Гандбол (дат. håndbold, англ. handball от hand — қол және ball — доп) -қол добы— командалық спорттық доп ойыны. Шамамен 1895 жылы Германияда пайда болған. Халықаралық қол добы федерациясы 1928 жылы құрылды. 1936 жылы Берлинде өткен Олимпиялық ойындар бағдарламасына енді.

Қол добының әр командада 7 немесе 11 адам ойнайтын екі түрі бар. Алғашқысы 40x20 м алаңда ойналады.
Доптың салмағы 425–475 грамм, диаметрі 54–56 сантиметр, қақпаның ені 3 метр, биіктігі 2 метр.
Ойыншылардың қақпа алдындағы 6 метрлік алаңға енуіне болмайды. Ойын 30 минуттық (әйелдер үшін 25 минут) екі таймнан тұрады.
Қол добынан Қазақстан Республикасы әйелдер құрамасы 2002 жылы Азия чемпионы және 14 - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Гандбол
Гольф (ағыл. golf) — спорттық ойын, жекелеген қатысушылар немесе командалар, белгілі қашықтықты ең аз соққы санымен кішкентай допты арнайы шұңқырға сырғытпа таяқпен кіргізіп жарысады.
Гольф (ағыл. golf) — спорттық ойын, жекелеген қатысушылар немесе командалар, белгілі қашықтықты ең аз соққы санымен кішкентай допты арнайы шұңқырға сырғытпа таяқпен кіргізіп жарысады.
Бастапқы алаң екі белгімен белгіленеді және олар рұқсат етілген аймақ шекараларын көрсетеді, онда допқа арналған қазық орнатылуы мүмкін.
Ойын үшін алаңда әр түрлі кедергілер — су бөгеттері, құм толтырылған бункерлер, түптер, ағаштар, биік шөптер бола алады.
Әрбір ойынға қатысушы белгіленген тәртіппен лункадардың (әдетте 18) белгілі бір саны өтуі тиіс. Бұл жағдайда лунка жердегі тесік және ойындар үшін арналған бүкіл алаң аталадыГольф үшін ойыншы 14-тен артық емес сығыртпа таяқ түрін пайдалана алады.