Спорт ғимараттарын пайдалану ережесі Жалпы ережелер



бет2/3
Дата20.09.2023
өлшемі43,25 Kb.
#109278
1   2   3
- 3-ші санатқа - ғимараттың параметрлері дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.

5. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті (бұдан әрі – Спорт комитеті) спорт ғимараттарына жоғарғы санат береді және бекітеді, бірінші, екінші, үшінші санаттарды – облыстық, Астана мен Алматы қалаларының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармалары (бұдан әрі – облыстық (қалалық) басқармалар) береді.

6. Спорт комитетінде жоғарғы санатты бекіту, облыстық (қалалық) басқармаларда бірінші, екінші және үшінші санаттарды бекіту үшін спорт ғимаратының басшысы:
1) спорттық ғимаратқа санат алу үшін еркін түрде жазылған өтінішті тапсырады;
2) осы Ереженің қосымшасына сәйкес спорт ғимараты паспортының үлгілік нысанын толтырады;
3) спорт ғимаратының пайдалануға беріктігі, құрылыс құрылғыларының тұрақтылығы және қауіпсіздіктің қажетті дәрежесін қамтамасыз етуге қатысты спорт ғимаратының техникалық тексеру актісінің көшірмесін тапсырады.

7. Ұсынылған құжаттарды және спорттық ғимараттардың сипаттамасын қараудың нәтижесі бойынша 7 жұмыс күн ішінде спорт ғимаратына санат беру немесе санат бермеу туралы шешім қабылданады.


Спорт ғимараттарын пайдалану
8. Дене шынықтыру-спорт ғимараттары бірыңғай жүйені құрайды. Ал функционалдық мақсаттарына қарай алты топқа бөлінеді. Олар:
1) балалардың мектепке дейінгі және оқу орындары бағдарламасы бойынша жаттығуды қамтамасыз ететіндер;
2) еңбек үдерісінде жұмыс уақыты режимінде және жұмыстан кейінгі қалыпқа келтіру жаттығуларын қамтамасыз ететіндер;
3) қарулы күштер қызметіне дайындықты, әскери қызмет үдерісін және арнайы жұмыс түрлерін орындау үшін (азаматтық авиация, құрал-жабдықтарды монтаждау, электр қуатын беру желілері) дене тәрбиесі деңгейін қалыпты ұстауды қамтамасыз ететіндер;
4) тұрғындар арасында емдеу-алдын алу жұмыстарын қамтамасыз ететіндер (емханалардың емдік-дене шынықтыру кабинеті, санаторийлердің, демалыс үйлерінің, шипажайлардың ғимараттары);
5) демалған кезде дене шынықтыру жаттығуларын өткізуді қамтамасыз ететіндер;
6) жоғары сыныпты спортшылардың дайындығын және жарыстарды өткізуді қамтамасыз ететіндер.
9. Балалардың мектепке дейінгі мекемелері, кәсіпорындардың, оқу орындары (кәсіпорынның аумағындағы), әскери қызметте және қарулы күштерде қызмет ету дайындығын қамтамасыз ететін, тұрғындар арасында дене шынықтыру деңгейін және емдеу-алдын алу жұмыстарын қолдау, дене шынықтыру-спорттық ғимараттарды пайдалану аталған ұйымдардың ішкі тәртібі ережелерімен айқындалады.
10. Оқу-жаттығу (спорттық-техникалық) ғимараттары (мамандандырылған құрама командалардың спорттық базалары, оқу-жаттығу орталықтары, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, олимпиада резервінің балалар мен жасөспірімдер мектебі, жоғары спорт шеберлігі мектебі, олимпиадалық даярлау орталығы, олимпиада резервін даярлау орталығы, спорттық бейіндегі мектеп-интернаттар, шаңғы спорты трамплиндері, тау шаңғысы және шана-бобслей жолдары, велотректер және велоайналма жолдары, тирлер мен ату алаңдары) оқу-жаттығу үдерісінің талаптарына сәйкес қолданады.

Спорт ғимараттарын пайдалану ережелеріне қосымша Нысан
Спорт ғимараты паспортының үлгілік нысаны
__________________________________________________________
Спорт ғимаратының атауы


Бекітілді: Паспорт тіркелді
____________ санат ____________________________
№ ____________ бұйрығы Мемлекеттік органның атауы
20__ жылғы __ ________ ____________________________
Басшысының А.Ә.Т. және қолы



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет