12-тапсырма. Тазартылған алмалар, саңырауқұлақтар және кейбір жеміс-жидектер ауада қарая бастайды.
1-сұрақ.Неліктен тазартылған алма, саңырауқұлақ, картоп және т.б. жеміс-жидектер ауада қарая бастайды?
Жауабы. Саңырауқұлақтардың, жеміс-жидектердің құрамына биологиялық катализатор-ферменттердің қатысуымен ауада тотығып, қара түске боялған қосылыстар түзетін тұйық құрылымды әр түрлі органикалық заттар кіреді, сондықтан олар тез қараяды.
2-сұрақ. Бұл үдерісті қалайша тоқтатуға болады?
Жауабы. Органикалық қышқылдардың, оның ішінде лимон қышқылының қатысуымен тотығу үдерістері ақырындайды. Сондықтан, жаңа кесілген алманы сақтау үшін, кесілген жерін лимон шырынымен немесе лимон қышқылының ерітіндісімен ылғалдау қажет.
Тапсырма. Тазартылған алма, саңырауқұлақ, картоп және т.б. жеміс-жидектердің ауада қараю үдерісін болдырмаудың тағы да қандай жолдарын білесіз? Өз жауабыңыздың нұсқасын тұжырымдаңыз.
___________________________________________________________________________________________________________________________________
13-тапсырма. Сізге тоттың, сұйық майдың, кофенің, йодтың, сәбіз шырынының, шие шырынының, еттің дақтарын кетіру қажет делік. Сіздің қолыңызда бұрыш, тұз, кір жуғыш ұнтақ, ультракүлгін шам, тіс тазалайтын ұнтақ және бензин бар.
1-тапсырма. Әрбір дақты кетіру үшін сәйкес келетін қажетті керек-жарақтарды 1.3-кестеде көрсетіңіз.
1.3-кесте – Дақты кетіру жолдары
2-тапсырма. Қаламсаптың сиясынан пайда болған дақ кез келген киімнің сәнін кетіретіні сөзсіз. Мектеп оқушылары, мұғалімдер қаламсаппен күнде жұмыс істейді. Жұмыс барысында байқаусызда киімдеріне қаламсаппен сызық сызып немесе дақ түсіріп алады. Қаламсаптың сиясынан пайда болған дақты кетірудің қандай жолдарын білесіздер. Өз ұсынысыңызды жазыңыз.
____________________________________________________________________________________________________________________________________