Жатып, төрттағандап орындалатын әдіс түрлері.
1. Жеңнен және жағадан ұстап арқадан асырып лақтыру. Екі палуан да оң жағымен тұрады. Шабуылдаушы аяқтарын иығының аралығындай алшақ, ал оң аяғын қарсыласының оң аяғына жақын қояды. Сол қолымен қарсыласының жеңінен, оң қолымен жағасынан ұстайды. Солға қарай айнала беріп, сол аяғын оң аяғының қасына қою керек. Арттағы (сол) аяғын қозғаған кезде оң аяғын солға бұрып өкшесін көтеруі тиіс. Денесін солға бұрып, қолдарымен қарсыласының кеудесін өзінің оң бүйіріне, ал оның қолын өзінің кеудесіне мықтап қысып, сол күйде еңкейеді. Жамбасы қарсыласының жамбасынан сәл төменде, аяқтары бүгіліңкіреп тұрады. Сол қозғалған қолдарымен өзінің астына- төменге қарай жұлқып, еңкейіп барып, денесімен алға, солға айнала беріп, аяқтарын тіктеп алып құлайды. Бұл кезде басын солға бұрады. Тәсілді аяқтай бергенде қолдарымен тағы бір жұлқып, денесін солға барынша бұрып барып, қарсыласын жауырынымен кілемге түсіреді.
2. Қолды қолтықпен қысып арқадан асырып лақтыру. Шабуылдаушы оң жағымен тұрады. Сол қолымен қарсыласы киімінің оң иығынан арқасына таман ұстап оған арқасына қарап айнала беріп, оң қолын бос күйінде оның басынан асыра жүргізеді де, қарсыласының сол қолын өзінің кеудесіне қысады. Айналып бола бергенде қарсыласының кеудесінің өзінің оң қолтығына қарай қайтарып, оның қолын қабырғасына қысып, кілемге түсіреді.
Күрес кезінде палуан әрекеттерінің көбі қарсыласының қимылына қарсы әрекет болып табылады. Сондықтан спортшының терісімен бұлшық етінің сезгіштігінің үлкен маңызы бар. Өйткені оның қарсы әрекетінің шапшаңдығы едәуір дәрежеде палуаннның осы сезгіштік қасиетіне байланысты.Терісі мен бұлшық еті өте сезгіш, сонымен қатар техникасы жетілген әрі тәжірибелі болса, спортшы күрес кезінде болатын әр түрлі күтпеген жағдайларға дер кезінде жауап беріп, палуанның аса маңызды тактикалық құралы-қарсыласының алдын алып әрекет етеді. Жан-жақты дайындығы, күш, шыдамдылығы, икемі, т.б. жетілген сайын палуанның тактикасында өзгеріп отырады. Тактика жөніндегі білім терең десе, ол палуанның әр қилы мүмкіндіктерінің толық көрінуіне ықпалын тигізеді. Мысалы күрескен кезде жарыстарды күшін тактикалық жағынан сауатты пайдаланатын болса, тез шаршамайды да ұзақ уақыт күшін сарықпай күресе алады.Спортшының тәсіл қолдану шапшаңдығы мен қарсыласына әсер ету күші оның күрескен кезде сәт сайын өзгеріп отыратын жағдайды қас –қағымда қабылдап дұрыс бағалай алу, ең қолайлы сәтте әрекет етуіне байланысты.
Кеудеден асырып лақтыру. Бұл тәсіл аяқты тіктеп, қарсыласты жоғары – артқа қарай жұлқып, шалқалап құлау арқылы орындалады. Ол үшін арқа және аяқ бұлшық еттері жақсы жетілуі тиіс. Мұны аласа қарсылысы тіке тұрып күрескенде, сондай-ақ қарсылас шабуылдаушыға қарсы жүргенде орындаған дұрыс.
3. Белбеудің артынан және жеңнен ұстап шалқалап лақтыру. Орташа қашықтықтан немесе жақынан шабуылшы тік тұрған күйі қарсыласын белбеуінің артынан ұстап, оны кеудесіне қысып бір мезгілде тізесін бүгеді. Шалқалап, қарсыласы орнынан тұрғанда, оны жамбасымен алға – жоғары қарай қағып, көтеріп, белбеуден ұстаған жағына бұрылады да, оны өзінен асыра лақтырып жібермеген күйі жауырынын кілемге тигізеді.
Тактикалық даярлық: бұл тәсілді қарсыласы шабуылдағанда оны еркін қимылдатпай тежеп , содан соң орындаған ыңғайлы.
Палуанның тактикалық мүмкіндіктеріне оның техникалық және жан-жақты даярлығымен қатар психологиялық даярлықта әсер етеді, батыл және инициативасы мол спортшының тактикалық айла тәсілдері де көп бұрын соңды кездесе бермейтіндей болып келеді, сондай-ақ ол күрескен кезде қарсыласына өзінің ойға алғанын істете алады. Салқын қандылық, ұстамдылық, төзімділік, табандылық, ерік күшінің басқа да қасиеттері палуанды күрестің қиын қыстау кезінде жол табуға, қолайлы тактикалық вариант таңдап алып, оны жүзеге асыруға қабілетті етеді.
Тиісті психологиялық дайындығы болмаса өте –мөте толқиды, сөйтіп оның күрестің қалай аяқталатынын ойлап болатыны сондай, тіпті кілемге шыққанда өз әрекетін бақылаудан қалады және тактикалық жағынан дұрыс ойлау қабілетінен айырылады. Мұндай палуан айқас кезінде енжар қимылдайды, жағдайды дер кезінде дұрыс қолдана алмайды, қарсыласының қимыл-әрекетінен кешгіп қимылдайды. Шамадан тыс мазасызданып, батылдығы мен табанлдлығынан айырылғандықтан спортшының реакциясы кешігіп қана қоймай, күшін де дұрыс мөлшерлеп жұмсай алмайды, қарсыласының жалған қимылдарына барын салып әрекет етіп, сөйтіп оның шабуылға шығуын оңайлатады. Қиындықтан жасқанатын палуан қарсыласының еркіне бағынады да, айқастың тактикалық жоспарын орындау мүмкіндігінен, олай болса алға қойған мақсатын орындап шығу мүмкіндігінен де айырылады. Жағдайға қарай өзгеріп отыратын әр түрлі тактика спортшыдан ұдайы батылдық, белсенділік, тапқырлық, творчествалық инициатива көрсетуін талап етеді. Өйткені айқасқанда және жарыс кезінде палуанның өз бетімен әр түрлі тактикалық міндеттерді шешуіне тура келеді.
Қиын әрі ұдайы өзгеріп тұратын айқас жағдайында дұрыс бағыт тауып, дұрыс шешімге келу үшін, өзгерістерге дәл және дер кезінде көңіл аударып, қимыл көрсету үшін спортшының логикалық ой толғауы жақсы жетілген болуы және ол әрбір тактикалық амалдарын ойлап істеуі керек.
Тактикалық ойлау жан-жақты ойластырылған есепке негізделуі тиіс және ол тез өсу керек. Әсіресе, айқас кезінде тез ойлауға үлкен талап қойылады. Сондықтан жағдайды бағалау және шешім қабылдау кейбір эпизодтарда көп ойланбастан (автоматты түрде) жүзеге асырылуы тиіс.
Палуанның ойлау қызметі қиын жағдайда (күш жұмсау, қарсыласының тәсіліне ілініп жеңіліп қалу қауіпі, әр түрлі эмоциялар, шаршап шалдығу ) өтеді. Сондай-ақ, ойлау қызметі бірқатар факторларға, оның ішінде спортшының жарысқа қатысу тәжірибесіне өзінің көңілін басқара алуына байланысты. Жоғарыда айтылған осы қасиеттердің тіпті біреуі жеткілікті дамымаған болса, спортшының тактикалық ой қорытуының нәтижесі төмендейді. Тактикалық ойлаудың аса маңызды ерекшелігі көрегенділік болып табылады. Көрегендік жасау дегеніміз – ойша алға көз жіберу, болатын жағдайды елестете алу, айқастың және тұтас жарыстың нәтижесіне байланысты болатын ондағы басты, шешуші нәрсені дөп басу.
Айқастың және тұтас алғанда жарыстың қандай бағытта өріс алатынын палуанға көрегендікпен болжауға көмектесетін ойлау қызметінің негізі – спорттық күресті терең білу. Сонымен қатар қарсыласының шеберлігінің және күресу жағдайының ерекшеліктерін ескеріп өзін қарсыласының орнына қоя білу, оның ойын, қандай қимыл көрсететінін қателеспей табу қажет. Егер палуан қарсыласының ойын тауып, оның жасауы мүмкін әрекетін алдын-ала білетін болса, мұндай спортшының бұл айқастағы техникалық және тактикалық мүмкіндіктері арта түседі де ол өзіне қолайлы жағдайда болады деп айтуға болады. Қарсыласының қимылы оған белгілі болғандықтан ол мұны жығып кете алмайды. Өйткені спортшы бәсекелесінің шеберлігіндегі осал жерін пайдаланып, алдын-ала қарсы амал қолданады, сөйтіп қарсыласы күтпеген жерден шабуылдай алады. Алайда бәрін күні бұрын білу мүмкін емес. Күрескенде және жарыс барысында күтпеген жағдайлар болып, палуанға ойға алғанын орындауға қолбайлау болатын әртүрлі кедергілер ұшырасуы ықтимал. Көбінесе қарсыласы спортшының ойында, үмітінде жоққа шығарып отырады. Сондықтан спортшының тактикалық ойын жағдайға қарай жедел өзгерте алуының өте үлкен мәні бар
Әртүрлі күтпеген жағдайға дайын болуы, қандай жағдай болсада тактикалық бағытын дұрыс анықтау үшін ойланып әрекет етуі керек. Спортшының тактикалық ойы жақсы дамып жетілген болса, бұрын белгіленген әрекет ету жоспарына тиісті түзетулер енгізіп, қарсыласынан басым түсуге көмектесетін жаңа жолдар табуға мүмкіндік береді. Тактика бір қалыпты бола алмайды. Әрдайым біртүрлі амал қолдана беретін болса, спортшының жақсы нәтижеге жетуі қиындайды, өйткені оның қарсыласы әр уақытта қарсы амал дайындап үлгереді де, оны пайдалануға мүмкіндік алады. Жаңадан әртүрлі жол табу, қандай болмасын тактикалық міндетті творчестволықпен шешу, әрдайым жаңаша іздену – табысқа жетудің бұлжымайтын шарттары.
Достарыңызбен бөлісу: |