Астана, 2013
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
«Қазконтент» Акционерлік қоғамы
МУЛЬТИМЕДИА АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
СПРАВОЧНИК ПО МУЛЬТИМЕДИА
УДК 070:004.357 (03)
ББК 76.01 я2
М78
«Қазконтент» АҚ тапсырмасы бойынша шығарылды
М78 Мультимедиа анықтамалығы - Справочник по мультимедиа -
Алматы : «Adal Plus» ЖШС, «SagiNur» баспасы, 2013.- 164 б.
ISBN 978-9965-12-118-0
«Мультимедиа
анықтамалығы»
конвергенция
дәуірінде
журналистерге мультимедиа туралы бастапқы түсінікті қалыптастыру
үшін көмекші құрал ретінде әзірленіп отыр. Кітапта конвергентті
журналистика мен мультимедиалы журналист деген ұғымдарға
түсінік беріліп, практикалық кеңестер топтастырылған.
«Мультимедиа анықтамалығы» журналистер мен журналистика
факультеті студенттеріне, мультимедианың қыр-сырына қаныққысы
келетін қалың көпшілікке арналған.
© Барлық құқықтары қорғалған, 2013
© «Қазконтент» АҚ, 2013
УДК 070:004.357 (03)
ББК 76.01 я2
ISBN 978-9965-12-118-0
МУЛЬТИМЕДИА
АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
Кіріспе
БІРІНШІ БӨЛІМ
«Конвергенция» ұғымы нені білдіреді? Конвергенцияның медиаға
қандай қатысы бар? Медиаконвергенцияның қысқаша тарихы.
Халықаралық тәжірибе. Шетелдегі медиаконвергенция
мен Қазақстандағы медиаконвергенция арасында қандай
айырмашылық бар?
ЕКІНШІ БӨЛІМ
Конвергентті журналистика және мультимедиа. Конвергентті
журналист болу үшін мультимедианы білуім керек пе?
ҮШІНШІ БӨЛІМ
Мультимедиа журналисіне арналған практикалық кеңестер
Мультимедиаша ойлаудың маңызы
Мультимедиа журналисіне 9 кеңес
Радиодан Интернетке
Әлеуметтік желілердің зиянынан пайдасы көп заман
ТӨРТІНШІ БӨЛІМ
Интернеттегі авторлық құқық мәселелері:
еркін контент дегеніміз не?
Мультимедиалы өнім жасаудың қандай жолдары бар?
Қорытынды
Пайдалы сайттар тізімі
Глоссарий
6 >>
7 >>
17 >>
18 >>
23 >>
24 >>
30 >>
37 >>
46 >>
57 >>
58 >>
67 >>
74 >>
76 >>
80 >>
МАЗМҰНЫ
Введение
ПЕРВАЯ ГЛАВА
Появление термина «конвергенция». Отношение конвергенции к
медиа. Краткая история медиа-конвергенции
Международный опыт. В чем отличие казахстанской модели
медиа-конвергенции от зарубежной?
ВТОРАЯ ГЛАВА
Конвергентная журналистика и мультимедиа. Требуется ли
знание мультимедиа для конвергентного журналиста?
ТРЕТЬЯ ГЛАВА
Практические советы для мультимедийного журналиста
Полезные стороны мультимедийного мышления
9 советов для мультимедийного журналиста
От радио к интернету
Время, когда от социальных сетей больше пользы, чем вреда
ЧЕТВЕРТАЯ ГЛАВА
Что должен знать мультимедийный журналист про свободный
контент в Интернете?
Как можно создать мультимедийный продукт?
Заключение
Полезные ресурсы
Глоссарий
84 >>
85 >>
95 >>
96 >>
101 >>
102 >>
108 >>
115 >>
124 >>
135 >>
136 >>
145 >>
152 >>
154 >>
158 >>
СОДЕРЖАНИЕ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
қолдауымен «Қазконтент» акционерлік қоғамы 2012 жылдан бастап
«Баспа БАҚ-ты Интернетке шығару» жобасын жүзеге асыруда.
Жоба аясында 700-ден аса редакцияларға ақпараттық және
консультациялық көмек көрсетіліп, БАҚ-тар мен редакцияларға
интернет-ресурстар әзірленді.
Жобаның басты мақсаты мерзімді басылымдардың редакцияларына
интернет-ресурстар жасауға, контент әзірлеуге көмектесуге әрі
өз жұмыстарында мультимедиа құралдарын қолдануды үйретуге
бағытталған.
Жобаны жүзеге асыру барысында қатысушылар тарапынан
мультимедиалы журналистикаға қатысты көптеген сауалдар қойылды.
БАҚ-тардың жұмысындағы жаңа медианың маңызын ескеріп,
мультимедиалы журналистиканы түсінуге негіз болатын ақпараттық
анықтамалық шығарғанды жөн көрдік.
Анықтамалықтағы
ақпараттар
журналистердің
күнделікті
жұмыстарында пайдалы көмекші құрал болатындығына сенеміз.
Кіріспе
БІРІНШІ БӨЛІМ
«Конвергенция» ұғымы нені білдіреді?
Конвергенцияның медиаға қандай қатысы
бар? Медиаконвергенцияның қысқаша
тарихы.
Халықаралық тәжірибе. Шетелдегі
медиаконвергенция мен Қазақстандағы
медиаконвергенция арасында қандай
айырмашылық бар?
8 >>
Бірінші бөлім
«Конвергенция» сөзі алғаш рет XVIII ғасырда жаратылыстану
ғылымындағы заңдылықтарды түсіндіру үшін қолданылды.
Мысалы, биологиядағы «конвергентті эволюция» ұғымы құстардың
қанатына немесе тұмсықтарының дамуына қатысты қолданылды.
Әр құстың қанаты мен тұмсығы өз бетінше дамығанымен бәрінің
атқаратын қызметі бір. Нәтижесінде, «конвергенция» сөзінің төркіні
әр түрлі формада дамығанымен, ортақ мақсатты, нәтижені жүзеге
асыратын құбылысты сипаттау үшін пайдаланылды.
Жаратылыстану мен нақты ғылымда конвергенция сөзінің тұрақты
анықтамасы бар болса, медиа немесе коммуникация саласында бұған
қатысты бір тоқтамға келген анықтаманы кезіктіру қиын. Осыған орай
кейбір ғалымдар «Конвергенцияның не екенін мен түсіндіріп бере
алмаймын, бірақ көзіммен көрсем, сендерге де көрсете аламын» деп
қалжыңдайды.
Шындығында, медиадағы конвергенция сөзін түсіну оңай. Ол үшін
оның латын тіліндегі емес, уақыт өте келе сәл өзгерген ағылшын
тіліндегі аудармасына назар аударуымыз керек. Себебі, жаңа медиаға
қатысты ұғымдар мен ақпараттық технологияның тілі – ағылшын тілі.
Ағылшын тілінің түсіндірме сөздіктері convergence (конвергенция)
сөзінің түбірі саналатын converge деген сөзге әртүрлі бағыттан бір
нүктеге оралу деген анықтама береді.
Конвергенция
Асхат Еркімбай,
«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы
Жаңа медианы зерттеу тобының жетекшісі
9 >>
Конвергенция
Ғылымның өзара сабақтастығы мен ақпараттық технологияның
дамуы бұл сөзді медиа саласына да қолданысқа енгізді. Нәтижесінде
«converged journalism» деген ұғым қалыптасты, алайда «converged
journalist» (конвергентті журналист) деген тіркестің орнына
«мультимедиа журналисі» деп қолданылады. Себебі, конвергенция
құбылысты түсіндірсе, мультимедиа журналистің осы құбылыс
аясындағы ерекшелігін танытады. Ең бастысы – «конвергентті»
сөзі «мультимедиа» деген сөздің мағынасын бермейтінін есте
ұстағанымыз дұрыс. Өйткені, «конвергентті журналистика» – әртүрлі
ақпарат арнасынан келген жаңалықтың, оқиғаның бір арнаға
тоғысуы деп түсініледі. Алайда, мультимедиалық журналистика
үнемі конвергентті болмауы мүмкін.
Шетелде...
Шетелде, әсіресе Америка ғалымдары медиаконвергенцияны
журналистік конвергенциядан бөліп қарастырады. Себебі медиа
деген ұғымға ақпарат тарататын алаңның бәрі кіреді.
Америка ғалымы Ричард Гордон (2003) медиаконвергенцияның
бес түрлі қыры бар деген пікірін ортаға салды. Олар: иелілік, әдіс,
құрылым, ақпаратты жинау және ақпаратты түсіндіру. Гордонның
конвергенцияның көпқырлы екенін дәлелдеуінен оны ұзақ бір
процесс ретінде қарастырып отырғанын байқаймыз. Конвергенцияға
қатысты батыс ғалымдары арасында кең таралған келесі бір анықтама
Ларри Дейли (2005) тобынан шығып отыр. Дейли бастаған ғалымдар
да медиадағы конвергенцияны бірнеше сатылы процесс деп ұғады.
Бұл процеске ақпаратты баяндаудың біркелкі таралуы, жарысуы,
контентті бөлісуі, ең соңында шынайы конвергенциялануы кіреді
дейді.
Медиадағы конвергенция құбылысын зерттеп жүрген ғалымдардың
дені конвергенция бірінші кезекте технологияға байланысты деп
бір келісімге келген. Мәселен, Роберт Бурнет пен Давид Маршал
өздерінің «Ғаламтор теориясы» атты еңбегінде (2003) Интернеттегі
конвергенцияны: «медиа, телекоммуникация және электронды
есептегіш құралдардың бірігіп, мәлімет алмасатын барлық
коммуникация түрлерінің цифрлік жүйеге көшуі» деп қарастырған.
10 >>
Бірінші бөлім
Түйіндей келе, медидағы конвергенцияның қалыптасуына ақпараттық
технологиялар мен компьютерлік желілер себепші болғанын баса
айтқымыз келеді.
Сонымен конвергентті журналистика интернеттің дамуымен
байланысты, яғни ақпаратты жеткізу жылдамдығына үлкен өзгеріс
енген дәуірде туындап отыр. Себебі бұған дейінгі медиа түрлері
ақпаратты жеткізу жылдамдығына орай жіктелген еді.
Бүгінгі заманда кең қолданысқа енген теледидар, телефон, смартфон
және әлеуметтік желі тәрізді медиа түрлерінің қалыптасуына
зер салсақ, медиадағы конвергенция шиыршық тәрізді бірнеше
орамдардан тұратынын байқамыз.
Ағылшын тілінде convergence сөзі бір нүктеге оралу
деген мағынаны білдіреді
http://www.visualthesaurus.com
convergent
converging
convergency
converge
divergence
overlap
intersection
occurrent
occurrence
happening
natural event
convergence
11 >>
Конвергенция
Медиаконвергенцияның қысқаша тарихы
The Idea Brand блогының авторлар ұжымы (http://www.theideabrand.
com) конвергенция тарихын төмендегідей түсіндіреді:
Бірінші тізбек
Ежелгі заманда адамдар оқиғаны тасқа сурет салу арқылы түсіндірген
болса, кейін қағазға салуды, соңғы уақытта оны фотоға шығаруды
үйрендік. Уақыт өте келе оқиғаны теледидардан көретін болдық.
∗
∗
1436 жылы алғашқы ақпарат қағазға басылып шықты
∗
∗
Алғашқы «үнсіз суреттер» 1888 жылы ойлап табылды
∗
∗
Радио болса, 1896 жылы пайда болды
Медианың жоғарыда аталған түрлері уақыт өте келе, 1925 жылы
телевизияда тоғысты.
Телеэкран арқылы халыққа ақпарат таратудың маңызы артқанымен,
ғылыми прогресс бір орнында тұрмай ақпарат тарататын жаңа
құрылғылар да дүниеге келді.
Екінші тізбек
∗
∗
Телефон 1876 жылы ойлап табылды
∗
∗
1896 жылы радио пайда болды
∗
∗
1958 жылы ақпаратты шағын құрылғыға сығымдап тарататын
силикон чиптер жасалды
Осы үшеуінің қосындысы нәтижесінде 1973 жылы араның ұясы
тәрізді схемамен жұмыс істейтін ұялы телефондар дүниеге келді.
12 >>
Бірінші бөлім
Үшінші тізбек
∗
∗
Көлемі шағын телефондар 1973 жылдан бастап жасала бастады
∗
∗
1981 жылы алғашқы бейнекамера шықты
∗
∗
1983 жылы интернет көпшілікке жол тартты
Ұялы телефон, бейнекамера мен интернеттің қосындысынан 1993
жылы алғашқы смартфондар пайда болды.
Төртінші тізбек
∗
∗
Алғашқы IM (Instant Message), яғни жылдам хабар алмасуға
арналған чаттар 1960 жылдардың ортасында дүниеге келді
∗
∗
Күнделікті хат алмасып жүрген электронды пошта 1965 жылдары
пайда болды
∗
∗
Интернеттегі ақпарат іздеу жүйелерінің алғашқысы 1991 жылы
пайда болды
∗
∗
Блогтар алғаш рет 1994 жылы
∗
∗
Интернеттегі форумдар 1996 жылы пайда болды
∗
∗
RSS тәрізді ақпаратты синдикациялап тарататын жүйе 2002
жылдан бастап Интернетте қолданыла бастады.
Жоғарыдағының бәрі 2006 жылы twitter тәрізді жылдам хабар
алмасатын әлемдегі танымал әлеуметтік желінің негізгі
қызметінде ұштасты.
Бесінші тізбек
∗
∗
Wikipedia-ға ақпарат жазатын wiki бағдарламасы 1995 жылы
таныстырылды
∗
∗
Facebook болса, 2004 жылдан бастап көпшілікке жол тартты
∗
∗
Twitter екі жылдан кейін, 2006 жылы пайда болды.
13 >>
Конвергенция
Бұның соңы ақпаратты тарату алаңы мен оны тұтыну дағдыларының
өзгеруіне әкеліп отыр.
Қай технология бірінші пайда болып, қолданысқа енгеніне қатысты
басқа да пікірлер бар. Біздің мақсатымыз – технология мен ақпаратты
тарату жылдамдығының артуы медианың конвергенциялануына
түрткі болғанын көрсету ғана.
Елімізде...
Жоғарыдағы шетелдік ғалымдардың медиаконвергенция туралы
анықтамалары жалпы түсінік қалыптастырғанымен, әрбір елде
медианың дамуы әртүрлі екенін ескеруіміз керек. Мәселен,
Қазақстанда медианың даму кезеңдері әлемдегі даму кезеңдерімен
ұқсас болғанымен (әуелі газет, радио, теледидар, телефон, интернет,
әлеуметтік желілер) медианың басқарылуы мен қалыптасуында
елеулі айырмашылықтар бар. Сондықтан, Кеңес одағы тұсында
шетелдегі медиа сөзінің орнына бұқаралық ақпарат құралдары деп
аталып, ақпарат алмасатын алаң дегеннен гөрі идеологиялық құрал
тұрғысынан қарастырылды.
Түйіндей келе айтарымыз, батыс елдеріндегі медианың
конвергенциялануы өз іштеріндегі бәсекелестіктің
қарқыны мен коммерциялануынан туындап отыр.
Оқырмандарының дені Интернетке көшкен кезде
Америкадағы жүз жылдық тарихы бар басылымдар
бірінен соң бірі жабылып, интернет нұсқаға көшуінің
себебі де осында. Газетті шығаратын қағаз бизнесі бұрын
өнімді болатын. Инвесторлар қағаз бизнесіне ақша
құйып, орман биржасының акцияларын қадағалайтын.
Алайда интернеттің келуі орман бизнесінің күйреуіне
алып келді. Нәтижесінде бұған дейін өзара жеке-дара
дамыған газет, радио, телеарна бір медиакомпания
аясында бірігіп, ақпаратты бір нүктеден, яғни интер-
неттен таратудың коммерциялық тиімділігін ұқты.
14 >>
Бірінші бөлім
Кеңес одағы тұсында ақпарат құралдары мемлекет иелігінде болып,
барлығы басқарылмалы сипатта дамыса, тәуелсіздік алғаннан кейін
жекеменшік басылымдар, телеарналар мен радиолар қалыптасты.
Ақпарат құралдары нарықтық қарым-қатынас негізінде өркендеуі
үшін хабарлардың мазмұнын байытуға күш салуы тиіс болды.
Егер батыс елдеріндегі медианың құрылымын, дамуын коммерциялық
медиа деп қарастыратын болсақ, Қазақстандағы медианының
құрылымы мен дамуын неокеңестік немесе кеңестік сипатын
сақтап, жаңаша дамуға ұмтылған медиа деп санайтындар бар. Сара
Оатс (2007) бастаған еуропалық ғалымдар медианы либералды,
коммерциялық, авторитарлы және неокеңестік деп төртке бөліп,
Қазақстанның медиасын неосоветтік медиаға жатқызады. Себебі
еліміздегі ақпарат құралдарының көпшілігі мемлекеттік тендерге
қатысып, бюджет есебінен қаржыландырылады, журналистік білім
беру жүйесі мемлекет бекіткен арнайы стандарт негізінде оқытылып,
кейбір редакцияның басшысын ұжым өз ішінен таңдамайды, көп
ретте мемлекетке қатысы бар мекеме басшылары тағайындайды.
Дегенмен, технологиялық жетістіктердің жылдам дамуы еліміздегі
медиа құрылымдарға да өзіндік талаптарын қоя бастады. Себебі
жаңа медианың келуімен адамдардың ақпаратты тұтыну дағдысы
өзгерді. Жастардың дені ақпаратты телефон, планшет, ноутбук т.с.с.
құрылғыдан іздейді, әрі дисплейді тек қана мәтін оқитын құрал деп
емес, көретін, көңіл-көтеретін, өзінің шығармашылығымен бөлісетін
құрал ретінде пайдаланғысы келеді.
Нәтижесінде еліміздегі ақпарат құралдары Интернет желісінен
өздерінің сайттарын ашып, оқырмандарының соңынан ілесуге
мәжбүр. Байқап отырсаңыз, біздің еліміздегі конвергенция батыс
елдеріне қарағанда сәл басқашалау бағыт-бағдар алып отыр. Егер
батыс елдеріндегі медианың конвергенциялануы бірінші кезекте
коммерциялық мақсатты көздеп қалыптасса, біздің елімізде бұл
қоғамның табиғи сұранысынан туындап отыр.
Толықтай өзін-өзін қаржыландыратын тетіктері қалыптаса
қоймағандықтан еліміздегі журналистикаға конвергенция дәуірінде
бірнеше сыннан өтуге тура келеді. Бұл журналистерді мультимедиа
құралдарын даярлаудан бастап, тұтас редакцияның менеджменті мен
техникалық жабдықтарын өзгертуге дейінгі аралықты қамтиды.
15 >>
Конвергенция
Қолданылған әдебиеттер:
1. Macmillan Essential Dictinary, 2007
2. August E. Grant, Jeffrey S. Wilkinson “Understanding Media
Convergence”, 2009
3. http://www.theideabrand.com
4. Ryan M.Thornburg “Producing Online News Digital Skills, Stronger
Stories”, 2011
5. Sarah Oates, The Neo-Soviet Model of The Media, EUROPE-ASIA
STUDIES Routledge Vol. 59, No. 8, December 2007, 1279-1297
Қорытындылай келе айтарымыз, конвергентті
журналистиканың әлемдегі бағытында сәл өзгеше-
ліктер болғанымен, тұтастай алғанда журналистика
өзгерген жоқ. Журналистің ақпаратты шынайы, жыл-
дам, түсінікті жеткізуі керек деген құндылықтар әлі
де маңызды. Бар болғаны журналистер әр алуан меди-
адан ақпарат алып жатқан оқырмандарының талап
үдесінен шығып, мультимедиалануы керек. Сондықтан,
әрі қарай мультимедиа журналисі қандай болуы керек,
қандай дағдыларды игергені жөн дегенге қатысты ой-
ларымызбен бөлісеміз.
ЕКІНШІ БӨЛІМ
Конвергентті журналистика және
мультимедиа. Конвергентті журналист болу
үшін мультимедианы білуім керек пе?
18 >>
Екінші бөлім
Конвергентті
журналистика мен
мультимедиалы
журналистика бір ме?
Конвергентті журналистиканы түрлі медиа құрылымдардың өзара
ықпалдасуы мен мультимедиалық өнімдердің интернеттегі бір сайтта
ықпалдасуы деп жалпы түрде екіге бөліп қарастыруға болады.
Медиа құрылымдардағы конвергенция
Конвергенцияның бұл түрі Америкадағы үлкен медиахолдингтер
ұтымды қолдануда. Айталық, бір медиахолдингтің иелігінде 5 газет, 3
радио, 2 телеарна және бір интернет сайты бар.
Олар оқиғаны әуелі радиодан хабарлап, қосымша мәліметтерді
сайттан табуға болады деп, оқырмандарын сайтқа жолдайды. Бұдан
соң телеарнадағы жаңалықтарда оқиға туралы видеосюжет көрсетіп,
оқиғаға қатысты соңғы деректерді интернеттегі сайтынан, әлеуметтік
желідегі парақшаларынан тауып, сол арқылы пікір білдіруге
болатынын баяндайды. Бұдан соң газетте оқиға туралы кең көлемді
сараптамалық мақала шығып, суреттері жарияланады. Сонымен
қатар, қосымша суреттер мен видеоны интернеттегі нұсқадан көруге
19 >>
Конвергентті журналистика
болады деп, сайттың сілтемесін қоса жариялайды. Конвергенцияның
бұл нұсқасында әр түрлі медиаинституттар бір нүктеге, яғни
интернетке келіп тоғысып жатқанын байқаймыз.
Интернеттегі мультимедиалық өнімдердің
ықпалдасуы
Конвергенцияның бұл түрінде журналист бір оқиғаны баяндау үшін
сайтта мәтін, аудио, видео және т.б. медиа түрлерін пайдаланады.
Нәтижесінде бір оқиғаны баяндау үшін медианың бірнеше түрі сайтта
тоғысады. Әр түрлі медианы қолдану оқиғаны қызықты, түсінікті, ең
бастысы интерактивті етіп баяндауға көмектеспек. Интерактивтілік
– мультимедиалық журналистиканың негізгі ерекшеліктерінің бірі.
Мультимедиа журналисі – конвергентті журналистикада қызмет
ететін маман.
Мультимедиа сөзі әр түрлі медианың әр алуандығын білдіреді.
Нәтижесінде, журналистің бұған дейін жеке-дара қарастырылып,
оқытылған медианың ерекшеліктерін білуіне тура келеді.
«Producing online news digital skills, stronger stories» кітабының
авторы Раян Зорунбург мультимедианың өзара ықпалдасуын
«конвергенция» деп атағанды жөн көреді. «Бір медиа оқиғаның
бір қырын, келесі бір медиа оқиғаның екінші қырын баяндайтын
болса, бұл конвергенттіліктің жоғары деңгейі. Мысалы, мектептегі
футбол ойынының қорытындысын мәтінмен баяндап, видео
мен фото үздік ойыншыларды көрсетсе, аудио арқылы ойыннан
кейінгі жаттықтырушымен болған сұхбатты беруге болады. Түптеп
келгенде, әр түрлі мультимедиалық өнімдердің тоғысуы оқиғаның
баяндалуының құндылығын арттырады. Себебі, оқиға бір ғана
мультимедиалық элементпен берілсе, толық болмас еді, әрі
элементтер негізгі контексі болмаса, жеке-дара жарияланса, түсініксіз
болып қалар еді».
Кейбір жағдайда бір оқиға туралы әр түрлі медиада баяндалып, кейін
ол бір сайтта тоғысуын да мультимедиаға жатқызатындар бар. Екі
бірдей медиа түрі (айталық, мәтін мен видео) бір оқиға туралы әр
түрлі арнада баяндап (мәтін газетте, ал видео теледидарда), кейін
20 >>
Екінші бөлім
екеуі де бір сайтта жарияланатын болса, оны мультимедиаға жатқыза
алмаймыз. Себебі бұл жерде әрбір медиа өзінің жеке аудиториясына
жұмыс істеп, оқиғаны жеке-дара баяндады. Бірін-бірі толықтыру
элементі болған жоқ.
Сонымен, мультимедиаша баяндау дегеніміз – әр түрлі мультимедиалық
құралдардың бірігіп, бір оқиғаны баяндауға жұмылдырылуы. Мәтін
мультимедианың ең маңызды бөлігі – сараптаманы жеткізетін болса,
аудио мен видео адамның эмоциясын, оқиғаның шиеленіскен тұсын
жақсы жеткізе алады. Сондықтан да мультимедиа журналисі оқиғаны
баяндағанда қай құралды тиімді пайдалануға болатынын алдын ала
жоспарлағаны дұрыс.
Кейде оқиғаны жоспарлау қиындық тудырады, сол себепті
мультимедиа журналисі медианың барлық түрін әзірлеуге (мәтін жаза
білу, фото түсіру, видео түсіріп, монтаждау) дағдылануы тиіс. Ол өзімен
бірге камерасын, ноутбугын, диктофоны мен интернетке қосылатын
құрылғысын көтеріп жүретіндіктен, «дорба журналистикасы»
деген ұғым қалыптасқан. Бұл мультимедиа журналисі үнемі құрал-
саймандарын көтеріп жүретінін білдіреді.
Қорытындылай келе, конвергенция дегеніміз – әр түрлі
медианың немесе медиаинституттардың оқиғаны
қызықты, интерактивті баяндау үшін бір платформаға
тоғысуы деп түсінеміз. Интернеттегі әр түрлі медиа
түрімен оқиғаны баяндайтын журналисті мультиме-
диа журналисі деп танимыз. Мультимедиа журналисі
мәтін жазуды да, аудиофайлдарды жазып, өңдеуді де,
видео түсіріп, оны монтаждауды да меңгеруі тиіс.
21 >>
Конвергентті журналистика
Гүлім Әмірханова,
Мультимедиа саласының маманы,
журналистерге арналған best-app.ru сайтының жетекшісі
Әлеуметтік
желілер
мен
блогтар
дамып,
Интернет
қолданушысының өзі медиаға айналып жатқан заманда кәсіби
медиаға деген сұраныс артпақ. Себебі шынайы, тексерілген
ақпаратты кәсіби мамандар ұсынбақ. Бұл қазіргі әлеуметтік желі
мен медианың арасындағы басты айырмашылыққа айналып
отыр.
«Конвергенция
мультимедиа
сөзінің
баламасы
емес.
Конвергентті редакция мультимедиалы болып келеді. Бірақ
мультимедиалы редакцияға міндетті түрде конвергентті болу
шарт емес. Мультимедиалы редакция болу үшін барлық медиа
платформада ақпарат тарату міндет емес. Бар болғаны сайт
жасап, сол жерде мультимедиалы контент ұсынса жеткілікті.
Үлкен медиахолдингтер туралы айтар болсақ, ол жерде бірнеше
газет пен интернет порталдар бір-бірімен ынтымақтасуы мүмкін.
Бұл – конвергентті медиа. Конвергентті медиада мультимедиа
журналистері қызмет етеді.
Мультимедиа журналисі – әмбебап журналист дегеннің
синонимі емес. Себебі журналиске фото түсіріп, монтаж жасап,
инфографика сызуды шебер меңгеру шарт емес. Себебі бұл –
ұжымдық жұмыс. Журналист бар болғаны контентті түрлендіріп
беруден хабары болып, оны жасайтын техникалық мамандармен
түсіністікте жұмыс істей алуы тиіс.
ҮШІНШІ БӨЛІМ
Мультимедиа журналисіне арналған практикалық
кеңестер
Мультимедиаша ойлаудың маңызы
Мультимедиа журналисіне 9 кеңес
Радиодан Интернетке
Әлеуметтік желілердің зиянынан пайдасы көп
заман
24 >>
Үшінші бөлім
Мультимедиалық журналистиканы оқытқанда техникалық қырына
ғана тоқталу аздық етеді. Мультимедиалық форматта аналитикалық
өнім жасай алуға түрткі болатын мультимедиаша ойлануды
қалыптастыруға баулу аса өзекті. Фото немесе видеоға түсіру, оны
өңдеу мультимедиалық өнімнің маңызды бөлігінің бірі болғанымен,
қалай болғанда да маңыздысы емес.
Журналистің мультимедиаша сараптауы оқиғаны хабарлау үшін
алдын ала мультимедиалық алгоритмді (кем дегенде 2-3 нұсқасын)
қалыптастыра алуын білдіреді. Интернет қолданушыларға оқиғаны
түсінуге көмектесетін әр түлі тәсілдерді шебер меңгеруі тиіс.
Белгілі бір тақырыпқа арналған мультимедиалық сараптаманың (фото,
мәтін, аудио, инфографика) әр бөлігі бір-бірін толықтыра отырып,
аяқталған ойды білдіреді.
Журналистің қолына оқиғаның қысқаша мазмұнын баяндайтын
(анонс, пресс-релиз) ақпарат түсісімен, аналитикалық өнімді
Мультимедиаша
ойлаудың маңызы
Игорь Братцев,
MediaNet Халықаралық
журналистика орталығының
директоры
25 >>
Мультимедиалы журналиске арналған практикалық кеңестер
қандай мультимедиа құралдарымен дайындайтынын және бірнеше
жоспардың қайсысын қолданатынын алдын ала болжауы тиіс.
Мультимедиа пайдаланушының ақпаратты өз ыңғайына қарай
қабылдауына мүмкіндік береді. Нәтижесінде бүгінгі пайдаланушы
мәселені түсіну үшін неден бастау керектігін (видео, аудио, фото,
инфографика немесе мәтін) өзі шешеді. Кейін ақпарат оны қызықтыра
алса, мультимедианың өзге түрлеріне көшіп, нәтижесінде оқиғаны
немесе құбылысты тұтастай түсіне алады.
Сонымен аналитикалық өнімге қатысты мультимедиалық жұмыс әуелі
оқиғаға баға беруден басталады. Бұл арқылы журналист өнімнің қай
түрі қолайлы екенін (мәтін, видео, аудио, фото, инфографика және
т.с.с.) түсінеді.
Егер сараптамалық өнім бұрын ұзақ мәтіннен тұратын болса,
сараптаманы мультимедиаша дайындауда ұзақ мәтінді бірнеше
мультимедиалық бөліктерге жіктеу керек. Бір бөлігін мәтін күйінде
қалдырып, келесі бір бөлігін видео, фото, инфографикаға айналдыруға
болады. Нәтижесінде, сараптамалық сипатын сақтай отыра, ақпаратты
қабылдауда оқырманға еркіндік ұсынылады.
Яғни, пайдаланушы сараптамалық контентті қарауды өзіне ұнаған
мультимедиа түрінен (мәтін, видео, фото, графика) бастап, тақырыпқа
қатысты толық мәлімет алады.
Сол себептен мультимедиалық сараптаманың әр бөлігі қосымша
түсіндіруді қажет етпей өз алдына аяқталған ойдан тұруы тиіс.
Мультимедиалық өнімнің әр бөлігі өз алдына хабар тарата алуы үшін
мәтін, видео, фото, аудио, инфографикаға тақырып қойылып, қысқаша
хабарлама берілуі тиіс.
Әдетте журналистикада оқиға баяндалғанда жалқыдан жалпыға
өтіп сипатталады. Мәселен, болғалы тұрған оқиға туралы ақпарат
жұтаң болса немесе оқиға болмай тұрып, іштей бір жаңалықты өзіңіз
әзірлесеңіз, қандай мультимедиалық құралдардың көмегімен мәселені
ауқымды түсіндіруге болатынын ойластырасыз.
Түсініктірек болуы үшін жұмыс барысында қолдануыңыз мүмкін
мультимедианың негізгі түрлерін – видео, аудио, фото, инфографиканы
т.с.с. қарастырайық.
26 >>
Үшінші бөлім
1. ВИДЕО. Видео арқылы жасауға болатын мультимедиалық
Достарыңызбен бөлісу: |