Спандияр Көбеев Орындаған: Дүйсенова Ләззат



бет1/9
Дата16.11.2023
өлшемі3,37 Mb.
#124229
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Спандияр Көбеев шығармашылығы туралы


Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Филология институты
Спандияр Көбеев
Орындаған: Дүйсенова Ләззат
3-курс, 8-топ студенті
Тексерген: Ибраева Айзат
Өмірі
(1878-1956)
Әбжан
Айтбоз
Көбей Жансүгіров
Спандияр
Мұқаш
Оспан
Кәмел
Мизам
Тайкенже
Ыбырай мен Спандияр
Халық ағарту ісі
С.Көбейұлының мұғалімге қояр талап ойлары:
1. Оқытушы теорияны жақсы меңгерген, ұдайы оқып, өзінің идеялық-саяси білім, мәдениет дәрежесін жоғары көтеруші адам болу керек.
2. Оқытушы қоғамшыл, қоғам жұмысына белсене қатысып отыратын адам болуы керек.
3. Оқытушы өзінің педагогикалық мамандығын жақсы көретін, осы мамандықтың жетіле беру жолында қажымай, талмай еңбек етіп, ұдайы ізденіп, педагогика ғылымын тереңдей зерттеп отыратын адам болуы қажет.
4. Оқытушы өзі сабақ беретін пәнді толық меңгерген, сондай-ақ ғылымның әр саласынан көп хабары бар, жан-жақты білімді, мәдениетті болуы шарт.
5. Оқытушы әрбір оқушының ерекшелігі мен зейінін жақсы білетін, өз оқушыларын жақсы көретін, оқыту әдісін жетік білетін болуы қажет.
6. Оқытушы өз оқушыларымен тығыз байланысты, олармен дос, олардың қойған тілектеріне көңіл қойып, сұрауларына түсінікті жауап бере алатын, мұң-мұқтажына ұдайы көңіл қойып отыратын қамқор болуға тиіс.
7. Оқытушысы өз оқушыларына қатаң талап қоя отырып, сол талаптарын орындатқанда, оқушыларды жақсылап ұғындыру арқылы барлық істегі саналылығы мен ұқыптылығы, мәдениеттілігі мен үлгілілігі арқылы орындатып отырытын адам болуы керек.
Спандияр Көбеев «Баланы семьяда тәрбиелеу» Мектеп, 1965
Бала тәрбиесі – қиын да қызықты да іс. «Ұстаздық қылған жалықпас» -,деген еді Абай. Тек жалықпаған мұғалім ғана бұл жұмыста ойдағыдай нәтижеге жетеді. Бұған енді бір қағиданы қоса айтпаса болмайды. Мектеп тәрбие мен семия тәрбиесі тығыз ұштасып, бір жерден шыққан күнде ғана оның нәтижесі әрі дәйекті, әрі тиянақты болмақ. Мұның себебі, әр баланың мінезінің біріне ұқсамайтыны сияқты, әр семияның тәрбиесі де әр келкі. әр бір ата-ана баласына өзінше ақыл айтып, өзінше тәрбие береді.
С. Деген бала үйінде мазасыз болған. Үй ішінде жөнді тыныштық пен тамақ та ішкізбейді екен. Далаға шықса, майайдың баласын қыран жапқандай қылады екен. Мектепке келгеннен кейін ол өзінің үйреншікті жұмысын іштей бастайды. Оқытушы оны тәрбиелеуге нәтижесінде әлгі бала түзеліп, мектеп тәрбиесіне көніп, үйдегі жаман мінез – құлқтың бірі жоқ, жақсы тәлім тәрбие алған балалардың қатарына қосылып, тәртіпті баланың бірі болады. Бір күні көшеде жүрген оқытушыға жолығып, әлі баланың әкесі А. Оқытушымен көп әңгімелесіп, совет мектебіне өзінің ұшан теңіз ризалығын білдірген. Бұл – мектепке, оқытушыға зор қуаныш емес пе?!
Бұл, әрине, сирек кездесетін жағдай. Үйде бетімен өскен баланың ілуде бірі ғана жаңа ортаға әрең үйренісіп, зорға көндігеді. Ондай бала мектеп тәлім тәрбиесіне көндігіп, кеткенмен де « Жүйріктің ұрыншақтығы қалса да қырыншақтығы қалмас» дегендей, әйтеуір бір шәлкем шалыс мінез шығармай қоймайды. Оның жарамсыз істері – мектептегі оқытушыларға үйдегі ата – анасына уайым. Сайып келгенде баланың ата – анасы, біздің баланы кой ол адам болмайды» - деп, одан бір жолата күдер үзеді. Осындан келіп ата –анасына көңілі қалып, мектептен де үміт үзіп, өзін бір панасыз, қорғансыз адамға есептеп кететін бала да болады. Сабағын зейін салып оқымай, мектепке кейде барып, кейде бармай, оқытқан ұстазының кейде тілін алып, кейде алмай жүретін әдетке ұшырайды. Ондай баланы бетімен жіберу қате. Баланың ата –анасы болып, мектеп өз класының жиналысына салып, баланың теріс қылықтар істемеймін деген уәдесін алып, мектепте бір жауапты жұмысы тапсырып тапсырманы қалай орындайтынын бақылап, қадағамап отырса, бала мектептегі алдынғы қатарлы шәкірттердің бірі болып шығуы сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет