Спорт ғимараттарын пайдалану ережесі Жалпы ережелер



бет1/3
Дата20.09.2023
өлшемі43,25 Kb.
#109278
  1   2   3



Спорт ғимараттарын пайдалану ережесі


1. Жалпы ережелер
1. Осы Спорт ғимараттарын пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық қызмет көрсету жөніндегі спорт ғимараттарын және оларды жарақтандыру мен ғимараттардың параметрлеріне байланысты спорттық қызметтерді пайдалануды реттейді.
2. Спорттық ғимараттар өздерінің мақсатына қарай спорттық-думанды (көрсетілімдік), оқу-жаттығу (спорттық-техникалық) және дене шынықтыру-сауықтыру болып бөлінеді.
Көрермендер саны үйдің ішінде - 500 және одан да көп, ашық ауада - 1500 және одан да көп мінбелері немесе жеке қатарлары бар және өткізілетін спорттық жарыстарды көруге арналған ғимараттар спорттық-думанды ғимараттарға жатады.
Есу, желкен, шаңғы, тау шаңғысы, шана-бобслей, ату, конькимен сырғанау, ат спорты (ипподромдардан басқа), тас жолдағы велосипед, шахмат және дойбы спортына арналған, көрермендерге арналған орындарының болуына қарамастан, оқу-жаттығу түріне жатады.
Азаматтардың дене жаттығуларымен және спортпен шұғылдануына арналған ғимараттар дене шынықтыру-сауықтыру ғимараттарына жатады.
Дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері арнайы дайындықтарды қажет етпейтін және шұғылданушылардың өміріне және денсаулығына қауіп келтірмейтін жаттығуларды өткізуге арналған барлық ғимараттарда жүзеге асырылады.
2. Спорт ғимараттарының түрлері мен санаттары

Пайдалануына қарай спорт ғимараттары келесі түрлерге бөлінеді:


1) акваторий (спорттық) – арнайы белгіленген судың беті. Онда оқу-жаттығу үдерісі мен есу және желкенді спорт түрлерінен жарыстар өткізіледі;
2) ату алаңы - әртүрлі атыс спорты түріне арналған ашық немесе жабық (жартылай жабылған) ғимараттардан тұратын кешен;
3) ату стенді – құрамында дөңгелек және траншейлік немесе біріктірілген стенд атуға арналған (спорттық-аңшылық) ғимарат;
4) ату тирі - әскери немесе спорттық қарудан атуға арналған жабық немесе ашық ғимарат;
5) әмбебап спорттық думанды (көрсетілімдік) залы (Спорт сарайы) - 1000 және одан да көп көрермендерге арналған жабық ғимарат (жабық арена). Көрермендер залы бар негізгі алаңның көлемі қолмен ойналатын барлық спорт түрлерін өткізуге мүмкіндік береді. Жарыс ережелерімен айқындалған көлемге хоккей қораптары да сияды. Әмбебаптыққа тасымалдау есебінен қол жеткізіледі;
6) бильярд үстелі – бұрыштары және ұзын шетінің ортасында орналасқан алты аспалы лузалары бар борттармен бірге үстел, екі шеңберлі төртбұрышты (квадрат) болады, тігісі жоқ шұғамен тартылады және ұзына бойы бекітіледі;
7) велодром - велотректі қоса алғанда 3000 және одан да көп көрерменге арналған жабық ғимарат;
8) велотрек – айналманы есепке алғанда, қиыс салынған, жай жүруге арналған еңістеу жабық немесе көлемді жабық немесе ашық ғимарат және қызмет көрсету бөлмесі. Көрермендерге арналған мінбелері болуы мүмкін;
9) гольфқа арналған алаң – 50 гектардан кем емес тегіс жерге орналасқан, 18 шұңқыры және жаттығу аймағы бар алаң;
10) есу арнасы - 220 м қашықтықтағы, «тура» және «кері қайту» сулары және тиісті қызмет көрсету құрылыстары бар жасанды ғимарат;
11) есу базасы - есу және желкенді спорт түрлерімен шұғылдануға арналған ғимараттар кешені;
12) жабық конькимен жүгіру жолы - жасанды мұзы бар жылытылатын және сөренің ұзындығы кемінде 250 м. Көрермендерге арналған орындар салынуы мүмкін;
13) кешенді спорт алаңдары – жазық ғимараттар, олардың жарақтандырылуы және белгіленуі кезектесе отырып, түрлі спорт ойындары мен жаттығулар өткізуге мүмкіндік береді;
14) құрама командалардың базалары, құрама командалардың оқу-жаттығу орталықтары - бұл кешенде спорт ғимараттары, дәрігерлік-қалпына келтіру орталығы, жатын корпустар, ас блогі және ұзақ жиындарды қамтамасыз ететін қызмет мекемелері спорт ғимараттары болады;
15) спорт алаңдары – жекелеген спорт ойындары түрлері мен арнайы шешінетін және жуынатын орындары бар шұғылдануға арналған жазық құрылыстар;
16) спорт аренасы - мінбелері бар ашық спорт алаңы - ашық алаңда 1500 адам, үйдің ішінде - 500 адам;
17) спорт ғимараттарының басқармасы (бірлестіктер, спорт комбинаты, денешынықтыру-сауықтыру комбинаты) – түрлі спорт ғимараттарының жұмыс тиімділігін қамтамасыз етуді біріктіретін ұйым, аумақтық орналастыру ерекшелігіне қарамастан бірыңғай шаруашылық кешен;
18) спорт ғимараттарының кешені - оқу-жаттығу жұмыстары және жарыстарға арналған бір үлгідегі көлемді жазық ғимараттар тобы. Олар бір аумақта орналасады және бір жерден басқарылады;
19) спорт залы – ұзындығы кемінде 18 метр, ені 9 метр және биіктігі 5 метр жабық спорт ғимараты (көлемі шағын болған жағдайда «спортқа арналған жай» деген атау қолданылады), белгілі жаттығу (арнайы мамандандырылған) немесе барлық спорт түріне арнап жабдықталған. Құрылыс спорт ғимаратына немесе басқа мақсатқа арнап ғимаратқа қоса салынады. Көрермендерге арналған орындары болуы мүмкін;
20) спорт кешені - жеке тұрған ғимарат, оның негізгі элементі - спорт залы болып табылады. Залдардың санына шек қойылмайды. Көрермендерге арналған орындары болу мүмкін. Залмен (залдармен) бірге жүзу бассейні де орналасуы мүмкін;
21) спорт манежі (футбол, жеңіл атлетика, ат спорты) - оқу-жаттығу үдерісінің талаптарына және спорт түрлері бойынша жарыстардың ережелері мен талаптарын қанағаттандыратын жабық тұрған немесе қоса салынған ғимараттар, олар жазық және негізгі үлкен мөлшердегі (алаң, спорттық ядро) ғимараттар ретінде пайдаланылады. Көрермендер үшін орындар салынуы мүмкін;
22) спорт ойындары немесе жаттығуларына арналған алаң (футбол, регби, бейсбол, допты және көгалдағы хоккей, конкурлық, лақтыру, садақ ату) – жекелеген ойын түрлері мен жаттығуға ойын алаңын бірнеше спорт түріне кезектесе пайдаланудың мүмкіндігі бар алаң;
23) спорттық жол (жеңіл атлетикалық, кросс, тау шаңғысы, шана, бобслей, шаңғы роллерлі, велосипед, биатлон, шаңғы, маңайды бағдарлау үшін) - жарыстардың реттелген ережелері мен оқу-жаттығу үдерісінің талаптарына сәйкес қашықтықтың екі аралығындағы жол;
24) спорттық жүзуге, су добына, суға секіруге немесе үйлесімді жүзуге арналған жүзу бассейні (бассейндер) - жарыс ережелерінде қарастырылғаннан кем емес негізгі өлшемді ваннасы бар ашық және жабық ғимараттар. Бір ваннада спорттың бірнеше түріне жағдайлар жасалуы мүмкін. Көрермендерге арналған орындар болуы мүмкін;
25) спорттық ядро - жан-жағы жүгіру жолдарымен белгіленген футбол (ойын) алаңы, жолдың өлшемі 400 метр және бұрылу радиусы 36 метрге тең болса қалыпты деп есептеледі. Ядроның құрамында жүгіру жолы және жеңіл атлетика секторы болады;
26) стадион - спорттық аренасы бар кешен;
27) табиғи мұздан жасалған конькимен жүгіру жолы – ұзындығы 250 метрден кем емес, айналымды жолы бар маусымдық жазық ғимарат;
28) тир - аталған ғимараттың шекарасынан, оқтың өтіп кетуін толық ұстап қалатын жабыны бар алаңмен ауыстырылған ғимарат;
29) шаңғы базасы - жаттығуға немесе сырғанауға арналған қызмет көрсететін жайлары, трассалары, шаңғыларды сақтайтын және жуынатын орындары бар ғимараттар кешені. Трассаның құрамында шаңғы стадионы, жарыстың сөресі мен мәре учаскесінің ұзындығы 400 м, ені 100 м, төрешілер павильоны, көрермендерге арналған мінбелері болады;
30) шаңғымен секіруге арналған тұғыр - жылдамдық алу биіктігі (әдетте эстакада түрінде), жерге түсу биіктігін қоса алғанда, шаңғы спортынан халықаралық федерацияның ережелері мен нормаларына сәйкес және оқу-жаттығу жұмыстары мен жарыстарға арналған техникалық құрал-жабдықтармен жарақтандырылған көлемді ғимарат. Пайдаланудың қауіпсіз шарттарын бір мезгілде қамтамасыз ету қажет;
31) эллинг - спорттық кемелерді сақтауға және жөндеуге арналған үй-жай. Эллинг пен кемелердің жағаға келіп тоқтауын, спортпен шұғылданғанда оған отырғызуға арналған көлік байланысы болғаны дұрыс;
32) яхта клубы - желкенді спортпен шұғылдануға арналған ірі су қоймаларының жағалауындағы ғимараттар кешені.

4. Осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген спорттық ғимараттар төрт санатқа бөлінеді:
- жоғарғы санатқа - ғимараттардың негізгі көлемі және жарақтандыруына қарай параметрлері спорт түрлерінен халықаралық федерациялардың талаптарына сәйкес келетін және жоғары білікті спортшылардың оқу-жаттығу жұмыстарын немесе халықаралық ережелер бойынша жарыстар өткізуге мүмкіндік беретін (әлем, Еуропа чемпионаттары, ТМД чемпионаты, кубок жарыстары және т.б.) немесе дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызметпен шұғылдануға лайықты тиісті халықаралық талаптарға жауап беретін, заманауи спорттық жарақтандырылған спорт ғимараттары мен үймереттер;
- 1-ші санатқа - өзінің көлемі және жарақтандырылуы бойынша негізгі параметрлері көпшілік разрядты спортшылардың оқу-жаттығу жұмыстарын немесе республикалық жарыстарды өткізуге (республика, облыс, қала чемпионаттары) мүмкіндік беретін ғимараттар;
- 2-ші санатқа - өзінің көлемі және жарақтандырылуы бойынша негізгі параметрлері бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық жаттығуларға немесе жаппай жарыстар өткізуге мүмкіндік беретін ғимараттар;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет