Сөзжасамдық талдау үлгісі



Дата16.09.2022
өлшемі13,73 Kb.
#39284
Байланысты:
Сөзжасамдық талдау


СӨЗЖАСАМДЫҚ ТАЛДАУ ҮЛГІСІ
Кенет сәл жуандау қоңыр даусымен бір кезде студенттер 
айтатын ескі күлдіргі өлеңді бастап жіберді (І.Есенберлин).
Сөзжасамдық негіз: күлдір (негіздің сипаты: негізгі түбір)
Сөзжасамдық мағына: қимылдық мағынадан сындық мағына 
жасалды
Сөзжасамдық тәсіл: синтетикалық (-гі)
Сөзжасамдық тізбек: күлдір-күлдіргі
Сөзжасамдық ұя:
күлдір – күлдіргі
күл
күлгіш
күлкі – күлкішіл 
ойын-күлкі
ойнап-күл
күлегеш
Бүгін дем алмаған тек Жүнісбек қана (Ғ.Мұстафин).
Сөзжасамдық негіз: бұл, күн (негіздің сипаты: кіріккен түбір)
Сөзжасамдық мағына: сілтеу орынбасар сөз бен зат мағыналы 
сөздерден мезгіл мағынадағы сөз жасалды.
Сөзжасамдық тәсіл: аналитикалық (жолы: кірігу)
Сөзжасамдық тізбек: 
Сөзжасамдық ұя:
Ескерту: аналитикалық тәсілде көп жағдайда сөзжасамдық 
тізбек пен сөзжасамдық ұя жасалмайды.
Сәрсен, ашу – дұшпан, ақыл – дос, сабыр қыл (М.Жұмабаев).
Сөзжасамдық негіз: дос (негіздің сипаты: түбір сөз)
Сөзжасамдық мағына: заттық мағына
Сөзжасамдық тәсіл: лексика-семантикалық (кірме сөз: парсы)
Сөзжасамдық тізбек: дос-достық
Сөзжасамдық ұя:
достық
дос
дос-жаран

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет