|
Сөзжасамдық талдау үлгісі
|
Дата | 16.09.2022 | өлшемі | 13,73 Kb. | | #39284 |
| Байланысты: Сөзжасамдық талдау
СӨЗЖАСАМДЫҚ ТАЛДАУ ҮЛГІСІ
Кенет сәл жуандау қоңыр даусымен бір кезде студенттер
айтатын ескі күлдіргі өлеңді бастап жіберді (І.Есенберлин).
Сөзжасамдық негіз: күлдір (негіздің сипаты: негізгі түбір)
Сөзжасамдық мағына: қимылдық мағынадан сындық мағына
жасалды
Сөзжасамдық тәсіл: синтетикалық (-гі)
Сөзжасамдық тізбек: күлдір-күлдіргі
Сөзжасамдық ұя:
күлдір – күлдіргі
күл
күлгіш
күлкі – күлкішіл
ойын-күлкі
ойнап-күл
күлегеш
Бүгін дем алмаған тек Жүнісбек қана (Ғ.Мұстафин).
Сөзжасамдық негіз: бұл, күн (негіздің сипаты: кіріккен түбір)
Сөзжасамдық мағына: сілтеу орынбасар сөз бен зат мағыналы
сөздерден мезгіл мағынадағы сөз жасалды.
Сөзжасамдық тәсіл: аналитикалық (жолы: кірігу)
Сөзжасамдық тізбек:
Сөзжасамдық ұя:
Ескерту: аналитикалық тәсілде көп жағдайда сөзжасамдық
тізбек пен сөзжасамдық ұя жасалмайды.
Сәрсен, ашу – дұшпан, ақыл – дос, сабыр қыл (М.Жұмабаев).
Сөзжасамдық негіз: дос (негіздің сипаты: түбір сөз)
Сөзжасамдық мағына: заттық мағына
Сөзжасамдық тәсіл: лексика-семантикалық (кірме сөз: парсы)
Сөзжасамдық тізбек: дос-достық
Сөзжасамдық ұя:
достық
дос
дос-жаран
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|