20-тапсырма. Электролиттік диссоциация. Суда ерігенде немесе балқығанда электр тогын өткізетін заттар электролиттер деп аталады. Суда ерігенде немесе балқығанда электролиттердің иондарға ыдырауын диссоциялану үдерісі деп атайды.
Тапсырма. Түсіндіруге тырысыңыз ... 1. Кеуіп қалған
2. Автокөлік двигателіндегі толық емес жану неліктен қауіпті?
3. Дистилденген су электр тогын өткізбейді, ал су құбырдағы су өткізеді. Бұл нені білдіреді?
4. Ыстықта кеуіп қалған цементке су себеді немесе су өткізбейтін пленкамен жауып тастайды. Неліктен?
5. Неліктен тәттіні көп жеу бауырдың жұмыс істеуіне кері әсерін тигізеді?
6. Қайтакристалдау. Сынауыққа калийдің дихроматын К2Сr2О7 (0,5 г) салады және мыс сульфидінің CuSO4 бірнеше кристалдарын қосып, оған су (2 мл) құяды. Тұздар ерігенше қыздырады. Егер су қайнап, тұз ерімесе, – тағы да аздап су құйып, қайтадан қыздырады. Тұз ерігенде, ерітіндісі бар сынауықты салқындатады. Түзілген кристалдардың түсі қандай? Ерітіндінің түсі қандай?
Газды бөле отырып, аяғына дейін жүретін реакция теңдеуіне мысал келтіріңіздер. Бұл газ қалай аталады? Оның адам ағзасына әсері қандай?
Тұнба түзе отырып, аяғына дейін жүретін реакция теңдеуіне мысал келтіріңіздер. Өндірістің қай саласында бұл тұз қолданылады? Бұл тұздың адам ағзасына әсері қандай?
21-тапсырма. Неліктен Ганг өзені үнділер үшін қасиетті? Үндістанға келген туристер «қасиетті Гангтың»суына шомылулары қажет. Гангтың жағалауларында күн сайын мыңдаған адам жуынады, соған қарамастан бірде-бір жұқпалы ауру қоздырғыштары табылған емес. Бұл Ганг өзенінің сағасында таза күміс кендері орналасқан, өзеннің жағалауға жақын жерлерін Үндістанның ең ірі күміс кен орындары алып жатыр. Сондықтан да Ганг суларында бактерияға қарсы қасиетке ие күміс иондары табылады. Бактерияға қарсы қасиеті бар күміс ионының Ag+ электрондық формуласын құрастырыңыз.
2. Вьетнамдықтар неліктен топырақ жейді?
Солтүстік Вьетнамның кейбір провинциялары мен аудандарындағы базарларда топырақтың арнайы кесектерін «тағам» ретінде сатады.Топырақ үлгілеріне химиялық талдау жасалғанда темір мен марганецтің көп екендігі анықталған.
Темір атомының электрондық формуласын құрастыр.
Жауабы. 1s22s22p63s23p64s23d104p6 5s0 4d10.