білдіріп жеке атау болады (Жезқазған, көкқасқа, бозбала).

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет