2. Арқадан асырып лақтыру. Жеңнен және белбеудің артынан ұстап лақтыруға ыңғайлы. Қарсылас қатты немесе аздап еңкейіп тұрғанда орындалады. Шабуылдаушы қарсыласын жеңінен және белбеуінің артқы жағынан ұстап, оған арқасын бере айналып, жамбасымен санын қағып, алға, солға бір жағына еңкейіп лақтырады. Жеңі мен жағасынан, әр аттас иығы мен жеңінен, әр аттас жағасы мен жеңінен, белбеуінен бүйірінен қолтығына кіріп, белбеуі мен аттас қолынан, мойыны мен жеңінен қолдарын айқастырып, жағасынан айқыш-ұйқыш, әр аттас қолы мен аттас жағасынан , аттас қол мен әр аттас жағасынан ұстауға болады.
Тактикалық даярлық: тайдыру, лақтыратын жақтан қарсы жаққа жұлқу, қарсылас қорғанамын деп шабуылдаушыны итеруге мәжбүр ететін амалдарды пайдалану.
Қателіктер:қарсыласқа арқасын беріп әбден айналмағандықтан оны кілемнен көтеріп ала алмайды, жамбаспен қаққанда мүлт кетеді, аяғын ерте тіктегендіктен онымен қарсыласын қаға алмайды, қарсыласына арқасын беріп мықтап айналып кетсе, жамбасы қағуға келмей ілгері кетіп қалады, артқа жоғары қарай емес, тек жоғары қарай қағады.
Қазақша күрестің тактикасы, дегеніміз- палуанның техникалық, жан-жақты дайындығы және ерік күші мүмкіндіктерін шебер пайдалану. Мұның өзінде жарыстардағы нақты жағдайларда қарсыласының ерекшеліктері де есепке алынады. Күрес тактикасы техникамен қоса алғанда палуанның спорттық шеберлігінің негізі болып табылады.
Спортшылар мен жаттықтырушылардың творчествосы арқасында күрес тәсілдері ұдайы жетіліп, баии түседі. Күрес тәсілдері жарыс ережелеріне де байланысты болады және сол ережелерде көрсетілген өзгерістерді енгізу арқасында жаңарып отырады. Мұндай жағдайда бір әдіс аз қолданылып, екіншілері керісінше тиімді бола бастайды. Сөйтіп, күресудің жаңа әдістерді қолданылатын варианты пайда болады.
Палуанның тәсілқойлық шеберлігі оның техникалық, жан-жақты дайындығына ерік күшіне байланысты. Оның техникасы өсетін болса, жаңа әдіс-айла игереді, сөйтіп күрес әдісін әрі қарай жетілдіріп, жаңалап және өзгерте түсудің алғашқы шарты жасалады. Техника тактикалық міндеттерді шешуге қажетті шарт және әдісті орындаудың негізгі құралы болып табылады. Сондықтан палуанның тәсілқойлығы ең алдымен оның қандай техниканы игергеніне байланысты. Палуанның техникалық шеберлігі неғұрлым жоғары болса, алғашқы жағдайда өзінің қалаған әдістерін неғұрлым көбірек қолдана алатын болса, шабуылдау үшін қолайлы сәтті таңдап алу оған соғұрлым оңайырақ, творчествалық мүмкіндіктері соғұрлым байырақ, тәсілдері де түрліше әрі көбірек болады.
Техниканы ұдайы жетілдіріп, шеберлікті артырудың міндетті шарты. Егер палуан күрескен жағдайда ең болмағанда, бір жаңа әдіс қолдана алатын болса, онда соған сай тактикалық әрекетінің шеңбері де кеңи түседі. Палуанның техникалық- тактикалық дайындығы жан-жақты болса, ол жеңіске жету үшін өзінің жақсы көретін, әбден үйреніп алған әдістерін ғана қолданып қоймайтындығын атап көрсету қажет. Ол сондай-ақ жеткілікті игеріп алмаған техникалық әрекетінде, ал кейде қолайлы сәті келіп қалған болса, тек танысқан әдістерін де қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |