Спортшылар мен спорт командаларының психологиялық дайындығЫ Қ.І. Адамбеков


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕДЕГІ ОҚУ ТӘРБИЕ ҤРДІСІНЕ МЕНЕЖЕРЛЕРДІҢ



Pdf көрінісі
бет15/15
Дата06.03.2017
өлшемі1,41 Mb.
#7609
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕДЕГІ ОҚУ ТӘРБИЕ ҤРДІСІНЕ МЕНЕЖЕРЛЕРДІҢ 
БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚҦЗІРЕТТІЛІГІ 
 
А.Е. Данашева - Абай атындағы ҚазҰПУ-дің  оқытушысы 
 
Қазақстан  Республикасында    білім  беруде  дамытудың  2010-2020  арналған    мемлекеттік  
бағдарламасында  еліміздегі  білім  беру  (яғни    мектепке  дейінгі  білім  беру)  сапасын  түбегейлі  ӛзгертуге 
нақты  қадам  жасалған.  «Қазақстан  Республикасында  бiлiм  берудi  дамытудың  2005-2010  жылдарға 
арналған  мемлекеттiк  бағдарламасында:    «Мектепке  дейiнгi  тәрбие  мен  оқытудың  сапасын  арттырудың 
негізгi  бағыты  балалардың  жеке  бас  мәдениетiнiң  негіздерiн,  мектепте  оқытуға  қажеттi  дағдыларды, 
мемлекеттік  тiлдi  үйренуiне,  зияткерлiк  және  эмоциялық  дамуына,  олардың  табиғи  және  психикалық 
денсаулығын сақтауға және бекемдеуге жағдай жасау болып табылатыны» айтылған. 
Елімізде  ӛмірдің  барлық  саласына  ӛзгерту  процесі  жүріп  жатыр.  Республикамыз  экономикалық 
және саяси егеменді мемлекет болғандықтан әр қоғам мүшесінің ұлттық сана-сезімнің жоғарлауына талап 
етеді.  Соның  ішінде  күн  тәртібіне  қойылып  отырған  күрделі  мәселердің  бірі  -  болашақ  ұрпақты  ұлттық 
сана рухына тәрбиелеуОсыған байланысты тәрбиеші – педагогтардың білім беру жүйесінің соның ішінде  
жаңа идеялар, түрлі методикалық  әдіс – тәсілдерді іздене отырып жұмыс істеуге негіз болары анық. Олар 
білім алушыларға сапалы оқу – тәрбие жұмысын жүргізе білуімен қатар, білім беру жүйесін арттыру, ең 
алдымен  педагог  –  тәрбиешілердің  білімін  кӛтеру,  кәсіби  білімін  дамыту,  оқу  үрдісіне  бағдарламасын 
енгізу,  мектепке  дейінгі  менеджерлердің  басқарушылық  құзреттілігін  арттыру  қажет.  Бұл  әрекеттердің 
жоғары  дәрежеде  орындалу  негізінде  қажетті  жағдайда  ұйым  басшысының,  яғни  менеджердің 
басқарушылық  құзіреттілігіне  тікелей  байланысты  екеніне  ешкімнің  таласы  жоқ.  Осындай 
тұжырымдаманың  нәтижесінде  мектепке  дейінгі  мекеменің  меңгерушісі  бұрында  талантты, 
ұйымдастырушы,  білімді,  әділетті,  ұжымдағы  тәрбиеші  –  педагогтарға  қамқоршы,  әділетті  қарайтын, 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Начальная школа и физической культуры», № 3 (30), 2011 г. 
 
98 
жұмыс  уақытымен  санаспайтын,  тәрбиешілерді  жұмыстарына  қызықтыра  білетін  маман  болуын  қазіргі 
заман талабына сай менеджердің құзіреттілігі десе болады. 
Түбегейлі  ӛзгерістерге  бет  бұрған  жаңа  қоғамда  тек  білімді  болу      жеткіліксіз,  сондықтан  әрбір 
жеке  тұлғаның  бойында  адамгершілік,  ізгілік,  кішіпейілділік,  қайырымдылық,  батырлық,  отансүйгіштік 
т.б. қасиеттер болуы керек. Ол үшін жас ұрпаққа тәрбие беруде ар-ұят, адалдық, руханияты, адамгершілік, 
ізгілік  мәселелерін  қатар  қою  қажет.  Балаларға  рухани-адамгершілік  тәрбие  беру–қазіргі  заманның  ең 
маңызды міндеттерінің  бірі.  Бұл заңды  да,  ӛйткені, біздің  қоғам ӛмірінде  адамгершілік  бастамаларының 
рӛлі барған сайын артып, моралдық фактордың ықпал аясы кеңейіп келеді 
Олай болса қазіргі заман талабына сай менеджер болу үшін, ӛмірдегі түрлі ӛзгерісті, жаңалықты 
ӛзінен  бастайтын,  ұжымына  мақсаты  бір  команда  жинай  алатын,  ұжымға  түрлі  идея  беріп, 
шығармашылықтарын  дамытуға  мүмкіндік  жасай  алатын,  болашақта  қандай  бағдарламалар  болуы 
мүмкіндігін  анықтай  алатын,  ұжымда  кездесетін  түрлі  қиыншылықтарға  тӛзе  білетін,  білікті  басшы 
менеджер бола алады дейміз. 
Демек мектепке дейінгі мекемеде тәрбие мен оқытудың жаңа жалпыға бірдей міндетті білім беру 
сандартын енгізу болып отыр. Яғни 5 - 5-6 жастағы балалар үшін, педагогикалық процесті бағдарламалық 
– әдістемелік қамтамасыз ету жағдайында «Біз мектепке барамыз»  бағдарламасы, осы жастағы балаларға 
тәрбиелеу  мен  дамытудың  аспектісін  ашады.  Ал  ерте  жастағы  (1  жас  пен  3    жасқа  дейінгі)  балаларды 
тәрбиелеу  мен  оқытуға  арналған  «Алғашқа  қадам»  бағдарламасы  отандық  мектепке  дейінгі  педагогика 
және  ерте  жастағы  балаларды  тәрбиелеу  мен  оқыту  тәсілдері  тәжербиесіне  негізделген,  сондай  –  ақ 
«Балабақшадағы  оқыту  мен  тірбиелеудің  типтік  бағдарламасы»  мазмұны  мен  базалық  принципіне 
сүйенеді. Осыған байланысты, «Алғашқы қадам»  бағдарламасындағы білім беру міндеттері бес білім беру 
салалары: «Денсаулық», «Таным»,  «Қатынас»,  «Шығармашылық»,  «Әлеуметтік орта» үйлесімді бірігуі 
арқылы  іске  асады,  әрқайсысының  жеке  ішкі  бӛлімдері  мен  ӛзінің  мақсаты  бағыттары  бар.  Білім  беру 
саласының мазмұны: 
- денсаулық сақтау; 
- коммуникативті – тілдік; 
- танымдық; 
- шығармашылық; 
- әлуметтік орта құзіреттіліктерін қалыптастыруды қамтиды. 
Жаңа адамды қалыптастыратын қазіргі заманғы педагогтың алдыңғы қатарлы азаматы болуы тиіс. 
Мамандық  шеберлік,  балаларға  деген  сүйіспеншілік  нақты  істерде,  қылықтарда,  адамдармен  ӛзара 
қатынастарда  кӛрінеді  және  балаларды  тәрбиелеу  құралы болып табылады. Н.К.Крупская  педагогтың ӛз 
басын балаларға тигізер зор ықпалын атап кӛрсете келіп былай деп жазған болатын: «Балаларды ұстамды 
болуға үйретіп, ӛзі ұстамсыздық жасайтын балаларды жолдастыққа үйретіп, ӛзін олармен жолдас ретінде 
емес,  бастық ретінде ұстайтын тәрбиеші жаман тәрбиеші. Балалар үшін идея жеке – дара адамнан алшақ 
емес!» «Тәрбиеші балалардың ең жақын досы болуы тиіс» (1). Адамның жеке басынан алғашқы негіздері 
қалана бастайтын мектеп жасына дейінгі балаға ересектің ықпалы ӛте күшті болады. «Бала ақыл – ой мен 
адамгершілік жағынан, адамның жеке басының тікелей ықпалы мен ғана тәрбиеленеді, қанаттанады - деп 
кӛрсетті.  К.Д.Ушинский    -  ал  адамның  жеке  басының  ықпалын  ешқандай  формалармен  де,  ешқандай 
тәртіпен  де,  ешқандай  уставтармен  де,  оқу  сағаттарының  кестелеріменде  жасанды  түрде  алмастыру 
мүмкін емес» (2). 
Мектепке дейінгі мекемелерде бала ӛз ӛмірінің алғашқы алты жыл бойына болады, сол кезеңде ол 
үшін тәрбиеші сӛзсіз ӛнеге, әрі бедел болып табылады. Сондықтан  да педагогтың ӛз басына қойылатын 
талап ӛте жоғары болуы керек. Тәрбиеші қызметінің  ойдағыдай болуының сӛзсіз шарты оның балаларға 
деген  ақылға  қонымды  талапкершілікпен  ұштасқан  сүйіспеншілігі  болып  табылады.  Оның  
шынайылылығы,  кішіпейілділігі,  мейірімділігі,  қайырымдылығы  балалардың  оған  деген  жүрек  жылуын, 
ыстық ықыласын тудырады. 
Балалар  бақшасының  уставына  сәйкес  мектепке  дейінгі  мекемелерде  белгілі  документация 
жүргізілуі  тиіс.  Бұйрық  кітабы  балалар  бақшасына  реттік  номерленген  соң  жүргізіледі.  Оның  барлық 
беттері  нӛмірленіп,  ең  соңында  парақтар  саны  кӛрсетіледі.  Балаларды  есептеу  кітабы  (ДП-  2формада)  
балалармен  олардың  ата  –  аналары  жӛніндегі  мәліметтерді,  мекен–жайын  баланың  орналасқан  және 
шығып  кеткен  күндерін  қамтиды.  Әр  топта  балаларды  күнделікті  есебі  жүргізіледі.  (ДП-  3  формада). 
Қызметкерлердің  балалардың  жеке  басының  іс  –  қағаздары  медициналық  карталар,  мектепке  дейінгі 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене тәрбиесі» сериясы, №3 (30), 2011ж. 
99 
мекемелерге  нұсқау  беретін,  инспекциялайтын  ескертпелері  мен  ұсыныстары  жазылатын  кітап, 
санитарлық журнал, педагогикалық, ӛндірістік кеңестер мен ата – аналар жиналыстарының протоколдары, 
құрал  –  саймандар  мен  тамақ  ӛнімдерінің  есебі  жӛніндегі  кітап,  мекеме  жұмысының  жылдық  жоспары 
және  т.б.  Осындай  мектепке  дейінгі  ұжымды  басқаратын  мекеменің  меңгерушісі,  яғни  қазіргі  заман 
талабына сай менеджері болуы тиіс. 
Баланы балалар бақшасында тәрбиелеудің ерекшелігі ең алдымен оның күнделікті ӛмірі мен ісі–
ойындар,  еңбек,  әр  түрлі  оқу  іс-әрекеттер  –  балалар  қоғамы  жағдайында  педагогтың  ұйымдастыруымен 
ӛтіп  жатады.  Мұндайда  ұнамды  кӛзқараспен  ӛзара  қарым-қатынас  (балалар  арасында,  балалар  мен 
үлкендер арасында) тәжірибесін жинақтау мен тереңдету мүмкіндіктері жасалады (3). 
Топтары  кӛп  мектепке  дейінгі  мекемелерде  меңгерушіге  кӛмекші  тәрбиеші-  методист  болуы 
керек. Оның мектепке дейінгі тәрбие жӛнінде жоғары білімі және кемінде екі жыл жұмыс ӛтілі бар болуы 
қажет. Тәрбиеші – методист тәрбиешілердің жұмысына бағыт беріп, ол жұмысты қазіргі заман талабына 
сай  жетілдіруге  ат  салысады  (4).  Музыкалық  –  эстетикалық  тәрбиені    музыка  оқу  сағатының  жетекшісі 
тәрбиешілермен бірге отырып жүзеге асырады. Медициналық қызмет кӛрсетуде аға медбике және дәрігер 
қамтамасыз етілуі қажет. Меңгеруші яғни мектепке дейінгі мекемені басқарушы менеджерлер Қазақстан 
Республикасының  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылға  арналған  бағдарламасында  кӛрсеткендей 
меңгеруші  –  менеджерлерді  жыл  сайын  курс  шараларынан  ӛткізіп  тұрылуы  керек.  Ондағы  әртүрлі 
түсініктерді  мысалға  маркетинг,  психологиялық  рейтинг,  басқару  фунциясы,  бюджеттік  қаржылар, 
лицензиялау,  технологиялық  карта.т.б.  толып  жатқан  ғылыми  түсініктерді  ӛз  жұмыстарына  жаңа  бағыт 
беру үшін қолданысқа енгізе алатындай болуы керек. Жалпы қорыта келгенде біздің басты бағытымыз – 
оқу  –  тәрбие  жұмысын  менеджерлердің  басқару  құзіреттілігін  арттыру,  яғни  олар  ӛте  күрделі  және 
қызықты іс – әрекет арқылы жұмысты әрі қыздыра түсе білуі. Демек заманымыз үнемі даму үстінде болса, 
соншалықты іздену үстінде еңбек ете білуіміз қажет.  
                         
1. Крупская Н.К. О дошкольном воспитании. - М., 1957. - 249 с. 
2. Ушинский К.Д. О дошкольном воспитании. - М., 1976. - 277с 
3. Меңжанова Ә. Мектепке дейінгі педагогика. - Алматы: Рауан, 1992. 
4. Жұмабекова Ф.Н. Мектепке дейінгі педагогика. - Алматы: Фолиант, 2002. 
        
Резюме 
В  данной статье  рассматриваются  вопросы    менеджмента  в  дошкольных  организациях  ,  а  также 
компетентность ви управлении. 
 
Summary 
The article іs  considered the  duestions of menegement  competens. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Начальная школа и физической культуры», № 3 (30), 2011 г. 
 
100 
ҚАЗАҚ ОТБАСЫНДАҒЫ БАЛА ТӘРБИЕСІ 
 
Ғ.Т. Абилбакиева - Абай атындағы ҚазҰПУ-дің мектепке дейінгі,  
бастауыш білім беру және педагогика кафедрасының  оқытушысы 
 
1994 жылы  Қазақстан  БҰҰ-ның  балалар  құқығы  туралы  Конвенциясын  бекітті.  2002 жылдың 
тамызында  «Қазақстан  Республикасындағы  балалар  құқығы  туралы»  Заң  қабылданды.  Міне,  осылай 
балаларға  қамқорлық  кӛрсету,  еліміз  тәуелсіздік  алған  күннен  бастап,  әлеуметтік  саясаттағы  басты 
бағыттардың біріне айналды. 
Балаларға  қамқорлық  жасап,  олардың  мүддесін,  құқықтарың  бостандығын  қорғау  Ата  Заңымыз 
арқылы  кепілдендірілген.  Қазақстанның  отбасы  және  бала  мәселелері  женіндегі  құқықтық  базасы 
құрылған.  Еліміздің  Конституциясына  сәйкес,  «неке  мен  отбасы,  ана  мен  әке  және  бала  мемлекеттің 
қорғауында. Ал «Отбасы туралы» Заң шаңырақтағы қарым-қатынасты реттейді.  
Отбасы, жанұя, үйелмен, семья деген атаулар бір мағынаны береді. Мәселен, ―Отбасы – семья, үй 
деген  сӛздің  синонимі‖,  яғни  бір  оттың  басында  ӛмір  сүріп  жатқан  қандастар.  Отбасындағы  әрбір  адам 
ӛмірінің онымен тығыз байланыстылығы сонша, ол әрбір отбасы мүшесінің дамуына шешуші әсер етеді. 
Отбасы  –  қоғамдық  қатынастар  мен  процестердің  алуан  түрлі  формалары  біртұтас  болып  ұштасатын 
комплексті әлеуметтік құбылыс.  
Қазір қоғамдағы отбасы кіші әлеуметтік топ қана емес, ол сондай-ақ құқықтық институт та болып 
табылады.  Кіші  әлеуметтік  топ  ретінде  отбасы  бірқатар  міндеттерді  іске  асыратынын  жоғарыда  айттық. 
Құқықтық  институт  ретінде  отбасы  –  туысқандық  және  некелік  қатынастар  арқылы  ӛзара  байланысты 
адамдар тобы. Оларға тиісті құқықтық нормаларға сәйкес белгілі бір құқықтар мен міндеттер берілген.  
Француз ағартушысы Ж.Ж.Руссо, швейцарлық И.Г.Песталоцци, орыс педагогтары К.Д.Ушинский, 
Н.К.Крупская,  А.С.Макаренко,т.б.ӛз  еңбектерінде  отбасы  тәрбиесін  қарастырған.  Отбасындағы  тәрбие 
мәселесін кӛптеген әлеуметтану, философия, психология, педагогика, демография, құқық, әдептану, тарих, 
т.б. ғылымдардың қарастыруына байланысты кӛптеген анықтамаларды кезіктіруге болады. 
Ал,  педагогикалық  –  психологиялық  тұрғыда  отбасы  –  ата-ана  мен  балалар  арасындағы,  ерлі-
зайыптылардың  және  басқа  да  отбасы  мүшелерінің  қарым-қатынасының  тарихи  нақты  жүйесі  болып 
табылады.  
Отбасы  мәселелері  ТМД  елдерінің  ғалымдары  В.И.Зацепин,В.Д.  Цимбалюк,  Г.К.Матвеев, 
Ю.И.Семенов,  Н.Е.Соловьев,  А.Г.Хрипкова,  З.Я.Янкова,  ал  Қазақстанда  С.Қалиев,  М.Жарықбаев, 
Ж.Б.Қоянбаев, К.Бейсенбиева, М.Тажин, Б.Аяғанова секілді ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. 
Бұл ғалымдардың тұжырымдалары бойынша отбасы – адамдардың, яғни некелік негізде қосылған 
еркек пен әйелдің, олардың туған немесе тумаған балаларының, кей кезде басқа да бірге тұратын жақын 
адамдарының  қарым-қатынастық,  бірлестік  формасы.  Авторлардың  ойынша  бұл  анықтама  барлық 
отбасының 
кез 
келген 
даму 
кезеңдерінің 
мәні 
мен 
сипаттарын 
қарастырады. 
Дүниежүзіндегі  әрбір  халықтың  ӛзіне  тән  отбасы  тарихы  бар.  Сол  сияқты,  қазақ  отбасы  да  ӛзіне  тән 
ерекшеліктермен  сипатталады.  Қазақтың  отбасы  мәселесіне  байланысты  бұрын-соңғы  жазылып,  кезінде 
баспа жүзін кӛрген үлкенді-кішілі ғылыми мақалалар мен монографиялық еңбектер, әдеттік құқық туралы 
жинақтар мен қазақтың ауыз әдебиеті – фольклор деректері де кӛптеп табылады.   Мәселен, орта ғасырлық 
ғұлама ойшылдар Сағди, Науаи, Кей Каустың отбасы мәселесі тӛңірегінде айтқан құнды пікірлерінің баға 
жетпес еңбек  екендігіне  ешқандай күмән жоқ.  Мұнда  отбасында  балаларды  тәрбиелеуге  маңыз беріледі. 
Отбасындағы  тәрбие  әміршілдік қағидаларға  негізделіп,  ата-ананың балаға деген  қатынасын анықтайды. 
Отбасының  бірлігі  оның  мүшелерінің  бір-біріне  адамгершілік,  экономикалық,  құқықтық  т.с.с.  ӛзара 
жауапкершіліктеріне, түсініктеріне, сонымен қатар эмоцианалдық (сезімдік) жақындықтарына негізделеді.  
Ғалым-педагогтар  мен  психологтардың  ойынша  балаға  әке-шешесінің  қарым-қатынасы  мен 
олардың  берген  тәрбиесіне  жететін  ӛмір  жоқ.  Балалардың  дұрыс  қалыптасуы  олардың  отбасындағы 
сүйіспеншілік, кішіпейілділік, сыйластық, жауапкершілік, қайырымдылық, сезімталдық, т.б. адамгершілік 
қасиеттерінің даму негізіне байланысты болады. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене тәрбиесі» сериясы, №3 (30), 2011ж. 
101 
Сонымен отбасының ӛзіндік даму тарихы бар. Отбасы – кішігірім мемлекет, әлеуметтік топ. 
Бабам 
қазақ  бала  тәрбиесіне  қашан  да  бей-жай  қарамаған.  Баланы  ертеңгі  ел  қорғайтын  ер,  ұлттың  намысты 
азаматы  ретінде  әділдікке,  қайсарлыққа,  кеңдікке  тәрбиелейтін  болған.  Тәрбиеге  тоқталсақ,  бір  ғана 
«баланы жастан» деген сӛздің астарынан қазақтың бала тәрбиесіне қаншалықты кӛңіл бӛлгенін аңғаруға 
болады.  Әл-Фараби  бабамыз:  «Тәрбиесіз  берілген  білім  адамзаттың  қас  жауы»  деген  салмақты  сӛз 
қалдырған.  Қазақта  тәрбиенің  мынадай  түрлері  бар,  олар:  отбасы  тәрбиесі,  ұстаз  тәрбиесі  және  ер  адам 
тәрбиесі.  
Әр  отбасы-жеке  мемлекет.  Бұл  кішкентай  мемлекеттің  іргетасын  қалаушы,  оны  басқарушы, 
отағасы  -әке.  Отбасының  рухани,  материалдық  жағынан  құлдырамай,  мықты  болуы  әкеге  байланысты. 
Ұлы  күш  пен  сабырлықтың  иесі  болып  табылатын  әке  демеу  болса,  ана-ерекше  мейірімділік  пен 
махаббаттың кӛзі. Әке алақаны мен ана жүрегінің жылуы бала үшін таптырмас байлық. Мұндай байлыққа, 
дүниенің  еш  кереметі  жетпесі  анық.  Ӛкінішке  орай,  бұл  қарапайым  ғана  баққа  бәрі  бірдей  ие  емес. 
Сондықтан, мұның қадірін білген жӛн. 
Әке  ӛсиеті  мен  тәлім-тәрбиесінің  маңызы  ерекше.  Қанша  дегенмен,  жүрегі  жұмсақ  аналарымыз 
кейде тым еркелетіп жібергенде, әкенің салмақты сӛзі ауадай қажет болып жатады. 
Иә, аналық тәрбие қажет, дегенмен ер баланың тәрбиесін де ұмытпаған жӛн. Елімізді қорғайтын, 
халқын  сүйетін,  тілі,  діні,  ділі  үшін  қам  жейтін  ер  азаматтар  азайып  барады.  Қазір  ер  азаматтарымыз 
жалақысы кӛп, кӛп ойлануды қажет етпейтін қызметтер атқарып жүр. Ол да дұрыс шығар. Бірақ, адамның 
рухани азығы болады емес пе? 
Сәби  шыр  етіп  дүние  есігін  ашқан  сәттен  бастап-ақ  алдымен  анасын,  содан  соң  әкесін  тани 
бастайды.  Нәрестенің  тәрбиелі  болып  ӛсуіне  берекелі  отбасының  әсері  мол.  Отбасының  әрбір  мүшесі 
ӛзара  сӛйлесіп,  не  болмаса  ата-ананың,  баланың  міндетін  атқару  ғана  емес,  береке-бірлік,  сондай-ақ 
сүйіспеншілікпен  араласса,  босағасы  берік,  шаңырағы  биік  отбасыға  айналары  сӛзсіз.  Ата-ана-бала 
тәрбиесінің қамқоршысы, ӛнегесі. 
«Ата-асқар тау, 
Ана-бауырындағы бұлақ 
Бала  жағасындағы  құрақ».  Әке-әулет  басшысы,  отбасы  мүшелерінің  тірегі,  асырап  сақтаушысы, 
қамқоршысы.  Отбасындағы  бала  тәрбиесінде  әкенің  орны ерекше. Әке үйі  барлық балалары үшін  үлкен 
үй, қара шаңырақ деген киелі ұғымдармен сыйлы да құрметті. 
Сайып  келгенде,  қоғамда  әдеп-инабат  ӛлшемдерінің  терең  тамырланып,  кең  жайылуында 
отбасының  маңызы  орасан  зор.  Әрбір  ұяның  қос  тіреуі-ерлі  зайыптылар  ӛздеріне  қатысты  әдеп-
адамгершілік  талаптарын, құқықтары мен міндеттерін  мүлтіксіз  орындаса,  бүкіл  қоғамда,  елде бейбіт  те 
берекелі тұрмысқа негіз қаланбақ. Демек, ұрпақтарына құтты қоныс, жайлы болашақ қамтамасыз етілмек. 
Үзіліссіз  ұрпақ  тәрбиесіндегі  қос  босаға-тәртіп  пен  мәдениет  күллі  адам  атаулының  күнделікті 
әдеттеріне айналған кезде, біздер мейірімі мол қайырымды қоғамды құрып қана қоймай, оның мазмұнын 
әрлендіріп,  шаңырағын  биіктете  түскен  болар  едік.  Ӛйткені,  тіршіліктің  қай  саласында  да,  тәртіп  пен 
мәдениет  ауадай  қажет-ақ.  Ендеше  күнделікті  қоғамда  тәртіптерді  сақтай  білген  жан,  ол  ӛзін-ӛзі 
сыйлаумен бірге бүкіл айналасындағы адамдарды да, қадір қасиеттеріне терең құрметпен қарай алар еді. 
Бұл  шындап  келгенде  табиғаттың  заңы.  Ал,  ата-ананың  балаға  тәлім  етер  жеке  бастарының  үлгісі, 
олардың  ӛзара  сүйіспеншіліктері,  айналасындағы  жандармен  сыйластықтары,  тіпті  олардың  табиғатқа 
деген кӛзқарастары да әсерсіз қалмайды. Қоғамның дамуына қарай бүгінгі ер азаматтар бала тәрбиесінен 
ада  болып  келе  жатыр  ма  деген  күмәнді  ой  келеді.  Бірақ,  қазіргі  таңда  балабақшадан  бастап, 
ұстаздарымыздың кӛпшілігі әйел адамдар. Сондықтан да ер азаматтарымыз бала тәрбиесіне кӛбірек кӛңіл 
бӛле түссе екен дейміз. 
Әке тәрбиесі арқылы, ұл мен қыз балалардың ӛздеріне тән мінез-құлықтарын ерекше сергектікпен 
қалыптастыратындығы  да  анық.  Әсіресе,   ұл  бала  үйдегі  де,  сырттағы  да  еркекке  қажет  тағылымдарды, 
кӛбінесе әкесінен үйренуге ұмтылады. Сондықтан да, әке тәрбиесі дұрыс та, мейірімді болу керек. 
Ұлттық  тәрбемен  қатар,  басқа  әлем  елдеріндегі  тәрбиені  қарастырдық.  ОНЫ  тӛмендегі  кестеден 
кӛруге болады. 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Начальная школа и физической культуры», № 3 (30), 2011 г. 
 
102 
Баланы тәрбиелеуде ата-аналардың ролін арттыру бойынша халықаралық тәжірибе 
 
№  Ел 
Баланы тәрбиелеуге ата-аналарды тарту шаралары 

Финляндия 
Еуропада  әйелдерді  жұмыспен  қамту  деңгейі  бойынша  Финляндия  жетекші 
орында, бұл демократиялық қоғамының жетістігі болып саналады. Осындай 
отбасыларда финдық балалар мен жасӛспірімдер бақылаусыз болады. Тәрбие 
жүйесі  баланы  ата-анадан  ерте  алыстатуды  болжайды  (жеке  бӛлме,  бала 
бағушы  мен  үй  қызметкерлеріне  жүктелетін  тәрбие).  Осыған  байланысты 
Үкіметпен тӛмендегі шаралар қабылданды: 
Елде  бала  туғаннан  кейін  аналарға  105  күндік,  ал  әкелерге  6  мен  8  күн 
аралығында  демалыстар  және  отбасылық  шешімге  байланысты  ата-
аналардың біреуіне 158 күндік «ата-аналар демалысы» берілетін икемді жүйе 
іске  асырылады.  Демалыс  уақытында  еңбекақының  жартысын  құрайтын 
мемлекеттік жәрдемақы алады.  
Одан  басқа,  елдің  баланы күту  заңы  бойынша  баланы  үш  жасқа  дейін  үйде 
тәрбиелеуге  мүмкіндік  беретін  демалысқа  құқық  бар.  Ата-ананың  біреуі  10 
жасқа  дейінгі  баланың  ауруына  байланысты  тӛрткүндік  демалыс  алуға 
құқылы.  Финляндияда  белсенді  жұмыс  жасайтын  отбасы  федерациясы 
құрылды.  

 Жапония 
Отбасы - жеке тұлғаның ӛзін-ӛзі тануының, әлеуметтену мен адамгершіліктің 
қалыптасуының  басты  кӛзі  болып  табылады.  Ата-аналардың  64  %  жуығы 
баланы  тәрбиелеуде  басты  роль  оларға  жүктелгенін  санаса,  қалғаны 
тәрбиемен отбасы толығымен айналысу қажеттігін айтты. Японияда сәбидің 
ең  алғашқы  ұстазы  -  ана.  Баланы  жастайынан  балабақшаға  беруге  тиым 
салатын  заң  жүзеге  асырылады.  Ата-аналар  баланы  үйде  3  жасқа  дейін 
тәрбиелеу  мүмкін  еместігіне  негіз  берген  жағдайда  баланы  бір  жасынан 
бастап  қабылдайтын  ясли  -  балабақшасы  бар.  Бала  мектеп  табалдырығын 
аттағанда  әліппе,  жазу  мен  арифметика  білімдерінің  бастамаларына 
үйренбейді,  себебі  ол  бастамаларды  отбасында  үйренеді.  Одан  басқа, 
Жапонияда  балалардың  тәрбиесіне  қатысатын  әкелерді  мадақтау  бойынша 
шаралар жүйесі бар:  
-  бала  күтіміне  байланысты  барлық  мәліметтермен  алмаса  алатын  ер 
адамдарға арналған ақпараттық қолдау жүйесі құрылған; 
-  компаниялар  қысқа  мерзімді  үзілістерге,  жұмыс  барсында  әкелер 
тарапынан  алынатын  бос  уақытқа  тӛлемдер  тӛлейді,  қысқартылған  жұмыс 
күні де енгізілген. 
Ер  адамдар  үшін  баланы  тәрбиелеу  бойынша  журналдар  санының  ӛсуі, 
сондай-ақ,  бұл  салада  ер  адамдардың  ақпараттармен,  ӛздерінің 
мәселелерімен  бӛлісетін  және  тіпті  тамақты  бірге  әзірлейтін  әлеуметтік 
жүйелердің құрылуы қолдау болып табылады. 

 Қытай  
Осы  замандағы  қытай  отбасында  бала  -  «кішкентай  император». 
Қытайлықтар  баланы  қатты  жақсы  кӛргендіктен,  баланың  отбасында 
тәрбиеленуіне  үлкен  кӛңіл  бӛледі.  Қытайда  жергілікті  комитеттерде  отбасы 
құруды  жоспарлау,  балалардың  туылуы,  ата-аналардың  құқықтары  мен 
міндеттері  бойынша  түсіндіру  жұмысы  жүргізіледі.  Елдің  70%  астам 
қалаларында  ата-аналар  үшін  30  мыңнан  мектеп,  отбасы  тәрбиесі  бойынша 
жұмыс істейтін  әртүрлі  педагогикалық мекемелер құрылған.  Отбасы  —  бұл 
жанұя  мүшелеріне  дұрыс  дүниетаным  мен  құндылықтар  жүйесін  меңгеруге 
кӛмектесетін  Барлық  қытайлық  әйелдер  федерациясының  дәстүрлі  жұмыс 
сферасы болып табылады.  

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене тәрбиесі» сериясы, №3 (30), 2011ж. 
103 

Ресей 
Отбасы  ақыл-ой  дамуының,  адамгершілік  пен  эстетикалық  қалыптасуының, 
балаланың  эмоционалдық  мәдениеті  мен  денсаулығының  негізгі  кӛзі  болып 
табылады. Ата-аналарды баланы тәрбиелеу процесіне тарту мақсатымен ата-
аналар  комитеттері,  ата-аналардың  қатысуымен  мектептік  кеңестер  жұмыс 
істейді. Ресей Федерациясында 2008 жыл «Отбасы жылы» деп жарияланды. 
Демографиялық  мәселелер  талқыланған  Заң  шығарушылар  кеңесінің 
отырысында  ресейлік  телехабарда  балаларға  арналған  арнасын  жасау 
шешімін  қабылдады,  аналықты  мадақтайтын  мемлекеттік  наргадалар  мен 
ата-аналардың  ролін  ерекше  кӛрсететін  арнайы  мемлекеттік  наргадаларды 
енгізуді қолдады, Ресей Федерациясында отбасы институтын бекіту мен бала 
тәрбиесінде  ата-аналардың  ролін  жоғарлату  мақсатымен  Отбасы  және 
демография  тәуелсіз  институт  жұмыс  жасауда.  Ресей  Федерациясында  15 
мамырда  отбасы бастауларын бекіту  мақсатымен Халықаралық  отбасы күні 
атап  ӛтіледі.  Жыл  сайын  отбасының  маңызды  оң  жағын,  әкелік  пен 
аналықтың 
қуанышын 
кӛрсететін, 
ата-аналарға 
қамқор 
болуды 
насихаттайтын  барлық  әлемдік  және  россиялық  кинематографтарды  бірігу 
мақсатымен  «Сенімді  жүрек»  атты  отбасылық  және  бала  фильмдері 
кинофестивалі ӛткізіледі. 
 

Ҧлы Британия 
Елде  Ұлы  Британиялық  мектеп  директорларының  ұлттық  қауымдастығы 
жұмыс  істейді  ,  оның  негізгі  міндеттері  ата-аналарды  бала  тәрбиелеу 
процесіне  тарту  және  үкіметке  балаларды  тәрбиелеуге  мектеппен  бірге 
қатысатын  ата-аналарға  арналған  сыйақы  жүйесін  қолдау  ұсыныстарын 
енгізу.  

Норвегия 
Бала  тәрбиесіне  қатысуға  ер  адамдарды  ынталандыру  мақсатымен  арнайы 
әкелік  квота,  яғни  әкелерге  ғана  берілетін  —  баланы  күтуіне  байланысты  6 
апталық демалыс енгізілген. Норвегияда берілген құқықпен әкелердің 10-нан 
9-ы  пайдалануда,  ал  әкелік  квотаны  пайдалынатын  әкелердің  18  % 
айтарлықтай ұзақ демалыс алады.  

Германия 
Германия балалардың туылуы ең тӛмен Европалық елдерінің бірі. Немістер 
отбасын 30 жасқа дейін құрайды, бірақ балаларды тууды асықпайды. Баланы 
туу  мәселесі  мен  оның  тәрбиесіне  ата-аналар  үлкен  жауапкершілікпен 
қарайды.  Германияда  барлық  балалар  үш  жасқа  дейін  үйде  болады.  Ата-
аналардың  есептеуінше  одан  үлкендірек  балалар  ӛздерінің  құрдастарымен 
қарым-қатынас  жасау  қажет,  сондықтан  аптаның  бір  күнінде  ата-аналар 
оларды  «ойын  тобына»  апарады.  Неміс  аналар  үшін  баланың  мектепке 
дайындығы  тек  құрдастармен  қалыпты  қарым-қатынас  жасаумен 
анықталады.  Мектепке  дейінгі  оқыту  кеңінен  таралмаған.  Аналар  үшін 
баланы  «ойын  тобына»  бірнеше  сағатқа  әкелу  -  баладан демалу  жолы  емес. 
Балалар  топтарда  уақытты  аналарының  қатысуымен  ӛткізеді.  Германияда 
балабақша  —  таңертеңнен  ашылатын  және  күндізгі  сағат  екіде  жұмысын 
аяқтайтын  кішкентайларға  арналған  клуб  ретінде  болады.  Балабақшада 
балалар  түскі  ас  ішпейді.  Осындай  маңызды  рәсім  тек  үйде  болу  қажет 
саналады әйтпесе бала жанұядан алыстағанын сезінеді. 
Дана  халқымыз  «Тәрбие  тал  бесік»  деп  бекер  айтпаған.  Егер  ата-ана    баласын  1  жас  пен  5  жас 
аралығында    ӛзін-ӛзі  тұлға  ретінде    құрметтеуге  үйретпесе  ,  баланың    13  жасында    мұны  қалыптастыру  
қиындау  болады.    Егер  сіз  оның  барлық  сұрақтарына    ерінбей  жауап  беріп,  ӛздігінше  ойлап  ,қиялдауға 
мүмкіндік берсеңіз, ол міндетті түрде  талапты бала болып қалыптасады. Балаңыздың кішкентай кезінде  
оның ӛз қабілетіне қарай  еркін әрекет  жасауына жағдай жасасаңыз , жиырма жасында  ол ӛздігінше  кӛп 
нәрсеге қол жеткізеді. 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Начальная школа и физической культуры», № 3 (30), 2011 г. 
 
104 
Баланың  ӛз  әрекетіне  жауапкершілікпен  қарайтын  батыл  азамат    болуы    немесе    айналасындағы 
адамдарға  жалтақтап, ӛзіне  сенімсіз адам болып  қалыптасуы  сіздің оған қалай  кӛңіл бӛлуіңізбен дұрыс  
ой-пікірін    қолдап  отыруыңызға  байланысты.  Бала  ӛзінің    шағын  ортасынындағы    кӛзқарастар  мен  
құбылыстарды    тез  қабылдайды  да,осыдан  оның  «ӛмірлік  сценариі  »  қалыптасады.  Баланың 
кішкентайында  бойына сіңіргені  кейін  ӛмірдің  күрделі  кезеңдерінде  шешім қабылдауға  ықпал етеді. 
 
1. Қазақ Совет энциклопедиясы. - Алматы, 1977. 
2. Сб. Проблемы социологии. - М., 2006. 
3. Морган Л. Ежелгі қоғам. - Алматы, 1956. 
4. Бегалиев Т.Б. Педагогика: Лекциялар курсы. - Тараз, 2002. 
5. Латышина Д.И. История педагогики. - М., 2003. 
6. Қазақ тілінің түсіндірме сӛздігі. - Алматы, 2006. 
                                     
Резюме 
В  статье  рассматриваются  вопросы  семейного  воспитания,  а  также    освещены    особенности 
современного воспитания детей.  
 
Summary 
The article is considered the condition of family education  and its ways  of  dekelopment. The article is 
considered the problems of family grown-ups by culture in Kazakh family. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет